Азықтың ауыз қуысында қорытылуы. Сілекейдің қасиеті


Өт құрамы және оның ас қорытудағы маңызы туралы зерттеулер



бет15/31
Дата04.02.2022
өлшемі1,43 Mb.
#130664
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   31
Байланысты:
практикалық саб.5 физио

Өт құрамы және оның ас қорытудағы маңызы туралы зерттеулер.


13-жұмыс. Өттің эмульгациялау қасиеттерін тексеру. Өт қышқылдары мен өт пигменттеріне реакциялар.
1) Өтт құрамындағы өт қышқылдарын анықтау үшін, сағаттық шыныны ақ қағаздың үстіне қойып, оған 2 тамшы өт пен 20% сахароза ерітіндісін тамызып, шыны таяқшамен араластырады. Содан кейін сағаттық шынының сұйықтық төңірегіне 3-4 тамшы күкірт қышқылын тамызады, екеуінің тоғысқан жерінде бастапқы кезде қызғалт, соңынан қызыл түске айналатын тұнба пайда болады. Бұл түсті күкірт қышқылы қатынасында фруктоза мен өт қышқылы әрекеттескенде пайда болатын оксиметилфруктоза береді.
2) Пробиркаға 2 мл азот және азотты қышқылдар дың қоспасын алып, оның үстіне пробирканы қисайта ұстап пипеткамен 1мл өт құяды. Екі сұйықтың жанасқан жерінде сары, қызыл, көк, жасыл, түсті сақиналар пайда болады. Бұл түстер өт пигменті - биллирубиннің тотығуының нәтижесінде пайда болады.
А) Өттің беттік-белсенді және эмульгаторлық әсері. Өт қасиеттерін зерттеп тану барысында, бірден түтік алып оның біріншісіне 5 мл дистильденген су, ал екіншісіне 5 мл өт құйылады. Скальпель ұшымен кішкентай мөлшерде күкірт ұнтағын екі түтікке себеді. Ұнтақ қай түтікке бірінші бататының бақылаңыздар.
Б) Бірінші түтікке 5 мл дистильденген су, екіншісіне 5 мл өт құйылады. Үстінен 0,5 мл өсімдік майынан құйып, жақсылап араластырады. Эмульсияның түзілуін бақылап отырыңыздар.
Екі түтікке қағаз сүлгілері бар воронкалар салады. Сүзгінің біреуін сумен, екіншісін өтпен ылғалдайды. Әр воронкаға 5 мл өсімдік майынан құйып, 30 минуттай сүзеді, уақыт өткен соң сүзу нәтижесін тексеріп, нәтиже шығарады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет