Зәрдің қышқылдығы = N * 0,00365*10 Бұл жерде: N-титрлеуге кеткен NaOH ерітіндісінің мөлшері (миллилитр есебінде), 0,00365- 0,1н NaOH ерітіндісінің, 1мл сәйкес тұз қышқылының граммен бейнеленген мөлшері.
- Зәрдің сілтілік көрсеткішін титрлеу амалымен анықтау. Стаканға 10 мл сүзілген зәр өлшеп, оған 3-4 тамшы ализарин- сульфонилқышқылды натрий ерітіндісін қосады да, оны 0,1н тұз қышқылы ерітіндісімен сары түс пайда болғанға дейін титрлейді. Зәрдің сілтілігін төмендегі формуламен есептеп шығарады:
Зәрдің сілтілігі ЗС = N*0,004*10.