Ішек қиындысының қимылын зерттеуге арналған қондырғы
Толқын тәрізді перистальтикалық жиырылу
Ішектің моторикасы-жиырылу түрлері
Бөлу жүйесінің физиологиясы. Бөлу дегеніміз бүйрек, тері бездері, өкпе, қарын және ішек қызметтерінің арқасында ағзадан зат алмасу өнімдерінің шығарылуы. Бұл процесте негізгі рөлді бүйрек атқарады. Бүйректің күрделі қызметі нәтижесінде зәр (несеп) пайда болады. Оның құрамында ағзадан зат алмасу процесінің соңғы өнімдері, негізінен азотты заттар – несепнәр (мочевина), несеп қышқылы, аммиак, креатинин, креатин бөлінеді. Зәрдің мөлшері мен құрамы әр түрлі жағдайларға байланысты өзгеріп отырады.
Зәр үздіксіз түзіледі. Нағыз зәр жинағыш түтікшелермен бүйрек астаушасына құйылады да, ол жиырылғанда зәрағарға өтеді. Зәрағар бойымен зәр секундына 2-3 см жылдамдықпен қуыққа айдалады. Қуықта зәр өзегі басталар жерде сақиналы ет талшықтары шоғырлана келіп, ішкі қысқыш құрайды да, шығар жолды жауып жатады. Зәр өзегінің ұзына бойында көлденең жолақ ет талшықтары орналасады, ол сыртқы қысқыш қызметін атқарады.
Зәр рефлекстік жолмен шығарылады. Қуықта зәрдің жиналуына байланысты ішкі қысқыш бұлшықеттері керіледі де, қысымның әсерімен қысқыш пен өзегінің кілегей қабығында орналасқан көптеген рецепторлар тітіркенеді. Пайда болған тітіркеніс орталықты тебетін жүйкелер арқылы жұлынның құйымшақ бөлігінде орналасқан зәр шығару орталығына беріледі. Орталықтан тебілген жүйке импульстері симпатикалық немесе парасимпатикалық жүйкелер арқылы қуық етінің, қуық қысқышының, зәр өзегі еттерінің жиырылуын реттейді.