Азықтың ауыз қуысында қорытылуы. Сілекейдің қасиеті


Қарын сөлінің қышқылдығын анықтау



бет10/31
Дата04.02.2022
өлшемі1,43 Mb.
#130664
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   31
Байланысты:
практикалық саб.5 физио

Қарын сөлінің қышқылдығын анықтау.
Жұмыс барысы: Қарын сөлі құрамындағы тұз қышқылын анықтау үшін, шыны сауытшаға 5 мл. сөл және 2 тамшы 0,5 % диметиламидоазобензол индикаторын құяды. Сарғылт түс пайда болғанға дейін 0,1н. NaOH ерітіндісімен титрлейді.Еркін күйдегі HCl мөлшерін келесі формула арқылы анықтайды: Еркін HCl = Х * 20 * 0,00365
Бұл жерде: Х – титрлеуге кеткен 0,1н. NaOH ерітіндісінің мөлшері; 0,00365-0,1н. HCl ерітіндісінің 1 миллилитріріндегі салмақ мөлшері.
Қосылыстағы HCl ерітіндісінің мөлшерін анықтау үшін жаңағы шыны сауытшада титірленген сұйыққа тағы 2 тамшы 1% фенолфталеиін индакторын қосып, тұрақты қызыл түс пайда болғанша титрлейді. Сұйықтықты титрлеуге кеткен NaOH мөлшерін 20-ға көбейтіп, байланысқан HCl мөлшерін анықтайды. Осы екі көрсеткіш жалпы қарын сөлінің қышқылдылығын сипаттайды.


Күйістілердің ас қорыту ерекшеліктері.


Күйіс малдарының қарыны төрт бөлімнен құралған: мес қарын, жұмыршақ, қатпаршақ және ұлтабар. Алғашқы үш бөлімді алдыңғы (қосалқы) қарын, ал ұлтабарды – нағыз (шын) қарын деп атайды. Себебі, тек ұлтабарда ғана сөл бөлінеді. Алдыңғы қарындарда сөл түзілмейді де, ас қорыту микроағзалардың әсерімен жүріп, әр түрлі ыдырау заттар (ұшпалы май қышқылдары, аммиак, амин қышқылдары) пайда болады. Күйіс қайыратын малдың мес қарнында микроағзалардың үш түрі кездеседі:
1) қарапайымдар;
2) бактериялар;
3) уақ саңырауқұлақтар.
Мес қарында мекендейтін микроорганизмдер ортадан, ал төлдерге бастапқы кездері сүт, 5-6 айлықтарында жем - шөп арқылы түседі. Бұл қарапайымдар қарын бөліктерінде бөліну арқылы жылдам көбейіп жының бір миллилитрінде инфузориялар саны бірнеше миллиардқа жетеді.
Микроорганизмдер өз мұқтаждығы үшін азық құрамындағы белокты ғана пайдаланып қоймай, сонымен қатар, клетчатканы ыдырататын, қарындағы клетчатканың қорытылуын нашарлатады.
9- жұмыс. Мес қарындағы инфузориялар қозғалыстарын бақылау.
Жұмыс барысы:  Мес қарындағы инфузориялар қозғалыстарын микроскоп арқылы бақылайды. Мес қарыннан сілекемен шыланған азық сынамасын фистула қойылған малдан алады.
Пипеткамен жапқыш шыныға мес қарынның сығындысының 1 тамшы сұйығын тамызып, ортасында арнаулы ойығы бар «сағаттық» шыныны алып, ойыстың төңірегіне вазелин майын жағып екі шыныны бір - біріне жапсырып төсеніш шынысын тез аударып алады. Осы кезде, тамшы болса ойыстың ортасында салбырап тұрады, бүл «ілінген тамшы» әдісі деп аталады. Тамшы құрамындағы инфузориялардың қозғаулуларын микроскоптың кіші немесе орта ұлғайтқышы арқылы бақылайды.

Жануар бұйірін кесіп, қатпаршақ рецепторларын ұлтабар арқылы тітіркендіру. Осы амал бойынша, жынды, мес қарынды кесіп- тесу арқылы алуға болады





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет