Азықтың ауыз қуысында қорытылуы. Сілекейдің қасиеті


-Ішек сөлінің ферменттік қасиеттерін зерттеу



бет17/31
Дата04.02.2022
өлшемі1,43 Mb.
#130664
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   31
Байланысты:
практикалық саб.5 физио

14-Ішек сөлінің ферменттік қасиеттерін зерттеу.
Қажетті құрал жабдықтар: Табиғи ішек сөлі, термостат, су моншасы, пробиркалар, штатив, пипеткалар, 3% - ды пептон ерітіндісі, 5 % -ды сахароза ерітіндісі, бром суы.
Жұмыстың барысы: 1) Ішек сөлінің белоктарға әсерін зерттеу. Номерленген 3 пробиркаға 2 мл. ішек сөлін құяды. Бірінші пробиркаға 2 мл. 3 % -ды пептон ерітіндісін, екінші пробиркаға қайнатылып, суытылған 2 мл. 3 % -ды пептон ерітіндісін қосады, үшінші пробиркаға фибрин салады.
Барлық пробиркаларды температурасы 40ºС су моншасына салып қояды. Уақыт өткен соң, әрбір пробиркаға 10 тамшыдан бромды су қосады.
Белок ыдыраған жағдайда, пробиркалардағы ерітінді қызғылт түске боялады.
2) Ішек сөлінің көмірсуларға әсерін анықтау үшін 2 пробиркаға 2 мл. ішек сөлін құяды: оның біреуіне 3 мл. 5 % -ды сахароза ерітіндісін, ал екіші пробиркадағы сөлді қайнатып, суытып 3 мл. 5 % -ды сахароза қосады. Екі пробирканы 30 минутқа, температурасы 38 - 40ºС термостатқа саламыз. Берілген уақыт өткен соң екі пробиркадағы ерітінділерге Троммер реакциясын жасайды да нәтижесін қорытындайды.


Қарын, ішек қимылдарын зерттеу.

Ас қорыту жолында азық тек қана химиялық өзгерістерге ұшырамай, күрделі механикалық өңдеуден өтеді. Ол шайналады, ұнтақталады, араласады, сығылады да ас қорыту жолымен жылжиды. Осы аталаған процестер ас қорыту жолында орналасқан ет талшықтарының әрекетімен жүзеге асады.


Қабылданған азықтың қарын мен ішекте араласып, жылжуы ас қорыту жолының қабырғасындағы бірыңғай салалы еттердің үйлесімді қимылымен байланысты. Қарын қабырғасында еттер үш бағытта: ұзынша, көлденең, қиғаш орналасады. Аш қарында еттердің жиырылуының салдарынан қарын қабырғасы қалыңдайды. Мал азық қабылданғанда рефлекторлы түрде қарын қабырғасының еттерінің тонусы төмендеп, ол созылады да, ол азықпен толады. Азық қабылданғаннан кейін қарын қимылы күшейеді. Бірақ аштық жағдайында да қарын мезгіл-мезгіл жиырылып отырады.
Қарын қимылы көбінесе баллонды - графикалық әдіспен зерттеледі. Ол үшін Басов әдісімен фистула орнатылған малдың қарынына баллон салып, оны жазғыш қондырғымен жалғастырады да, жүйеде белгілі деңгейде қысым туғызып (ауа үрлеу арқылы), қарын еттерінің жиырылуын жазып алады.
Жұмыстың мақсаты. Қарын қимылдарн зерттеу әдісін меңгеру, әр түлік малдардың қарын қимылдарындағы ерекшеліктерді анықтау.
Кажетті заттар мен құралдар. Қарнына фистула орнатылған ит, қой, кимограф, станок, ұштармақпен жалғасқан резеңке түтікшелер, марей капсуласы, жазғыш бұйым, жылы су, қарынды жуып-шаятын ерітінділер мен құралдар.
Жұмыстың барысы. Қарынында фистуласы бар аш итті (16 – 18 сағат тамақ берілмеген) станокқа байлап, жылы сумен (35 – 35º С) қарынды жуады. 10-15 минуттан кейін ұшында арнаулы резеңке баллоны бар дренажды түтікше өткен тығынмен фистуланы тығыздап жабады да, түтікті ұштармақ арқылы су маномері мен қосылған Марей капсуласымен жалғастырады.
Ұштармақ арқылы қарындағы баллонды желмен үрлеп толтырады. Осыдан кейін қарын еттерінің жиырылуы ауа арқылы Марей капсуласына беріледі де, оған бекітілген қаламы бар рычагты қозғалтып, қарын қимылын жазып алуға мүмкіндік береді.
Тәжірибе кезінде жазылған қисық сызықтардың бейнесін дәптерге түсіріп, олардың ерекшеліктеріне талдау жасау керек.

Ит қарнына орнатылған балон





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет