6-жұмыс. Зәр бөлу процесінің реттелуі. Питуитрин гормонынің зәр бөліну процесіне тигізетін әсерін бақылау. Питуитрин – гипофиздің артқы бөлігінен алынатын препарат. Оның құрамында вазопрессин немесе антидиуретин (АДГ) деген гормон болады. Ол бүйрек түтікшелерінен алғашқы зәр құрамындағы судың кері сорылуын жандандырады, сондықтан, зәр бөліну процесі тежеледі. Тәжірибе кезінде питуитрин егілген жануарларда (қоян немесе бақа) зәр екі есе аз бөлінеді.
Жұмыстың барысы.Салмақтары өлшенген екі қоянды (бақаны) үлкен шыны воронкаларға жеке-жеке отырғызады. Воронкаларды штативке көтеріп бекітіп, төменгі жағына өлшем цилиндрін қояды. Қояндардың құрсақ қуысына шприцпен 20 мл- ден дистильденген су жібереді (бақаларға 2 мл-ден) де, қоянның біреуіне тірі салмағының әрбір килограмына шаққанда 0,02 бірлік мөлшерде питуитрин гормонын егеді. 50-60 минуттан кейін екі қояннан (бақадан) бөлінген зәрдің мөлшерін анықтап, салыстырады. Питуитрин егілген қояннан зәр екі есе көп бөлінеді.