Қазіргі заманғы компьтерлердің даму кезеңдерін айқындаңыз


Микропроцессорлық жүйенің негізгі түйіндерінің айырмашылықтарын талқылаңыз



бет84/96
Дата24.01.2022
өлшемі1,06 Mb.
#113888
түріПрограмма
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   96
Микропроцессорлық жүйенің негізгі түйіндерінің айырмашылықтарын талқылаңыз
Микропроцессорлық жүйелер (МПЖ) – есептеу, өлшеу-бақылау, басқару жүйелерінде және тұрмыстық техникада кеңінен қолданылатын, микропроцессорлар негізіндегі күрделі электрондық құрылымдардың жалпылама аталымы.

Микропроцессорлық жүйенің құрамына микропроцессормен қатар жады құрылымдары және информацияны енгізу/шығару құрылғылары (сыртқы құрылғылар) кіреді.

Микропроцессорлық жүйелердің (МПЖ) құрылым негізіне үш принцип алынған:

- модулдік;

- магистралдік;

- микробағдарламалы басқару.

Модулдік принцип жүйенің, қызметі жағынан толықтай бітірілген, жеке блоктар негізінде құрылатындығын сипаттайды. Әрбір модулдің, оны іске қосатын, рұқсат кірісі болады; ондағы сигнал деңгейі модулдің үшінші (жоғары кедергілі) жағдайын, яғни оның жүйе желісіне қосылу/қосылмауын басқарады.

Магистралдік принцип МПЖ-нің қызмет блоктарының арасындағы байланыс сипатын анықтайды; жүйенің барлық блогы өзара жүйелік магистраль (жүйе желісі) арқылы жалғанады және сол арқылы информация алмасады.

Микробағдарламалы басқару принципі жүйе бағдарламасын құруға пайдаланылатын командалардың әрбіреуінің қарапайым операциялар – микрокомандалар (информация жіберілімі, арифметикаық операциялар, ығыстырымдар және т.б.) арқылы жүзеге асырылу мүмкіндіктерін сипаттайды.

Микропроцессорлық жүйенің құрамына міндетті түрде енгізілетін негізгі түйіндеріне процессор, жады, енгізу/шығару құрылғылары жатады.

Процессор, микропроцессорлық жүйенің негізін қалаушы, яғни оның жұмысын басқарушы, басты буыны. Ол, әдетте, жеке микросхема түрінде (микропроцессор) немесе микросхеманың (мысалы, микроконтроллердің) құрама бөлігі ретінде шығарылады. Процессор микросхемасының сәйкесті желі топтарына біріктірілген үш түрлі шықпалары болады, олар: адрес желісі, дерек желісі және басқару желісі. Кейде, микросхеманың шықпа санын кеміту үшін, кейбір сигналдар мен желілер кезектестіріледі. Микропроцессорлық жүйенің жадысы деректер мен командалардың уақытша немесе тұрақты сақталуын қамтамасыз етеді. Жады көлемі жүйенің орындайтын алгоритмдерінің күрделілік шегін анықтайды. Жады модулдері жады микросхемаларының (тұрақты немесе өзгетілімді) негізінде құрылады.

Енгізу шығару құрылғыларының магистралмен информация ауысуы жадымен ауысу тәртібімен жүргізіледі. Бірақ жүйенің жады модулдері магистралмен және процессормен ғана информация ауыстырады, ал енгізу/шығару құрылғылары олармен қатар өзге сыртқы (цифрлық немесе аналогты) құрылғылармен де әрекеттеседі. Көбіне енгізу шығару құрылғылары ұштастыру құрылғылары, контроллерлер, кеңейту карталары, интерфейстік модулдер деп те атала береді. Енгізу шығару құрылғыларының қарапайым түрлерінде дерек кодтарын сыртқы құрылғыға жіберу немесе одан қабылдау параллель түрінде жүзеге асырылады. Бұндай енгізу шығару құрылғылары көбіне параллель енгізу шығару порттары деп аталады. Кіріс порты (енгізу порты) қарапайым жағдайда, процессордың сыртқы құрылғыға жіберген информациясы жазылатын, регистр түрінде болады. Шығыс порты (шығару порты), әдетте, процессордың сыртқы құрылғыдан жіберілген информацияны оқитын, бірбағытты буфер түрінде құрылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   96




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет