Азия ж2не африка елдерінің орта ғасырлар тарихы кіріспе жаңа дәуірде Батыс Еуропа тарихнамасында Еуропа тарихын зерттеу негізінде пайда болған «орта ғасырлар»


Ұлы Моғолдар державасының экономикалық дамуы



Pdf көрінісі
бет75/91
Дата23.01.2023
өлшемі1,06 Mb.
#166143
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   91
Байланысты:
offiwiz file

Ұлы Моғолдар державасының экономикалық дамуы. 
Моғолдар 
державасының құрамына кірген жерлерде феодалдық қырқысулар тоқтап, 
ішкі кеден салықтары жеңілдеді. Сөйтіп, егіншілік пен сауда-саттық үшін 
қолайлы жағдайлар жасалды. Сауда әсіресе 1572–1573 жж. Таяу және қиыр 
шығыстың көптеген елдерімен теңіз саудасын қызу жүргізетін бай 


Гуджаратты порттарымен қоса жаулап алған соң айтарлықтай жандана түсті. 
Құрғақта үстемдік құра тұрып, моғолдар теңізде дәрменсіздік көрсетті, 
сөйтіп олар Үнді мүхитының суларында португалдықтардың қожайындық 
етуімен келісуге мәжбүр болды. Португалдықтарды Гуджараттың, бүкіл 
Малабар жағалауының ірі порты Суратқа кіре берістегі 
ұялары Диу мен Даманнан қуып шығу әрекеті моғолдар үшін сәтсіз 
аяқталды. 
Үндістанның едәуір бөлігінің Моғолдар державасының құрамында 
саяси бірігуі, мемлекеттік басқару ісінің орталықтандырылуы, салық рентаны 
жинауды реттеу жөніндегі шаралар елдің экономикасының дамуына қолайлы 
жағдайлар туғызды. Ортағасырлық Үндістанда қолөнерінің егіншіліктен 
бөлінуі Еуропа мен Азияның көптеген феодалдық елдеріндегіге қарағанда 
өте баяу қарқынмен жүрді. ХVІ ғасырда Үндістанда халқының саны көп 
қалалар қатары онан әрі өсе түсті. Бұрынғы байлардың бекініс мекені (замок) 
типтес қалалармен қатар жаңа қалалар – сауда-қолөнер орталықтары 
қалыптасып, көбейе түсті. Бұл қалалар бұйымдарын рынок талабын 
қанағаттандыру үшін шығарып отырды. Рынок сұранысының өсуі Моғолдар 
державасындағы қала мен деревня арасындағы еңбек бөлінісінің жоғары 
дәрежеге жеткендігінің белгісі болды. Үндістанның әртүрлі облыстарының 
арасындағы экономикалық байланыстардың дамығандығын Бенгалияны 
Индия континентінің солтүстік-батыс бөлігімен қосушы негізгі артерия-Ганг 
өзенімен тауарлар тасымалының өсуі дәлелдейді. Өзенмен Бенгалдан 
жоғары, солтүстікке қарай күріш, бидай, қант, мата, бояу тасылса, төмен 
Бихарға қарай Раджпутанда өндірілген тұз, әлемге әйгілі биязы жүннен 
тоқылған кашмир орамалдары, ауған және Орта азиялық жылқылар, лахор 
мен Делидің зергер шеберлері жасаған қару-жарақтар әкелінетін. 
Үндістанмен көршілес Гуджарат Махараштрға, Мальваға, Раджпутанға 
қолөнер бұйымдарын апарып, олардан өзіне бидай, күріш, т.б. азық-түлік 
өнімдерін әкеліп тұрды. Абуфазыл өзінің «Аин-и-Акбари» деген еңбегінде 
1577 жылы 1 манн (400 грамм) бидай Аграда – 50 дамм, Аллахабадта – 62 
дамм, Аудта – 44 дамм, Делиде – 56 дамм, Мальвада – 75 дамм тұратын, -
дейді. Соған қарағанда ХVІ-ХVІІ ғасырларда Индияда біртұтас рынок 
қалыптасты деп айту қиын. ХVI ғасырдың ортасындағы Моғол 
державасының жағдайы егіншілік пен қолөнеріндегі ұсақ тауарлы өндірістің 
өсуімен, қалалардың сауда-қолөнері орталықтары ретінде нығаюымен, 
облыстық рыноктардың қалыптасуымен, елдің түрлі аудандары арасындағы 
экономикалық байланыстың нығаюымен сипатталады. Үнді деревнясына 
ақша-тауар қатынастарының енуіне байланысты ауылдық қауым тез ыдырай 
бастады. Шаруалар мен қолөнершілерді сауда өсімқор капиталдың шырмап 
алу процесі күшейді. Индиядағы ХVІ ғасырдағы маңызды экономикалық 
құбылыстар осындай еді. 
Дели сарайы Еуропа саяхатшыларын тамсандырған сән-салтанатқа 
бөлене берді. Бірақ Ұлы Моғолдар державасы өзінің құлдырау сатысына аяқ 
басқан еді. Акбардың үш ұлының екеуі Декан соғысында маскүнемдік 
аурудан қаза тапты. Үлкен ұлы Салим тәуелсіз билеуші ретінде Аллахабадқа 


бекініп, онда азғындық өмірге көшті. Акбар ауыр науқастан 1605 ж. қайтыс 
болады. Билікке Жахангир есімімен Салим келеді. Оның ішкі саясатына 
джагирдар-үндістер мен мұсылмандардың бір бөлігі наразылық танытты. 
Жахангирдің үлкен ұлы Хусру Панджабқа қашып барып, мұнда көтеріліс 
ұйымдастырды. Оған сикхтар гуруы қаржылай көмектесті. Алайда, Хусру 
әскері талқандалды. Жахангир Сикхтар гуруына ірі көлемде айыппұл салды, 
бас тартқан кезде ол да өлтірілді. Осы кезден бастап сикхтардың Моғолдар 
билігіне қарсылығы күшейді.
Жахангир 1614-1615 жж. Мевара раджпуттарын, Панджаб бекінісі 
Канграны, 1622 ж. Кашмирдегі Киштвараны бағындырды. Бенгал 
джагирдарлары мен заминдарларын бағындыру процесі төрт жылға (1608-
1612) созылды. Бенгал заминдарларының көсемдері Мусахан мен Усманхан 
моғолдарға қарсы азаттық күрескерлер ретінде танылды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   91




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет