шайқаста көтерілісшілер талқандалды. 1624-1625 жж. Карабахта армян және
әзербайжан шаруаларының көтерілісі болды. Оны Мехлу-баба (немесе
Мехлу-вардапед) басқарды. Өз сөзінде ол дін басыларының байлыққа бой
ұрғандығын сынады, халықты арам, әрі бұзылған дін қызметкерлеріне
ештеңе бермеуге шақырды. Ол адамдардың бәрі тең болған кезді дәріптеді.
Мехлу-баба Армениядан қуылды. Осындай көтерілістер, басқа да жоғарыда
көрсетілген Иран қоғамына тән қайшылықты үрдістермен ұштаса келе
Сефевилер мемлекетін әлсіретті.
Достарыңызбен бөлісу: