44
және Талас көне түркі ескерткіштерінің лексикасы» тақырыбында докторлық
диссертациясын қорғайды. Бұдан кейінгі А.Байтұрсынов
атындағы Тіл білімі
институтындағы ұзақ та өнімді еңбек жылдарында да осы түркітану, көне жазбалар
тақырыбында ауқымды зерттеу жұмыстарын жүргізді [3].
«Білге қаған ескерткішінің тілі», «Көне түркі жазуларынан мағлұматтар», «Көне түркі
жазба ескерткіштерінің тілі», «Орхон ескерткіштеріндегі көне түркі жазбалары», «Енисей,
Орхон, Талас бойындағы көне түркі жазба ескерткіштері бойынша жарияланған
әдебиеттердің библиографиялық көрсеткіші», «Орхон ескерткіштерінің тексі», «Көне ұйғыр
жазба ескерткіштерінің тілі», «Армян жазулы қыпшақ ескерткіштерінің тілі» атты еңбектері
табан аудармастан осы бағытта жасаған қажырлы еңбегінің дәлелі деуге болады.
Профессор Ғ.Айдаров 20-ға тарта зерттеу еңбектері мен 250-ден аса ғылыми-зерттеу
мақалалар жазып қалдырды. Орхон-Енисей жазуларын өз ана тіліндей жатқа оқыған ғалым
бұл еңбектерінде көне түркі жазуларының грамматикалық құрылысын, тілдік ерекшеліктерін
фонетикалық, лексикалық, морфологиялық, синтаксистік тұрғыдан терең талдау жасайды.
Күлтегін, Білге, Құтылық қаған, Мойын-Чор ескерткіштерінің мәтіндерін қазақшаға тұңғыш
рет толық аударады. Қазір күллі қазақ бабамыз деп тағзым ететін Күлтегіннің жеті жасында
жетім қалып, он алтыда қару асынып, ел қорғайтын, қырғыз, түркеш, қарлұқ, аздар мен
оғыздармен шайқасатын, қырық жасында қайтыс болғаны
туралы тастағы жазулар да
Ғ.Айдаровтың ерен еңбегінің арқасында кешегі күнгі қазақ әдебиетіндей болып осы күнге
жетті. Артында бай мұра қалдырған, Төныкөк пен Білге қағанның үнін бүгінге жеткізген
ғалым, Қазақ ССР және Түрікмен ССР-інің Халық ағарту ісінің үздігі, Ұлы Отан соғысының
ардагері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері.
Тарих белестерінде небір тар жол, тайғақ
кешуден өтіп, «мың өліп, мың тірілген» халқымыздың ұлттық тарихи жадын қайта
жаңғыртуға, тіліміздің түп-тұқиянын зерделеуге орасан зор еңбек сіңірген дегдар ғалым
Ғұбайдолла Айдаровтың артыңда қалған мол мұрасын ғылыми-әдіснамалық, ғылыми-
теориялық және оқу-практикалық тұрғыдан кешенді түрде қайта зерделей отырып, ұлттық
бірегейлігіміз бен тарихи жадымызы қалыптастыруымыз қажет. Жан-жағымыздан
анталаған толассыз ақпараттар ағынында жұтылып кетпеу үшін, бүгінгі өркениет мен
мәдениеттер көшінде өзіндік ұлттық орнымызды шегелей түсу үшін де осындай ұлт
зиялыларының тұлғалық болмысын, артындағы мол мұрасын келешек ұрпаққа жеткізіп,
санасына бекіту – азаматтық борышымыз.
ӘДЕБИЕТТЕР
1. Н.Назарбаев. «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы, «Егемен Қазақстан»
газеті, 12.04.2017 ж.
2. Ғ.Айдаров. Орхон ескерткіштерінің тексі. [Мәтін] / Айдаров, Ғұбайдолла,;
жауапты ред. Ш.С Сәтбаева. – Алматы : «Ғылым», 1990.
3.
Ғ.Айдаров. Көне түркі жазба ескерткіштерінің тілі (оқулық), А., 1986.
4.
Ғ.Айдаров. Көне ұйғыр жазба ескерткіштерінің тілі, А., 1991.
5.
Іңірбайұлы Есберген. «Түркі тілінің түпқиянына түрен салған ...»
«Ана тілі газеті», 31.10.20213 ж.
6.
Қыдырәлі Дархан. «Түркологияға түрен салған тарланбоз». Ғұбайдолла
Айдаровтың туғанына – 100 жыл. «Егемен Қазастан» газеті, 17.06.2021 ж.
6.
https://www.inform.kz/kz/turkitanushy-galym-g-aydarovtyn-tuganyna-90-zhyl-
toldy_a2387424
Достарыңызбен бөлісу: