барлық билік орындарына өз адамдарын отырғызды. Сондықтан да билікте
бір-бірімен жауласушы топтар пайда болды. Мысалы: Шандуньдік, Хунань-
Хубэйлік, сарай ішіндегі «тақуа» және әтектер топтары т.б. Мин әулеті
билігінің аяғына қарай әтектер саны 100 мыңға жетті. Олар тек сарайда ғана
емес, провинцияларда да жоғарғы, пайдалы қызметтерге ие болды, мысалы,
губернаторлар, қала әкімдері, әскербасы, сарай инспекторлары т.т. солардың
қолында болды.
Кикілжіңдер мен жанжалдар XVI ғ. ұлыстық (провинциялық)
билеушілердің «кіші сарайларын» да қамтыды. Ғасырдың басында
провинция аристократиясы мен үкімет арасында да қарулы қақтығыс орын
алды. Көптеген провинция билеушілері өз аймағында ойларына келгенді
істеді. Олар орталықтан тағайындалған шенеуліктерді орнынан алып,
өздеріне жақпағандарды түрмелерге жапты, өлім жазасына кесті, халықты
тонап, шексіз қанауға ұшыратты.
Армияда да іріп-шіру тенденциясы байқалды. Жауынгерлер мен
әскербасыларын асырау тәсілі ретінде ұйымдастырылған әскери қоныстар
жүйесі XVI ғ. аяғында-ақ бұл жерлердің армия басшыларының жеке
меншігіне өтіп кетуіне байланысты жойылған болатын. Көптеген әскери
қонысшылар өз участоктарын тастап жан-жаққа қашты. Нәтижесінде үкімет
әскерді жалдауға мәжбүр болды. Жалдамалы әскердің пайда болуымен
армияның жауынгерлік қабілеті төмендеп кетті. Бұл XVI ғ. алғашқы
жылдары жиілеп кеткен монғол шапқыншылықтарына (Даян ханның монғол
тайпаларын біріктіруінен кейін) Қытай әскерінің тойтарыс бере алмауынан
айқын көрінеді. Әсіресе айтарлықтай монғол шапқыншылықтары 1532 ж.
және 1546 ж. болды. Бұл шайқастарда Қытай әскерлерінің монғолдардан
Ордосты қайтарып алуға тырысуынан ештеңе шықпады.
XVI ғ. теңіз межелерінде тиімсіз жағдай қалыптасты. Бұл жерде 20-
жылдардың басында қарақшылармен және контрабандалық саудамен күрес
күшейді. Бұл саудада жапондықтар белсенді рөл атқарған болатын.
Қарақшылыққа қарсы қанша күрес жүргізілгенімен одан еш нәтиже
шықпады. Қарақшы кемелері Янцзы өзенімен Нанкинге дейін жетті. Тек XVI
ғ. 60-жж. ғана олардың тегеурініне тойтарыс берілді.
Достарыңызбен бөлісу: