Жұмыс барысы: Муцинды анықтау жұмысты жасар алдында, арнайы өлшемдік белгілері бар, таза, стерильды пробиркаларға 2мл. деңгейінде сілекей құямыз, оған 0,5 мл. сірке қышқылынын қосамыз да 1-2 рет сілкіп-шайқап жібереміз. Пробиркаларды күн сәулесіне қараған кезде ақшыл қоймалжын түсті тұнба – муцин түскенін көреміз. Жасалған жұмысты қорытындылаймыз.
Сілекей құрамында амилолитикалық ферменттердің қасиеттерін анықтау.
Жұмыс барысы: Бұл тәжірибеде 4 пробиркаға адам не жануарлардан алынған сілекейді 1 мл. көлемінде құяды.
1-ші пробиркаға 2 мл. таза сілекей; 2- ші пробиркаға 2 мл. алдын ала қайнатылған сілекей; 3-ші пробиркаға 2 мл. таза сілекей мен 2-3 тамшы 1% НСl; 4-ші пробиркаға 2 мл. таза сілекей мен аз мөлшерде крахмал ұнтағы. Бробиркаларды температурасы 38º С термостатта 25-30 минут ұстайды. Уақыт өткен соң, термостаттан алынған пробиркаларды суытып, ішіндегі сұйықтықты тең мөлшерде екі пробиркаға бөліп алады.
1-ші пробиркаға Люголь ерітіндісін қосып крахмалға деген реакцияны тексереді, осы кезде ерітінді көк түске боялса, бұл крахмалдың ыдырамағандығын білдіреді, ал ерітіндінің екінші жартысымен қантқа арналған Троммер реакциясын қояды.
Троммер реакциясы. Пробиркадағы сүйықтық деңгейінің жарты мөлшеріндей 10 % NaOH ерітіндісін құяды да, ашық көк түс пада болғанынша, тамшылатып 1 % CuSO4 ерітіндісін қосады да, қайнағанша спиртовкамен қыздырады. Осы кезде, сары түсті мыс гидраты –CuOH, қыздыруды жалғастырсақ тұңба қызыл түске боялады.
5.3 Азықтың бір камералы қарында қорытылуы.
Қарында ас қорыту процесі қарын бездері бөлетін сөлдің әсерімен жүреді. Қарын сөлі қарын қабырғасындағы түтікше бездерде түзіледі. Қарынның қабығында үш түрлі секреторлық жасушалар кездеседі. Олар негізгі, қосымша және торлама (көмкерме).
Негізгі жасушалар қарын түбі пен пилоруста орналасады, олар фермент (пепсиноген мен реннин) бөледі.
Қосымша жасушалар қарынның кардиалық және пилорус бөліктерінде орын тебеді, олар шырыш бөледі.
Көмкерме жасушалар қарын түбінде ғана болады, олар тұз қышқылын бөледі.
Қарын сөлі құрамында белоктар, полипептидтер, мукопротеидтер, несепнәр, несеп қышқылы, амин қышқылдары түрінде органикалық және натрий, калий, магний, НСО3-, НРО4-2, SО42 - иондар түрінде бейорганикалық заттар және белоктар мен майларды ыдырататын ферменттер болады. Белокты ыдырататын ферменттер тобына пепсин, катепсин, реннин (химозин) жатады.
Пепсин өсімдік белоктарына да, жануарлар белоктарына да әсер етеді. Ол ароматты амин қышқылдарының (фенилаланин, триптофан, тирозин) карбоксил тобының пептидті байланыстарын өте тез ыдыратады да, басқа амин қышқылдарына баяу әсер етеді. Оның әрекетінен полипептидтер, кіші молекулалы пептидтер, амин қышқылдары түзіледі. Қышқылдық деңгейі төмендесе (рН 3-тен жоғарылағанда) қарында белоктардың ыдырауы қиындайды.
Достарыңызбен бөлісу: |