айтқанда елде саяси дағдарыс орын алды.
Алайда Осман империясы ол
дәуірде әлі де болса Аққойлылар мемлекетінің иеліктерін жұтып қоюға
шамасы жете қоймаған болатын.
Сефевилер дәл осы қым-қуат дәуірде тарих сахнасына шықты. Бұл,
XIV ғасырдың басында негізі қаланған Сефевие дәруіштік орденінің басында
тұрған, мұрагерлікпен билік етуші шейхтер еді. Орденнің негізін қалаушы
шейх
Сефи ад-Дин, Иранның Ардебиль ауданынан шыққан ұсақ феодал
болатын. Ерте сефевилердің этникалық тегін түркіленген ирандықтардың
қатарына жатқызуға болады. ХҮ ғ. сефевилерге көшпелі түріктердің шамлу,
румлу, ұсташы, текелі, афшар, зұлқадар тайпалары қосылып әскери күшін
арттырды.
Сефевилердің исламның шииттер бағытын
қолдауы кейінгі уақытқа
жатады, бастапқыда олар суниттік бағытты ұстанған болатын. XV ғасырдан
бастап олар шииттердің имамиттік бағыты қолдайтын он екі имамның
құрметіне бастарына он екі қызыл жолағы бар сәлде таға бастады, сондықтан
да қызылбастар деген атауға ие болды. Олар сефевие шейхына рухани
көсемдері
ретінде бағынды, ал өздерін шейхтың муридтері (шәкірттері,
қызметшілері) санады. Қызылбастардың құрамы шығу тегі бойынша болсын,
ұйымдасуы бойынша болсын ала-құла болып келді. Қызылбастар ежелгі
түрік дәстүрлерінен бастау алатын жекелеген тайпалық негізде ұйымдасты,
бірақ бұл тайпалар
таза қандық-туыстық емес, көбіне территориялық
бірлестіктер болды. ХҮ ғ. екінші жартысынан бастап сефевие ордені бейбіт
дәруіш бауырластығынан жауынгер рухани-рыцарлық орденге айналды.
Сефевие шейхтері батыстағы ХІ-ХІІ ғғ. крестшілер сияқты, «дін
тазалығы
үшін күрес» деген желеумен мұсылман емес халықтарға (грузиндер,
черкестер, гректер) шапқыншылықтар жасап отырды.
Достарыңызбен бөлісу: