Азия ж2не африка елдерінің орта ғасырлар тарихы кіріспе жаңа дәуірде Батыс Еуропа тарихнамасында Еуропа тарихын зерттеу негізінде пайда болған «орта ғасырлар»


Қытайда моңғолдар билігінің орнауы



Pdf көрінісі
бет54/91
Дата23.01.2023
өлшемі1,06 Mb.
#166143
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   91
Байланысты:
offiwiz file
52f2c08ebdb648f8760745b28d06d0f6
Қытайда моңғолдар билігінің орнауы. 
1211 жылы ақпанда Солтүстік 
Қытайға монғол әскерлері басып кірді. Чжурчжендер келісімге келуге 
шақырды. Жақсы қоршалған қалалар қамалын бұзуды меңгермеген Шыңғыс 


хан әскері біраз қиыншылықтарға ұшырады. Сол себепті монғолдар келісімге 
көнді. Бірақ көп ұзамай 1215 жылы олар уәдесін бұзып, Пекинді басып алды. 
Жалпы, монғолдардың Қытайды жаулап алуы үш кезеңнен тұрады. 
1211-1216 жж. аралығын қамтыған бірінші кезең Шыңғыс ханның тікелей 
қатысуымен жүрді. 1216 жылы Қытайдағы соғысты ары қарай жалғастыру 
үшін өзінің серіктерінің бірі Мұқалиді қалдырып, Шыңғыс хан Монғолияға 
қайтып кетеді. Монғолдардың Солтүстік Қытайдағы 15 жылған созылған 
соғысы (бірінші кезең) монғолдарға қоршауды ұйымдастыру мен таспен ату 
техникасын игеруді және мықты бекіністі қалаларды алуды үйретті. Бұл 
оларға батыс бағытындағы жорықтары кезінде көп көмектескен болатын.
Шыңғыс хан батыс жорығында жүргенде, оның Солтүстік Қытайдағы 
наместнигі Мұқали Цзинь империясымен соғысты жалғастыра берді. 
Монғолдар Цзинь империясының халқынан құралған әскери жасақтарды 
кеңінен қолданды. Соғыстың бұл кезеңінде монғолдар елді тек тонаумен 
айналыспай, жауланып алынған территорияны игеруді де бастады. 
«Жорықтағы првинциялық басқарма» пайда болды.
Монғолдардың Цзинь империясымен соғыста тез-ақ табыстарға жетуі 
империяның ішкі әлсіздігімен де байланысты болды. Цзинь державасы 
жергілікті халықты, яғни қытайлықтарды қанауға негізделген мемлекет еді. 
Оңтүстік Сун үкіметі монғолдарды Цзиньмен күрестегі одақтас ретінде 
қабылдады. Бұл әсіресе соғыстың екінші кезеңінде айқын көрініс тапты. Бұл 
кезең монғолдардың 1227 жылы Батыс Ся патшалығын біржолата басып 
алуымен басталды. Дәл осы жылы монғолдар Шандунь түбегіне де бекінген 
болатын. 1230-1233 жылдары монғолдар Ляодунды толықтай өздеріне 
қаратады. 1233 жылы монғол әскерлері Хуанхэ өзенінен өтіп, Қайфынды 
қоршауға алады. Цзинь үкіметі Цайчжоуға (Жунань) көшіп үлгереді. Алайда, 
келесі жылы бұл соңғы астана монғолдар мен Оңтүстік Сун біріккен 
әскерінің тегеурінімен құлайды. Цзинь империясы өмір сүруін тоқтатады. 
Алайда Оңтүстік Сунның Хуанхэ өзенінен оңтүстікке жатқан жерлерді өзіне 
қосып алу әрекеті бұрынғы одақтастары тарапынан қарсылыққа ұшырады. 
Сонымен, 1234 жылы монғолдардың Солтүстік Қытайды жаулап алуының 
аяқталуымен соғыстың екінші кезеңі де аяқталды.
1235 жылдың аяғынан бастап монғолдар мен Сун империясы 
арасындағы тұрақты соғыс әрекеттері басталып кетті. Бұл монғолдардың 
Қытайды жаулап алу соғыстарының үшінші кезеңінің басталуы еді.1236-1237 
жж. жаулаушылар әскері Шаньси, Сычуань, Хубэй, Хэнаннің оңтүстік 
бөліктеріне баса-көктеп кірді. Алайда ХІІІ ғасырдың 40-шы жылдары 
шапқыншылықтар сирей бастайды. Бұл тыныштық уақыты Ұлы хан болып 
жарияланған Мөңкенің өз тылыны нығайту әрекеттерімен байланысты 
болды. Оңтүстік Сунға жаңа соққы беруге дайындала жүріп монғолдар 1252-
1253 жж. Дали мемлекетін талқандап, 1257 жылы Вьетнамға басып кірді. 
Осыдан кейін ғана, яғни 1258 жылы Сунға қарсы шабуыл басталды. Көптеген 
Қытай қалалары мен армия қатты қарсылық көрсетті. Монғол империясының 
Ұлы ханы Мөңке (1208-1259) 1259 жылғы Оңтүстік Қытайды бағындыру 
жолындағы шайқастардың бірінде қайтыс болды. Монғол жоғарғы билеуші 


топтарының арасында билік үшін күрес басталды, сондықтан да олар алым 
алу шартымен Сунмен келісім жасап, Оңтүстік Қытайдан кетуді ұйғарды.
1260 жылы Ұлы хан тағына Қубылай (1260-1294) отырды. Ол 1264 жылы 
астананы Дадуға (Пекин) көшірді. 1271 жылы 18 желтоқсанда Құбылай 
қытайша Дай Юань деген атақ алып, Юань әулетінің негізін қалады. Оңтүстік 
Қытайды жаулап алу 1279 жылы аяқталды. Бірақ көптеген қытай отрядтары 
қарсыласуларын тоқтатпады, оларды сун ақсүйегі Вэнь Тяньсян басқарды. 
Ол өзінің барлық мал-мүлкін әскер жасақтауға жұмсады. Бірақ моңғолдар 
бұл қарсылықты 1280 жылы толық басып тастады.
Құбылай 
Юань 
империясының 
әкімшілік 
басқару 
жүйесін 
орнықтыруда қытай үлгісін басшылыққа алды. Сонымен бірге сол кездегі 
саяси жағдайды көрсететін ерекшеліктер де сақталды. Пекинмен бірге, 
теңқұқылы астаналар ретінде Қарақорым мен Шанду (кейінірек - Кайпин) 
болды. Ең жоғарғы үкімет органы чжуншушэн (Император хатшылығы) 
болды, ол алғаш рет Сун империясында, Қытайда ҮІІ ғасырдан бері келе 
жатқан үш үкімет палатасының орнына келген болатын. Алайда Ұлы хан 
Қарақорымда болуға тиіс болғандықтан бұл орын бос болды. Ал 
хатшылықты іс жүзінде басқару аға канцлердің қолында болды. 
Императордың жанынан шенеуніктерді бақылап отыру үшін «Әскери кеңес», 
«Цензорат» құрылды. Хатшылыққа бұрынғысынша алты ведомство бағынды. 
Ел территориясы 11 провинцияға бөлінді, оларды жергілікті хатшылық 
басқарды. Монғолдар қытай халқын діни, ұлттық ерекшелігіне қарай 4 
категорияға бөлді: монғолдар; «жатжерліктер»; солтүстік-қытайлық 
чжурчжэндер мен қидандар; оңтүстік қытайлықтар. Қытай халқының 
теңсіздігі заңмен бекітілді. Мемлекеттік қызметке бастапқы екі категория 
мен әртүрлі еуропалықтар тартылды. Ең жоғарғы лауазымды қызметтерде 
әрине монғолдардың өзі болды. Мемлекеттік қызметке көптеп тартылған 
екінші категорияның қатарында, негізінен, Орталық және Алдыңғы Азиядан 
шыққандар болды. Құбылайдың кезінде жоғары лауазымды қызметте 
венециандық көпес Марко Моло (1254-1323) 17 жыл болған. Жергілікті 
қытайлықтар қосымша қызметтерге тартылды, көбінесе, бастықтардың 
«көмекшілері» ретінде пайдаланылды. Емтихандар жүйесі тек 1314 жылы 
ғана әрекет ете бастады. Бұл жүйе монғолдарға және мұсылман елдерінен 
шыққандарға басымдық беріп отырды.
Дегенмен, монғолдар билікке жергілікті қытай феодалдарын тарту 
керектігін түсінді. Басқару ісіне қосымша солтүстік-қытайлық чжурчжэндер 
мен қидандар тартылды. Қидандардың ұрпағы Елюй Чуцай (1190-1244) 
Шыңғыс хан, Үгедей және Құбылайдың кеңесшісі қызметін атқарды. 
Әкімшілік жүйенің бірте-бірте қытайлануы қытай шенеуніктерін басқаруға 
көптеп тартуға мәжбүр етті. 
Құбылай билігі тұсында ауыл шаруашылығы саласында біраз шаралар 
жүзеге асырылды. Астанада «Ауыл шарушылығының Бас Басқармасы», ал 
провинцияларда - басқарманың жергілікті органдары құрылды. 1271 ж. 
«Ауыл шаруашылық қауымдары туралы Ереже» қабылданды. Ол Ереже 
бойынша әр 50 отбасынан тұратын қауымдар құрылды. Оларды ауыл 


