ДАМЫҒАН ОРТА ҒАСЫРЛАРДАҒЫ ҮНДІСТАН
Саяси дамуы.
Үндістанның ортағасырлық саяси құрылымында ерте
дүниедегі Маурий, Кушан империялары тәрізді империялар болған жоқ.
Гупталар дәуірінен бастап оған тек арийлік солтүстік пен дравидтік оңтүстік
болып бөліну ғана тән болып қойған жоқ, сонымен бірге бұл аймақтардың өз
ішінде үнемі саяси биліктің тұрақсыздығы, бірнеше әлсіз саяси
құрылымдардың өзара қырқыс күрестері және қатар өмір сүруі тән болды.
Бұл нағыз феодалдық бытыраңқылық кезеңі еді.
Оның үстіне V-VI ғғ. межесінде Солтүстік-Батыс Үндістанға көшпелі
және жартылай көшпелі ақ ғұндар – эфталит және гурджар тайпалары
шапқыншылық жасап, мұның өзі кезінде Гупта империясының ыдырауына
алып келген болатын. Синд, Раджастан, Гуджарат, Малва жерлерінде
қоныстана отырып бұл жауынгер тайпалар жергілікті халықпен
ассимиляцияға түсіп, жаңа этносаяси біртұтастық – раджпуттар кастасы
құрылған болатын.
VII-VIII ғғ. өн бойында раджпут князьдері Гуджарадтағы өз жағдайын
нығайтып қана қойған жоқ, сонымен бірге араб шапқыншылықтарына да
тойтарыс бере алды. Соның нәтижесінде арабтар 712 жылы тек Синд жерін
ғана алумен шектелуге мәжбүр болды. Гуджараттың Пратихар мемлекеті
бірте-бірте солт. Үндістанның көпшілік жнрін өзіне қосып алып, Солтүстік
Үндістандағы екінші ірі мемлекет Паллдар мемлекетімен үздіксіз соғыс
жүргізді.
X-XI ғғ. Махмұд Ғазнауи бастаған мұсылмандар Пратихарлар
мемлекетіне сәтті жорық жасап, Солтүстік Үндістанның үлкен бөлігін басып
алып, көп байлықты өзімен ала кетті. Бұл жорықтың нәтижесінде Ғазнауилік
сұлтанатқа Инд өзені аңғарының бір бөлігі қосылды және Пратихар
мемлекеті ұсақ князьдіктерге бөлініп кетті. Бұл князьдіктер осы кезде
күшейіп келе жатқан Оңтүстік Үндістан мемлекеттерімен соғыстар жүргізіп
отырды.
XI ғ. ортасында басталған Араб халифатының шығыс аудандарына
селжүктердің шапқыншылығы олардың Ғазна әмірлерімен қақтығысына
алып келген болатын, соның нәтижесінде ғазнауиттердің Үндістанға қатысты
белсенділігі біржолата тоқтатылды. Тек XII ғ. 70-жылдары Газнадағы билік
Гуридтергдің қолына көшкеннен кейін, бұл әулетте Үндістанға жорықтарын
бастаған болатын. Атап айтқанда, Мұхаммед Гури Джамна мен Ганг өзенінің
аңғарларын жаулауға кірісті. Оның қолбасшыларының бірі гулям Кутб ад-
дин Айбек 1206 жылы Гуридтердің Үндістандағы иеліктерінің сұлтанымын
деп жариялады, ол Делиді өз астанасы етті. Сөйтіп Дели сұлтанаты атты
мұсылман мемлекеті осылайша пайда болды (1206-1526).
Моңғол әскерлерінің Солтүстік Үндістанға жасаған үздік-үздік
жорықтары елді жаулап алуға әкелмеді. Алайда монғолдардың Орта Азияда
және иранда билік орнатуы және олардың Үндістанға шапқыншылық жасау
қаупінің тоқтамауы бұл жерде XIII ғ. басында Дели сұлтандығында негізгі
күштердің топтасуында үлкен рөл атқарды.
Солтүстік Үндістандағы саяси ахуал да Дели билеушісінің билігінің
тұрақтануына қолайлы жағдай туғызды. Өзара жауласып отырған раджпут
князьдері күшейіп отырған Дели сұлтанатына қарсы тұра алмады. Кутб ад-
диннің басты тірегі - оның әскері болды. XIII ғ. тарихшысы Фахр и-
Мураббирдің
көрсетуі
бойынша
ол
түріктерден,
гурлардан,
хорасанадықтардан, хилжалардан тұрды. Сондай-ақ Сұлтанат әскерінің
қатарында үндістердің де болғанын осы автор көрсетеді. Алайда әскердің
жоғарғы бөлігі сұлтан сарайының мәліктері мен қызметшілері – таза қанды
түріктер мен ақсүйек тәжіктер болды. Оларды өзіне қарату үшін сұлтан көп
сыйлар үлестіріп отырған екен, сол үшін ол Лакх-бакш (лакх – жүз мың) деп
аталып кетеді.
Сұлтанаттың ресми діні ислам болды. Бұл дін Үндістанға VII ғ екінші
жартысында алғаш ене бастаған болатын. Дінді таратушылар Таяу және Орта
Шығыстан келген мұсылман көпестері болды.
Бастапқыда Омейадтар қолбасшысы Мұхаммед ибн Қасымның ал
кейінірек исмаилиттердің Синдті жаулап алуы Үндістанға исламның
айтарлықтай тарауына ықпал еткен болатын. Бұған Махмұд Ғазнауидің
жаулаушылықтары да айтарлықтай ықпал етті. Оның мемлекетіне Пенджаб
кірген еді.
Солтүстік Үндістандағы мұсылмандардың саны XII-XIII ғғ. басында
Мұхаммед Гури жаулаушылықтары дәуірінде, әсіресе Дели сұлтандығының
құрылуын кейіннен айтарлықтай өсті. Исламның пұтқа табынушылықты
жеңуінің символы ретінде Делиде Кутбад-дин алып жұма мешітін соқтырды.
Ол Кувват ул–ислам (Ислам қуаты) деп аталды. Бұл үнді-мұсылман
стиліндегі ең алғашқы сәулет құрылысы еді.
Мұсылман дінінің шарттарына сәйкес мұсылман билеушілерінің
міндеті соғыс әлемін (дар ул-харб), яғни мұсылман емес әлемді бейбітшілік
мекеніне (дар ус-салам), немесе мұсылман әлеміне айналдыру болды. Тек
христиандар мен иудейлерге, яғни Қасиетті Кітап түскен қауымдарға ғана
мұсылман мемлкетінің билігін мойындап, харадж бен джизья салығын
төлеген жағдайда өз дінін сақтауға рұқсат етілді. Ал пұтқа табынушылар,
көпқұдайшылар, соның ішінде үндістер өз дінін тастап, мұсылмандықа өтуге
тиіс болды.
Кутб уд-дин Айбек үндістердің мың храмын қиратып, олардың орнына
мешіттер салғызды. Дели сұлтандары тұсында буддизм діні Үндістаннан
толық ығыстырылды, ХІІІ ғ. Үндістандағы соңғы буддисткік моноситырь
жабылды. Алайда көреген саясаткерлер ретінде мұсылман билеушілері өз
әлеуметтік базасын кеңейтуге де ұмтылды. Үндістанда төрт сунниттік
мазхабтың ішіндегі діни төзімділікті қолдайтын ханафиттік мазхабты
жақтаушылар көп болды. Исламға күштеп өткізу өте сирек, көбіне жергілікті
феодалдарға қатысты ғана орын алды, олардың жаулаушылар дінін
қабылдауы өздерінің бағыныштылығын мойындауының символы болды.
Сонымен бірге ол жергілікті феодалдардың жоғарғы шендерді алу, әскердегі
немесе аппараттағы табысты қызметтерге қол жеткізу жолы болды. Тайпалар
мен кішкентай халықтар өз ата-баба дінін сақтап, олардың көсемдері мен
билеушілерінің мұсылмандықты қабылдауы осы жағдаймен байланысты
болды.
Алайда ислам қоғамның төменгі топтары арасына да кең тарады. Бүкіл
діндерге кіргендерді қауымның тең құқылы мүшелері деп жариялаған
исламды қабылдау арқылы үнді төменгі касталарының өкілдері сословиелік-
касталық қанаудан құтыламыз деп үміттенді. Ислам олардың арасында ерікті
түрде тарап, исламға шын берілген адамдар шықты. Халықтың кең
бұқарасының арасында ортодоксалды ислам ғана емес, суфизм мен
сектанттық ислам да тарады.
Ең шеткері шииттік секта - исмаилиттер Синдте IX ғ бірінші
жартысында
пайда
болды.
Ал-Аштан
(Бахрейн)
қашып
келген
исмаилиттердің бір бөлігі Мултанда орнықты. Өз кезінде М. Ғазнауи
Мултаннан кармат билеушісін қуып, қаланы мұсылмандықты қабылдаған
үндіс Сукхпалға берген болатын.
