1199 ж. Минамато-Еритомо үйінің басшысы өлгеннен кейін жесірі
Ходзе Такимаса билікке келді. 1219 ж. Минамато – Санэтомо үйінің соңғы
сегуны өлтірілді. Басқару Минамато үйіне жақын Ходзе үйіне берілді, оның
шексіз билігі ХІҮ ғ. алғашқы ширегіне дейін созылды.
Минамато мен Ходзе ұрпақтары арасындағы билікке таласты
император пайдаланды. 1219 ж. экс-император Готоба қарулы көтеріліс
жасады. Бұл Жапония тарихында «Секю жылының дүрбелеңі» аталды.
Билікке келген Екю 1219-1221 жж. елді басқарды. Бүлікші сарай
ақсүйектерінің 600-ден астам иеліктері тәркіленіп, Ходзе үйі арасында
бөліске түсті. 1221 ж. бастап Ходзе император сарайына бақылауды
күшейтті, көтерілістердің алдын алу мақсатында Киотода ерекше өкілетті –
резиденция құрды. Камакура үкіметінің мемлекеттік аппараты сегунның
тікелей вассалдарынан құралды. Камакура сегунаты самурайлар мен
ақсүйектерге, будда дін басыларына сүйенді.
ХІІ ғ. аяғы мен ХШ ғ. басында жер феодалдық үйлердің пайдасына
қайта бөлінді. Минамато үйі Тайра үйінің иеліктерін тәркілеп, жақтастарына
арнаулы грамота (гогэбун) түрінде үлестік жер («тигети» - ұсақ үлестік жер)
таратты. Шаруаларды қанаудың түрлері өзгерді. Барщинамен (жұмыспен
өтеу) бірге азық-түлік рентасы (натуралды оброк) да қатар жүрді. Күріш және
мақта өнімінің 40% -дан 60%-ға дейінгі үлесі алынды. Шаруалар бекіністер
мен құрылыстар салу, әртүрлі алым-салықтар төлеу т.б. қосымша
міндеткерліктер атқарды. Сондай-ақ, оларды самурай жасақтары мен жаяу
әскерде қызмет етуге мәжбүрлеп отырды.
1232 ж. император бүлігін басқаннан кейін (Киотоны Ходзе әскері
басып алғаннан кейін) реформатор Ходзе Ясутоки «Дзеэй жылдарының
заңын» шығарды. Ол ұсақ жер иеліктерін ұстаушы ақсүйектерді нығайтуды
көздеді.
Ортағасырлық
Жапонияда
азаматтық,
қылмыстық
және
процессуалды кодекстер шықты. Заң баптарында көбінесе феодалдардың
қарсылықтары мен қастандығын жазалау, жерді күштеп тартып алу
мәселелері қаралды. Феодалдарға көтерілістерді басып тастауға шексіз құқық
берілді. Мұрагерлік тәртібі анықталды.
Достарыңызбен бөлісу: