Азықтың ауыз қуысында қорытылуы. Сілекейдің қасиеті


-жұмыс.  Жануардың энергия шығынын газ алмасу арқылы зерттеу



бет28/31
Дата04.02.2022
өлшемі1,43 Mb.
#130664
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31
Байланысты:
практикалық саб.5 физио

1-жұмыс.  Жануардың энергия шығынын газ алмасу арқылы зерттеу
Организмдегі энергиялық алмасу деңгейі физиологиялық процестердің шиеленісін көрсетеді және зат алмасудың интегралдық көрсеткіші болып табылады. Жануарлардан бөлінген энергия тікелей және жанама калориметрия әдісі арқылы жүргізіледі.
Тікелей калориметрия әдісі организмнен шығарылған барлық энергия, жылу бірлігі- джоульмен өлшеніп, аңықталады. Ол үшін жануарды арнайы калориметриялық камераға орналастырып, организмнен бөлінген барлық жылуды жинайды.
Жанама калориметриялық тәсілмен газ алмасуды зетртеуде дем алған оттегінің және дем шығарғандағы көмірқышқыл газының көлемінің анықтамасына негізделеді. Дем алғандағы оттегі көлемін анықтап және тыныс алу коэффициентін (CO2/О2 қатынасы) кесте арқылы белгілі уақыт аралығында энергия шығының анықтауға болады. Ұзақ зерттеулер бойы, сонымен қатар ұсақ малдарға газ алмасу тәжірибесі арнайы оқшауланған респираторлық камерада жүргізіледі. Қысқа мерзімді тәжірибе ауыл шаруашылық малдарына тыныс алу маскасы арқылы жүргізіледі.
Төмендегі берілген есептерді шығару үшін, алдын ала жануарлар түрған бөлмеде ауаны газдар құрамына тексеріп, содан кейін жануарлар дем шығарған кездегі ауаның құрамың тексереміз.
Содан соң, тапсырма бойынша;
1 Әдістемелікте берілген есептеу амалдары бойынша тыныс алу коэфицентін және қанша энергиалық шығын жұмсалатынын анықтау. Тыныс коэфиценті деп белгілі бір уақыт ішінде денеден бөлінген көмір қышқыл газының организм сінірген оттегіне көлем катынасын айтады.
Жұмысты бастар алдында, оқытушы студенттерді малдармен жұмыс істегенде және зертханада, техника қауіпсіздігін сақтау ережесімен таныстыру.
Жұмыс барысы: Тыныс алу маскасы және газдық қап көмегімен 3-5 минут арасында бұзаудың дем шығарған ауасын жинау. Жиналған ауаны газдық сағат арқылы сараптамадан өткізу. Ауа температурасын газдық сағат және барометрлік қысым арқылы тәжірибе өткізу кезінде өлшеу. Ауадан сынама алып газ қабылдағыштан және және ГХП-ЗМ газ анализаторында талдау. Сонымен қатар,тәжірибе жүргізілген мал қорасында да газдарды сараптау керек. Дем шығарған ауа көлемін бір қалыпты көлемге келтіру. Малдың тәуліктік тыныс алу коэффициентің және энергия шығындарын анықтау. Мысалы: 18 айлық зерттелетін бұқашық салмағы- 350 кг. Тыныштық күйінде 3 минут аралығындағы ауа сынамасы алынады.
Зерттеу кезіндегі ауа температурасы- 20˚.
Барометрлік қысым-750мм
Ауа құрамы дем алғандағы дем шығарғандағы
О2 20,7 17,1
СО2 0,07 3,6
N2 79.23 79,3
Газдық сағат арқылы дем шығарған ауа көлемі- 176л.
Бұл тәжірибе үшін газометрлік кесте қолданылады. Зертханалық жұмыстарда коэффициентті номограмма арқылы табады. Біздің жағдайда (ауа ылғалды) 176л көлемде коэффициентті көбейтеміз 0,91-ге, яғни 176*0,91=160,2 л.
Дем шығарғандағы ауа көлемі 1 мин тең 160,2:3=53,4л
СО2 дем шығарғандағы мөлшері
СО2 дем алғандағы мөлшері
СО2 1мин-та өндірілді 1,922-0,037=1,885л
О2 дем шығарғандағы мөлшері
О2 дем алғандағы мөлшері
О2 1 мин-та жұмсалды 11,053-9,131=1,922л
Тыныс коэффициентін анықтау (СО2/О2)

Cорылған О2 көрсеткіштерін және тыныс алу коэффициентінің көлемі арқылы малдың энергия шығындарын тәулік немесе сағат аралығында анықтау, дене салмағы, 1 кг масса және т.б кіреді. 5-кестеде жылу эквиваленті 1 л сорылған оттегі тыныс алу коэффицениетінде 0,98ды анықтау (жылу эквиваленті түрлі заттардың тотығуымен бірдей емес). Ол 21,027 кДж-ге тең.
Малдың энергиялық шығынын анықтау:
1мин-на 21,027*1,922= 40,414кДж
1сағ-на 40,414*60=2424,84кДж
1тәулігіне 2424,84*24=58196,16кДж
Тәулігіне 100 кг массаға 58196,16*3,5=16627,47кДж

Ұсақ малдардағы энергия шығындарын респирационды камера арқылы анықтайды (Н.В.Данилов бойынша). Ұсақ малдарда жабық респирационды камера ретінде эксикатор немесе шыны ыдыс қолданылады. Тышқандарға арналған камера штативке бекітілген алынып салынатын қаңылтыр түбі бар, ішіне устелшедегі жануар сыятындай шыны түтікше. Түтікше спирттегі манометрмен және 5 мл бюреткамен жалғасады, ал ол өз кезегінде қысым түтікшнсімен байланысады. Тәжірибе 2 кезеңнен тұрады: алдымен камерадағы жануар тыныс алғандағы ауа көлемінің өзгеруін анықтайды, сонан соң дем шығарғанда барлық көмірқышқыл газын химиялық байланыстырып және қолданған оттегінің мөлшерін есептейді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет