Азықтың ауыз қуысында қорытылуы. Сілекейдің қасиеті



бет16/31
Дата04.02.2022
өлшемі1,43 Mb.
#130664
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   31
Байланысты:
практикалық саб.5 физио

Өт қабы

12-елі ішек

Өтің жалпы өзек жолы

Өт қабының өзегі

Өт өзегінің қарынға келіп түсетін жері.
Ұйқы безінің секреторлық қызметтері мен сөлінің ферменттік белсенділігін зерттеу.


Жұмыстың барысы. Зерттеуді ұйқы безінің өзегі сыртқа шығарылған, немесе анастомаз жасалынған малдарға (ит, шошқа, бұзау) жүргізеді.
Аш малды станокқа байлайды. Анастомозды ажыратады. Конюлаға сауытша іліп ұйқы безінің сөлін жинайды. Әрбір 10 минут сайын аралығында бөлінген сөл мөлшерінде анықтайды
1. Ұйқы безінің шартты рефлеторлық қозуын анықтау үшін малға 5 минут бойын азық көрсетіп, бөлінген сөл мөлшерде 10 минут бойына 3-4 рет анықтайды.
2. Ұйқы безінің секроторлық аппарытының ауыз қуысындағы дәм сезу рецепторларының әсерінен қозуын анықтайды.
Тәжірибе жасау барысында, алдын ала 6 пробирканы номерлеп, әрқайсысына 2. мл. ұйқы безі сөлін құяды. 1- пробиркаға ет кесіндісі –фибрин салады; 2-пробиркаға фибрин, тек сөлді алдын – ала спиртовка арқылы қайнатады; 3-пробиркадағы сөлге қышқыл қосып, қышқылдығын артырып барып фибрин қосады; 4-пробиркаға 2 мл. пісірілген крахмал қосады; 5-пробиркаға шикі крахмал қосады, ал 6-пробиркадағы сөлді қайнатып, суытып, 2 мл. пісірілген крахмал қосады. Қайнатылған сөлде ферменттер өз белсенділігінен арылады .


Барлық пробиркаларды 30 минутқа термостатқа немесе температурасы 38-40º су моншасына салып қояды. Уақыт өкен соң, барлық пробиркаларды алып суытады, пробирка ішіндегі ыдырау өнімдерінің табиғатын зерттеп анықтау мақсатында келесі тәжірибе жалғасын жасайды.
1,2,3- пробиркаларға бром суын қосады. Егер ерітінді көкшіл – қызыл түске боялса, онда белок ыдырауынан, амин қышқылы триптофанның бар екендігі, ал түсі өзгермеуі фибриннің ыдырамағанын көрсетеді.
4,5,6- пробиркаларға 1-2 тамшы Люголь ерітіндісін қосқан кезде пайда болған көк түс крахмалдың бар екендігін дәлелдейді. Бұл тәжірибе, ұйқы безі сөлінің белоктарға, көмірсуларға тигізетін ферменттік әсерін бейнелейді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет