Физиологиялық қалыпта күйістілердің ас қорыту жүйесі белгілі бір уақыт аралығында жиырылып отырады, мес қарынның бір тәулікте жиырылу қимылын сол жақ аш бүйірді тыңдау, сипалау (пальпация) арқылы зерттейді және арнайы аспап – руминограф көмегімен қимылдарын жазып алады. Жазып алынған руминограмма сипатына қарай, мес қарының жиырылу күшін, ырғағын анықтайды.