шаруашылығы жұмыстарынан тәжірибесі мол ақсақалдар арасынан 
сайланатын староста басқарды. Олардың басты міндеті - салықтың көп және 
уақтылы жиналуын қамтамасыз ету болды. Монғол ақсүйектері 
мүмкіндігінше көп жерлерді шаруаларымен бірге басып алуға, сөйтіп ол 
жерлерден неғұрлым көбірек табыс табуға тырысты.
Сонымен, монғол және қытай феодалдарының жер иеліктері 
шаруалардың жерден айырылуы есебінен ұлғайып отырды. Өңделетін жердің 
80% солардың қолында болды. Солтүстік және Орталық Қытайды жаулап алу 
кезінде келген адамдардың едәуір бөлігі цюйкоу - құлдарға («қуылғандар») 
айналды.
Монғолдар тұсында салық жүйесі күрделі, әрі ала-құла болды. 
Халықтан алынатын салық тұрған жері, ұлттық, діни және таптық-
сословиелік ерекшелігіне қарай жүргізілді. Юаньдық кезеңде салық 
номенклатурасының 70-ке жуық атауы болған. Салық мөлшері ХШ ғ. 
аяғымен салыстырғанда 20 есеге өсті. Буддалық, мұсылмандық, 
несториандық дін басылары мемлекеттік міндеткерліктен босатылды. 
Керісінше конфуцилік ғалымдар мен қытай көпестері салық төледі.
Қытай шаруаларына ауыр салықтар салынды. Шаруалар үшін әсіресе 
жылқы салығы ауыр болды. Жылқы ауыл шаруашылығы жұмыстарындағы 
басты күш көлігі болатын. Монғолдар жергілікті халықтан жылқыны көп 
жинап алуға күш салды. Себебі жылқы әскер үшін, соғыс үшін қажет болды. 
Сөйтіп, ауыл шаруашылығы ауыр күйзеліске ұшырады. Шаруа 
шаруашылығына ер адамдарды майдандағы қара жұмыстарға көптеп айдап 
әкетіп отыру да зор зиян келтірді. Жалпы он адамнан бір адам алынуға тиіс 
болатын, бірақ іс жүзінде монғолдар қанша адам алғысы келсе, сонша адам 
алып отырды. Шаруалардың тұрмыс жағдайы шектен тыс ауырлап кетті. 
Будда храмдары мен монастырларының жерлеріне бұрынғысынша салық 
салынбады. Шаруалар аз қаналу үмітімен өз жерлерімен будда шіркеулерінің 
қарамағына өтіп кетуге тырысты. Сөйтіп, шіркеу феодалдары байи түсті. 
Сондықтан да 1327 ж. монғол өкіметі монастырлардың шаруалар жерлерін 
сатып алуына тыйым салған жарлық шығарды. 
Қолөнері мен сауда бірлестіктерінің онан әрі өсе түсуін монғол 
басқыншылығы тежей алмады. Марко Полоның (ХІІІ ғ. Венециандық 
саяхатшы) дерегі бойынша Ханчжоуда 15 сауда-қолөнер бірлестігі болған. 
Оның әрқайсысы өз қоластына өте көп үйлерді біріктірді. Монғолдар билігі 
кезінде бұл бірлестіктер бұрынғыдан әлдеқайда көп еркіндіктер алып, онан 
әрі нығая түсті. Қолөнершілер мен саудагерлер басқыншыларға 
тауарларының едәуір бөлігін тегін беруге мәжбүр болды. Кейін натуралды 
салық ақшамен ауыстырылды. Қолөнершілер мен саудагерлерге салынатын 
салықтың мөлшері олардың мүліктерінің мөлшеріне байланысты болды. 
Монғолдар салықты бірлестікке салатын, ал бірлестік ол салықты өз 
мүшелерінен өндіріп беретін.
Қытайды жекелеген аудандарды басқаратын әскер басшылары талан-
таражға салды. Жергілікті жерді басқаратын монғолдық әскербасы 
заңдармен, тіпті ұлы ханның жарлықтарымен де есептеспеді. Мұндай 


қанаудың күшеюі, талан-тараждар қаражат саласына да зиянын тигізді. 
Құбылай бастапқыда металл ақша шығарған жоқ, айналымға қағаз ақша 
жіберіп, олардың құнын әр түрлі жарлықтар күшімен сақтап қалуға тырысты. 
Бірақ бірте-бірте ол жарлықтар орындалмай, қолдан жасалған ақша көбейіп 
кетті. ХШ ғ. 60 жылдарымен салыстырғанда 1296 ж. айналымдағы қағаз ақша 
он екі есе, 1312 ж. жиырма бес есе көбейді. Елде инфляция белең алды, яғни
ақша құнсызданып кетті. Тауарлар қымбаттап, халықтың қайыршылануы 
күшейді.
Монғолдардың Қытай жазуын, тілін өзгерту әрекеті сәтсіздікке 
ұшырады. 1281 жылы Құбылай даос кітаптарын отқа жағу туралы жарлық 
шығарды. Ол будда дінінің толық үстемдігін көздеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   91




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет