Азия ж2не африка елдерінің орта ғасырлар тарихы кіріспе жаңа дәуірде Батыс Еуропа тарихнамасында Еуропа тарихын зерттеу негізінде пайда болған «орта ғасырлар»



Pdf көрінісі
бет73/91
Дата23.01.2023
өлшемі1,06 Mb.
#166143
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   91
Байланысты:
offiwiz file

Акбар реформалары. 
Акбардың алғашқы қадамы раджпуттармен 
одағынан басталды. ХҮІ ғ. екінші жартысы мен ХҮІІ ғ. басына дейін Акбар 


раджпут әскерінің көмегімен Читор, Гуджарат, Бенгалия, Кашмир, Тхатту, 
Хандеш және Орисса мен Ахмаднагар жерлерін қосып алды. Осыдан кейін 
моғолдар басқыншылық жорықтарын уакытша тоқтатуға мәжбүр болды. 
Мемлекеттік билікті нығайту мақсатымен падишах Акбар (1556-1605) біраз 
өзгерістер енгізуге кірісті. Ең алдымен үндіс Тодор Маланың басшылығымен 
(ол Моғолдар үкіметіндегі қаражат әкімшілігін басқаратын) салық 
реформасы жүргізілді. Рента салық әр шаруаның жерінде әр түрлі болатын 
болды. Оның мөлшері жердің сапасына, онда егілетін дақылдардың түріне 
байланысты болды. Барлық шаруалардың, байлардың жерлері қайтадан 
өлшеніп, сапасы тексеріліп, түсетін өнім мөлшері есептеліп, оларға 
салынатын салық көлемі дәл анықталды. Бұл мыңдаған есепшілер жүргізген 
өте күрделі де, ауыр жұмыс болды. Бұл істің нәтижесі — Моғолдар 
державасының Ауғанстан, Кашмир, Бенгалиядан басқа жерлеріндегі азық-
түлік рентасының ақшалай рентамен ауыстырылуы болды. Реформа 
алғашында шаруалар жағдайын біраз жеңілдетті. Бірақ ақшаға деген 
мұқтаждық бірте-бірте шаруаларды өсімқорлар қанауына душар етті. ХVІ 
ғасырдың соңғы ширегінен бастап сауда-өсімқорлық капиталдың үнді 
деревнясына енуі күшейе түсті. Егін бітік шыққан жылы оның құны түсіп 
кетіп отырды, ал ақшалай салықты бұрынғы мөлшерінде төлеу керек болды. 
Сөйтіп, егіннің мол өнімі шаруаларды байытудың орнына, керісінше, 
күйзеліске ұшыратты. 
Салық реформасы әкімшілік аппаратты орталықтандыруды күшейтті, 
феодалдық мемлекеттің жерге меншігін нығайтты. Феодалдық рентаны 
натуралды салықтан ақшалай салыққа көшіру жерге феодалдық меншіктің 
бұл түрін әлсірету қаупін тудырды. ХVІ ғасырдың соңғы ширегінде Үндістан 
деревнясына ақша–тауар қатынастарының енуі онан әрі үдей түсті. Осы 
негізде деревня қауымының ішіндегі мүлік және жер үлесі жағынан теңсіздік 
ұлғая түсті. 
Феодалдық қанаудың өсімқорлық шырмауымен жалғасуы салдарынан 
шаруалардың көпшілігінің күйзеліске ұшырауы тікелей өндірушілер мен 
феодалдардың ара қатынасын шиеленістіре түсті. Бұл шиеленіс моғолдар 
державасын әлсіретті. Шаруалардан ақшалай төлемді талап еткен Акбардың 
салық жүйесі бара-бара деревня қауымының ыдырауына ықпал етті. 
Мемлекеттік феодалдық меншіктің үстемдігі жағдайында жер 
иеленушіліктің негізгі түрі джагир болды. 100 мың гектарға дейін жер 
иеленуге рұқсат етілді. Бірақ бұл жер иеленушілік мұраға берілмеді, тек 
қызмет етіп жүрген кезде берілді. Қызметті нашар істеп, үкімет үмітін 
ақтамағандар жер иеліктерінен айрылатын. Орта есеппен бір жерді иелену 
мерзімі Акбар билігі тұсында 10 жылдан аспады. Шахтың рұқсаты бойынша 
джагирдың иеленушісі сол жерде отырғандардан өз пайдасы үшін алым-
салық жинап ала алатын болды. Жер иеленуші жагирдар өз қол астындағы 
шаруалардың 5-10 жыл болса да, қожасы, әміршісі болды. Ол шаруаларды 
еріксіз жұмысқа («бегар») салды, (жол, канал, сарайлар салу үшін), өз жеке 
басының пайдасы үшін де жұмысқа салды, «абваба» деп аталатын қосымша 
салық жинады. Ең құдіретті жагирдардың жылдық табысы 250, 300, тіпті 600 


мың рупий болды. Бірақ бұл табыстың 2/3, 4/5 бөлігін жагирдар жалдамалы 
әскер ұстауға жұмсады. Әскер саны жагирдардың атағына сай (жүзбасы, 
мыңбасы) құрылды. Қосымша салық жинап алғанда да, жиналған алым-
салықты жарату кезінде де жагирдар заңның қоятын шегіне бағынбады.
Дегенмен жагир қызмет бабы бойынша берілетін уақытша иелік болып 
қалды. Шах қашан қайтып аламын десе өз еркі болды. Жагирдар өліп кетсе, 
оның барлық байлығы, гаремдегі әйелдерінің қымбат әшекейлеріне дейін, 
моғолдар державасының меншігіне көшетін болды. Байлығын балаларына 
беруге, немесе өз өндірісін кеңейтуге жұмсай алмағандықтан, жагирдарлар 
ұланғайыр қаржыны сән-салтанатқа, өзіне қызметкерлер ұстауға ысырап етті. 
Ірі жагирдарлар Ұлы Моғолдар державасындағы феодалдардың үстем тобын 
құрды. Олардың шах үкіметіне деген көзқарасы әрқилы болды. Акбардың 
экспансиялық саясаты жагирге берілетін жер көлемін ұлғайтып отырды. 
Моғолдардың басқыншылық соғыстары жагирдарлар мүддесі үшін 
жүргізілгендіктен, олардың тарапынан қолдау тауып отырды. Күшті шах 
үкіметі феодал-жагирлердің иеліктерін сыртқы жаудан қорғады, шаруалар 
толқуларын басып отырды; ал сауда жолдарының қауіпсіздігін қамтамасыз 
ету оларға көп табыс пайда келтіріп отыратын коммерциялық операцияларға 
қатысып отыруға мүмкіндік берді. 
Тіпті рентаны да мемлекеттік салық аппараты жинап отырғандықтан 
шаруашылық жұмыстарынан еш қам жемейтін жагирдарлар той-думанды, 
тоғышарлық өмір кешті. Мұндай өмір олардың феодалдық жер иеліктерінің 
шектелуіне қарсы наразылықтарын туғыза қоймады. Бірақ жагирдарларға 
сепаратизм тән болды. Олар уақытша қожа болудан тұрақты қожа болуға, өз 
иелігіндегі жерден түсетін табыстың бәрін өз қолында ұстап қалуға, керек 
болса Моғолдар державасынан бөлініп кетуге де тырысты. 
Акбардың патшалығы кезінде бірнеше рет жагирдарлар бүлігі орын 
алды. Олардың наразылығы әсіресе қазынадан айлық алатын әскербасыларды 
жагирлардың орнына тағайындамақ болған кезде күшейе түсті. Жагирдарлар 
оларға жер иеліктері елдің түкпір-түкпірінен берілгенде де, бір иеліктен 
екінші иелікке қайта-қайта ауысуға мәжбүр болғанда да, олардың 
контингенттерінің жағдайын жиі-жиі тексеріп отырғанда да шыдады. 
Олардың шыдамы жагир жүйесін жоюға әрекет жасалғанда мүлдем 
таусылды. Олар 1580-1582 жж. ірі бүлік ұйымдастырды. Бұл бүлік моғолдар 
державасының құрып кету қаупін туғызды. Бұл бүлік әскери күшпен емес, 
саяси шарамен басылды. Пенджабтағы моғолдық қолбасшы Шахбаз-хан 
бүлікшілерге қарсы күрес кезінде Акбарды жақтаймын дегендерге жагирді 
кеңінен үлестіріп берді. Акбардың өзі де жагирдарларға арқа сүйеу керектігін 
түсініп, олардың талабын орындауға келіскенде ғана бүлік басылды.
Акбар жагирлық жүйені жоя алмаса да өзінің орталықтандырылған 
билігін күшейтуде, ірі фаодалдардың дербестігін шектеуде айтарлықтай 
табысқа қол жеткізді. Дегенмен жагирлық жүйе шаруашылықтың дамуына 
ықпал етпей, керісінше, кедергі жасады. Себебі жагирдарлар ертеңгі күніне 
сеніммен қарай алмады, шаруашылықты жақсы басқаруға мүдделі болмай, 


тезірек және көбірек салық жинап алып, оны ойын-сауық, той-думан, сән-
салтанатқа жұмсауға асықты. Оларды шаруалар күйзелісі толғандырмады. 
Акбардың билігі тұсында елдегі ыдыраушылық жағдайдың біраз 
бәсеңдеуіне, ең алдымен шахтың діни саясаты ықпал етті. Ол империя 
халқының діни теке-тірестерін жою мақсатымен және индуизм дінін 
ұстанушы жергілікті халықтың есебінен өз әлеуметтік базасын күшейту 
мақсатымен діни реформа жасады. Акбардың діни саясатының негізіне 
сульх-и кул (жалпыға ортақ бейбітшілік) ұстанымы алынды. Оның мәні 
барлық діндер ақиқат деп жарияланып, дінаралық келісім орнату болды. 1563 
жылы Акбар мұсылман еместерден жиналатын, қазынаға орасан зор табыс 
түсіріп тұрған джизья салығын жойды. Мұсылман дінбасыларының қатты 
қарсылығына қарамастан Акбар 1582 жылы сарайда жаңа дін - дин-и 
иллахиді («құдай діні») салтанатты түрде жариялады. Алайда, әр түрлі діни 
дәстүрлердің жасанды түрдегі қосындысы ретіндегі жасанды діннің не діни 
дәстүрі, не қасиетті жазбасы болмаған еді. Сондықтан да кең қолдауға ие 
болмаған дін Акбар қайтыс болғаннан кейін кіші-гірім сектаға ғана айналып 
қалды.
Акбардың діни синкретизмі тек оның орталық билікті нығайтуға 
бағытталған саясатынын ғана туған жоқ, сонымен бірге Үндістанда ғасырлар 
бойы жүріп жатқан ислам мен индуизм дәстүрлерінің өзара жақындасуы, 
синтезінің де көрінісі болды. Алайда жаңа дін жоғарыдан, билік тарапынан 
күшпен енгізілмейтіні тарихтан белгілі, ол бірте бірте тарихи үдерістің 
барысында қалыптасады. Сондықтан да Акбардың діни тұжырымдамасы игі 
ниеттен туғанын қарамастан тығырыққа тірелді, баянды бола қоймады. 
Керісінше әр түрлі діни қауымдар арасындағы қақтығыстарға алып келді. 
Елдегі саяси және әлеуметтік шиеленістер діни сектанттық қозғалысқа 
ұласты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   91




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет