4-жұмыс.Зәрдің құрамындағы кетон денелерін анықтау.Жануарлар организмінде зат алмасу процесі бұзылған кезде кетон заттары - оксимайлары, ацетосірке қышқылдары атты қосылыстар жоғары концентрация күйінде жиналып, ацетонге айналып организмді улайды. Кетон заттарға оксимайлы, ацетосірке қышқылдар және ацетон деген органикалық қосылыстар жатады. Оксимайлы және ацетосірке қышқылдары қалыпты зат алмасу процесіне СО2 және Н2О дейін ыдырайды. Зат алмасу процесі бұзылған кезде олар жоғары концентрация күйінде жиналып, ацетонге айналады. Кетонды денелер өте улы заттар. Зәрдің құрамында бұл заттар табылса, ол зат алмасу бұзылуының белгісі деп есептелінеді. Қан мен зәрдегі кетон денелердің мөлшері бірден көбейеді (70-200мг %-ге дейін).
Тәжірибеге клиникалық кетоз белгілері бар жануардың зәрін пайдаланады. Тәжірибе жасар алдында Лестраде реактивін дайындайды - 0,1 нитропируссид натрийін, + 20,2 г күкірт қышқылды аммоний, + 20,2 ұсақ ұнтақталған сусыз карбонат кальцийі) және заттық шыны, көзге арналған пипеткалар.
Жұмыс барысы: Заттық шыныға 50-70 г. Лестраде реактивін себеді. Реактивтің үстіне пипетка көмегімен зерттелетін зәрдің бір тамшысын тамызады. Реакция оң нәтижелі болса алқызыл түстен қою күлгін түске дейін өзгереді. Қызғылт түске өзгерсе кетоз болғандығын дәлелдейді.
Келесі әдіс,кетон (ацетон) денелерін тексеру үшін Росса реактивін қолдануға болады (1г натрийдің нитропруссит және 99г. аммонийдің сульфат заттарын фарфор жалпақтау ыдысқа салып, келімен мұқият түрде ұсақтайды да, ұнтақталған түрінде араластырып, қоспаны қара шыны сауытта сақтайды). Шыны түтікшелеоге 1 г Росса реактивті, 5 мл несепті және бір неше кристалл NaOH салып, араластырады да 5 минутке қалдырады. Содан кейін өзгерген түсіне қарай отырып, Адлер ұсынған әдістеме бойынша тәжірибенің нәтижесін бағалайды ( бір +, екі++, +++, ++++, +++++).
20-кесте. Адлер әдістемесі бойынша зәрдің сапасын бағалау