Үндістанда суфизм кең қанат жаяды. Суфизмнің Үндістандағы ең
алғаш уағызшысы Дата Гандж Бахш болды, ол Лахорға әмір Масуд
Ғазнауидің армиясымен келген болатын. Сопылардың сухравердие ордені
таза аристократтардың ұйымы болса, керісінше чиштие ордені көбіне халық
арасында кең қолдау тапты.
Кутб уд-дин мұсылмандарға қолдан келгенше жақсылық жасаған
қайырымды билеуші болған көрінеді. Фахр уд-диннің еңбегінен
көретініміздей ол Пенджаб мұсылмандарынан харадж алуды жойып, тек
ұшыр немесе жарты ұшыр, яғни егіннің 10/1-н немесе оның да жартысын
енгізген екен. Кейінірек ислам тараған сайын, мұсылмандар мен мұсылман
еместер арасындағы салықтағы айырмашылық жойылады. 1210 жылы Хутб
уд-дин чоуган (ат үстіндегі доп ойыны) ойынын ойнап жүргенде аттан құлап
қайтыс болды. Түрік шонжарлары оның орнына оның гулям-құлы, Бадаун
ауданының билеушісі Шамс уд-дин Илтутмышты қояды (1210-1236).
Дели сұлтандығы тарихының деректерін толықтай бізге жеткізген
автор Минхадж ибн Сирадж уд-дин Джузджанидің көрсетуі бойынша Шамс
уд-динннің жүргізген ұзақ соғыстары Сұлтанат шектеріп кеңейте түседі.
Оның құрамына Лахор, Уч, Мултан аймақтары кірді. Бұл жерлер Кутб уд-
диннің тұсында Мұхаммед Гуридің бұрынғы қолбасшысы Насыр уд-дин
Кубачидің қоластында болды. Илтутмыш түрік-хилджалардан Бихар мен
Бенгалияны тартып алуға ұмтылды. 1225 жылы оның әскері Бенгалиядағы
хилжалар астанасы - Лакхнаутиге баса көктеп кіріп, оларды алым төлеуге
көндірді.
1232 жылы Шамс уд-дин Гвалиурды, ал екі жыл өткеннен кейін Бхилсу
мен Уджжаинды бағындырды. Бұдан кейін Рантхамбхор, Мевар, Джалар
раджпуттік князьдіктері бағындырылды.
Шамс уд-динннің әскери жорықтары феодал шонжарлардың
топтасуына, сұлтан билігінің күшеюіне алып келді. Оның тұсында Делидің
атағы Үндістанның шегінен шығып, бүкіл мұсылман әлеміне тарады. 1229
жылы Дели сұлтаны инвеститура қабылдады – яғни оның билігін Бағдад
Халифы заңдастырды. Илтутмыш қайтыс болған соң оның қолбасшы-
гулямдары арасында (малики шамси) алауыздықтар, өзара теке-тірестер
басталды. Олардың үздіксіз бәсекелестігінің салдарынан мемлекетте анархия
орын алды. Шамс-уд-Дин қайтыс болғаннан кейінгі 10 жыл ішінде төрт
билеуші ауысты.
1246 ж. Делидегі сұлтан тағына Илтутмыштың кіші ұлы Наср уд-дин
Махмуд отырды. Оның 1265 жылға дейін, яғни ұзақ билік құруының себебі,
ол тек номиналды билікпен қанағаттанды, ал іс жүзіндегі билік, оның регенті
- гулямдарының бірі, ең ықпалды әмір Гийас уд-дин Балбанның қолында
болды. Гийас уд-Дин Балбанның регенттігі мен билігі дәуірі (1265-1287)
сұлтан билігін нығайту және қуатты түрік феодалдарын бағындыру
жолындағы күреспен өтті.
ХІІІ ғ. аяғында түріктік шамси және балбани мәліктерінің Дели
сұлтанатындағы басымдық жолындағы күресі олардың күшін кемітті. Саяси
аренаға әскери-феодалдың жаңа тобы – түрік хилжалар шықты. Осы топтың
басында тұрған Джалал уд-Дин 1290 ж. Дели сұлтаны тағына отырды. Бұл
хилжа әулетінің билігінің бастауы болды. 1292 ж. хилжалар Хулагудың
Абдулла басқарған моңғол әскерлеріне тойтарыс берді. Алайда 1296 ж.
Джалал уд-динді өз немере інісі әрі күйеу баласы Ала уд-дин Хилжа
опасыздықпен өлтіріп, тақты басып алады. Әмірлердің күшін топтастыру
мақсатымен ол жаулаушылық саясатын жүргізеді. 1297 ж. Гуджарат, бай
сауда орталығы Камбей, Альхивара қалалары алынады.
ХІІІ ғ. аяғы – XIV ғ. басында моңғол шапқыншылықтары жиілеп кетеді.
1297-98 ж. Лахор ауданында 100 мыңдық әскер баса көктеп кіреді. Келесі
жылы 200 мың моңғол әскері Индтен өтіп астанаға жақындап келді. Ала уд-
дин Делидің маңында моңғолдармен шайқасқа түсті. Моңғолдар шегінуге
мәжбүр болады. Бұдан кейін де моңғолдар бірнеше дүркін жорықтар жасап,
оның бәрін де Дели мұсылмандары қайтара алды.
Моңғолдармен күрес барысында Ала уд-дин армияның қуатын
арттыруға бағытталған шаралар іске асырып, бұл оған өз иеліктерін Виндхья
тауынан оңтүстікке қарай жатқан территориялар есебінен кеңейтуге
мүмкіндік туғызады. 1307-1311 жж. аралығында Ала уд-диннің қолбасшысы,
ислам дінін қабылдаған үндіс Мәлік Кафур бүкіл оңтүстік Үндістанды
толықтай сұлтандыққа қаратты. Алайда бұл иеліктер Сұлтанаттың тек
жоғарғы билігін таныған, алым төлеп тұратын вассалдық бағыныштылықта
болатын. Ала уд-дин «Екінші Ескендір» (Ұлы жаулаушы) деген аттаққа ие
болды. Алайда сұлтандықтың тікелей қол астына тек солтүстік Үндістанның
үлкен бөлігі қарады.
Халқы әр түрлі дінді ұстайтын, этникалық жағдайы ала-құла елде Ала
уд-дин (1296-1316) мемлекетте орталық билікті нығайту мақсатында
мұсылмандарға да үндістерге де ортақ ерекше бір дін жасауға тырысты. Өзін
жаңа діннің негізін салушы, пайғамбар ретінде көрсетті. Оның тұсында,
сондай-ақ аграрлық салада да реформа жүргізілді. Харадждың мөлшері
астықтың жартысы деңгейінде бекітілді. Дели мен Доаб аймағында хараджды
натуралды түрде салу шарты енгізілді. Сұлтан өз маңындағыларға той-
мерекелер жасауға, шарап ішуге, сұлтанның рұқсатынсыз өзара некеге тұруға
тыйым салды, мұның бәрі шонжарлар тарапынан мүмкін болатын бүліктер
мен жанжалдарды болдырмау мақсатымен жасалды.
Орталық өкіметті нығайтуды көздейтін тағы бір маңызды шара иктаны
ақшалай ақымен ауыстыру болды. Әскерді ақшалай қамтамасыз ету үшін
оларға қажет тауарларға бағаны қымбаттатпай, ұстап тұру талап етілді. Осы
мақсатпен бидай, арпа, қант, май, маталар, сондай-ақ жылқы мен құлдарға
бағаны реттеу іске асырылды. Арнайы қызметкер – базар бақылаушысы атты
әскерімен базарларды аралап, аталған тауарлардың бекітілген бағадан
қымбатқа сатылмауын қадағалап отырды.
Алайда сұлтан қайтыс болғаннан кейін оның жасаған реформалары
жалғасын таппады, керісінше, оның ұлы Кутб уд-дин Мүбарак шах (1316-
1320) өз билігін әкесінің барлық реформаларын жоюдан бастады. Мүбарак
шахтың билігі ұзаққа созылған жоқ. Оны қолбасшыларының бірі, исламды
ұстанған үндіс Хосроу-хан өлтірді. Хосроу-хан да билікті қолда ұстап тұра
алмады. Түрік әскери феодалдарының Дебалбул Мәлік шах бастаған бір тобы
оның әскерін тас-талқан етіп жеңеді. Тоғлақтар әулетінен шыққан Дебалбур
таққа Гийас уд-дин Тоғлақ (1320-1325) деген атпен отырады, сөйтіп
Тұғлақтар әулеті билігінің негізін салады. Бұл әулеттің өкілдері XV
ғасырдың басына дейін билікте отырады.
Достарыңызбен бөлісу: |