Азия ж2не африка елдерінің орта ғасырлар тарихы кіріспе жаңа дәуірде Батыс Еуропа тарихнамасында Еуропа тарихын зерттеу негізінде пайда болған «орта ғасырлар»


Еуропалықтардың Қытайға ене бастауы



Pdf көрінісі
бет63/91
Дата23.01.2023
өлшемі1,06 Mb.
#166143
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   91
Байланысты:
offiwiz file
52f2c08ebdb648f8760745b28d06d0f6
Еуропалықтардың Қытайға ене бастауы. 
Осындай күрделі жағдайда 
Батыс Еуропа теңізшілерінің, саудагерлері мен отаршыларының Қытайға 
теңіз жолын ашуы мен Қытайды игеруі басталды. 1516 ж. Қытайдың 
жағалауына Португалияға қызмет етіп жүрген итальяндық Рафаэль 
Перестреллоның кемесі жетеді. Келесі жылы Фернан д’Андраденің 
португалдық кемелері және алғашқы португал елшісі Томе Пиреш келіп, 
Пекинге аттанды. Португалдықтар Қытайдан фактория ашпақшы болды. 
Келіссөздерден еш нәтиже шықпағандықтан португалдықтар мен Қытай 
арасында қарулы қақтығыстар орын алды. XVI ғ. 40-жж. португалдықтар 
Нинбо маңынан сауба базасын ашуға қол жеткізді, бұл жерге колонистер 
келіп орналасты. Бірақ 1549 ж. олар бұл жерден Чжу Ванның күш 
жұмсауымен ығыстырылды. Қақтығыстар мен теке-тірестер 1557 ж. дейін 


жалғасты. Осы жылы португалдықтар жергілікті билеушілерді сатып алу 
жолымен Макао қаласы мен портын өз қолына алады. 
XVII ғ. басында солтүстік шекарада жаңа қауіп туындады, бұл жолы 
қауіп төндірген манчжур тайпалар одағы болды. 1618 ж. манчжур ханы 
Нурхацы соғыс бастап бұл соғыста қытайлықтар бірқатар жеңілістерге 
ұшырады, Ляо мен Маньжурияның оңтүстігіндегі бірқатар жерлерінен 
айырылды. Бірақ олар маньжурлардың тікелей Қытай жеріне қарай жылжуын 
тоқтатты.
ХҮІІ ғ. 20-жылдары Қытай жағалауына оңтүстік Тайваньды басып алған 
голландықтар келеді, бірақ континентке кіре алмайды. Дәл осы кезде 
Гуанчжоу тұсында ағылшындар пайда болды. Сауда жүргізу құқығын алу 
мақсатымен олар Хумендегі қытай бекіністерін атқылады. 1603 ж. және 1639 
ж. Филиппинде орнығып алған испан конкистадорлары қытайлықтардың 
қырғынын ұйымдастырды. Мин үкіметі олардың құқықтарын қорғаудан бас 
тартты. 
1618 ж. Пекинге томскілік казак Иван Петлин басқарған орыс миссиясы 
келді. Ресейге әкелген Қытайдың сарай хатында елшілік пен сауда орнату 
ұсыныстары айтылған болатын. XVI ғ. аяғында Қытайда әр түрлі елден 
келген христиан миссионерлері орныға бастады. Өздерінің тікелей 
міндеттерімен бірге олар елшілік қызметті қатар атқарды, еуропалықтардың 
Қытайға енуіне ықпал етті. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   91




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет