Азия ж2не африка елдерінің орта ғасырлар тарихы кіріспе жаңа дәуірде Батыс Еуропа тарихнамасында Еуропа тарихын зерттеу негізінде пайда болған «орта ғасырлар»



Pdf көрінісі
бет81/91
Дата23.01.2023
өлшемі1,06 Mb.
#166143
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   91
Байланысты:
offiwiz file

 
Бекіту сұрақтары: 
1. Сефевилер мемлекеті қалыптасуының тарихи жағдайларын, оның этникалық құрамын 
көрсетіңіз. 
2. І Исмаил-шахтың ішкі-сыртқы саясатына талдау жасаңыз 
3. Сефевилердің сыртқы саясатының негізгі бағыттарын көрсетіңіз. 
4. Сефеви мемлекетіндегі әлеуметтік-экономикалық қатынастарға талдау жасаңыз. 
5. Сефеви мемлекетінің саяси жүйесі? 
XVI ТАРАУ 
КЕЙІНГІ ОРТА ҒАСЫРЛАРДАҒЫ АРАБ ЕЛДЕРІ 
 
Осман түріктерінің араб елдерін жаулап алуы. 
XVI ғасырдың 
басында араб елдері түріктер шапқыншылығына ұшырады. Месопотамияны 
басып алған соң І Селим (1512–1520) сұлтанның әскері Сирия, Ливия және 
басқа мамлюктер кол астындағы араб облыстарын жаулап алуға аттанды. 
Түріктер мен мамлюктер армиялары 1516 жылғы тамызда Халебтін 
Солтүстігінде бетпе-бет кездесті. Бұл шайқаста каруы жағынан да, соғысу 
тактикасы жағынан да басым осман армиясы жеңіске кетті. Мамлюктер 
армиясы талқандалып, үкімет басшысы Кансу Гури шайқаста қаза тапты. 
Қазан айының ортасында түріктер Дамаскті басып алды. Сөйтіп, бүкіл Сирия 
түріктер қол астына көшті. 
Түріктер жаулап алушылығының жеңілдеуінің бір себебі жергілікті 
халықтардың мамлюктерді өздерін қанаушы деп санауында болды. 
Сондықтан олар түріктерді өздерін азат етушілер ретінде қарсы алып 
отырды. Тек Египетте ғана мамлюктер барлық күштерін жинап, қатты 
қарсылық көрсете алды. Бірақ түріктер мамлюктер әскерінің бұл қарсылығын 
басып, 1517 жылдың басында Каирды алды. Түріктер Египетті басып алған 
соң Меккенің басшысы сұлтан Селимге елшісін жіберіп, оған бүкіл Хиджаз 
облысының бағынатындығын білдіріп, адал болуға ант берді. 1538 жылы 
түріктер Аденді (Меккеден де төмен, оңтүстікте) де басып алды. Оның 
алдында, 1534 ж. түріктердің Ирак үшін Иранмен соғысы жеңіспен аяқталды. 
Сөйтіп, ХVІ ғасырда арабтар қоныстанған Ирак, Сирия, Ливан, Палестина, 
Египет, Хиджаз (Сауд Аравиясы), Алжир, Ливия, Тунис Осман 
империясының құрамына енді. 
Түріктер барлық жерлердің, шаруашылықтың есебін анықтап, олардан 
алынатын салық мөлшерін белгіледі. Барлық басып алынған араб елдері 
пашалықтар мен эйалеттерге (уалаят) бөлінді. Сирия үш провинцияға: 


Дамаск, Триполи, Халебке бөлінді. Иракта Бағдад, Басра, Мосул уалаяттары 
құрылды. Египет өзінше жеке пашалыкка бөлінді. Иемен, Бахрейн (Аравия), 
Ақ (Палестинада) пашалыктары құрылды. Әр облыстың басында пашалар 
тұрды. Пашалардың қарамағында жергілікті көмекші отрядтармен қатар 
сұлтанның тұрақты армиясының бөлімдері болды. Мысалы Багдад эйалетінде 
12 мыңдық янычарлар орналасты. Ал пашаның қасында тағы да үш мың 
қарулы жауынгерлер болды. Пашалыққа 1-2 жылға тағайындалатын, бірақ 
көптеген пашалар әлдеқайда ұзақ қала беретін. 
Әр пашалыктың, эйалеттің бағыныштылығы әртүрлі болды. Бағдад, 
Басра, Лахса (Азияда), Египет, Тунис, Алжир, Триполи ( Солтүстік Африка) 
салық төлеп тұрды, ал ішкі құрылысы, тәртібі бұрынғысынша қала берді. Тек 
Бағдад эйалетінде біраз өзгешіліктер болды. Ол 20 санжақка бөлінді. Оның 8-
інде түріктік жер иеленушілік тәртібі үстемдік етті. Дамаск, Триполи 
(Сирияда), Халеб, Мосулдағы көптеген жерлер түрік феодалдарына 
үлестіріліп берілді (тимар, зеаметтер ретінде). Ирак Османдық түріктер мен 
сефевилік Иран арасындағы күрес аренасына айналды. 1516 жылы жоғарғы 
Месопотамия кызылбасылардан тазартылып, Осман империясының 
құрамына қосып алынды. Орталық және оңтүстік Ирак Иранның қол астында 
қала берді, 1516 жылы түріктер Бағдадты басып алды. Сунииттік, шииттік 
ағымдарға бірдей бостандық берілді. 1546 жылы Оңтүстік Ирак Осман 
эйалетіне айналды. Оның орталығы Басра қаласы болды, 1550 жылы түріктер 
Португалияның Парсы шығанағындағы маңызды порты Аль-Катифты басып 
алды. Бірақ оны ұзақ ұстап тура алмады. 1555 жылғы Амасиядағы бейбіт 
бітім бойынша сефевидтер Ирактағы түріктер үстемдігін мойындады. 
1574–1595 жылдардағы Мосул провинциясында заң бойынша жердің 
ең төменгі мөлшері 40 қадамға (ені, ұзындығы) тең денюм болып табылды. 
Ал суармалы, құнарлы жерлердегі шаруалардың толық үлесі 80 денюмге 
теңелді. Ол үлес «чифтилик» деп аталды. Нашар жерлердегі чифтилик 
мөлшері 150 денюм болды. Егер кімде-кім өз үлесін игермей, тастап кетсе
бос қалдырса, ол 75-тен 300-ге дейін ақша төледі. Толык үлесі бар 
мұсылмандар 50 ақша төледі. Әр үй 3 күндік (аптасында) барщина өтеуі тиіс 
болды. Оның әр күні 2 ақшаға бағаланды. Жиналған бидайдын 1/5, кара 
бидайдын 1/6, арпаның 1/7 бөлігі салық ретінде өткізілетін. Малшылардан да 
салық жиналды. Мосулда әр 100 қойдың біреуі, ал келімсектерден — екеуі 
алынатын. Малшылар қыста өз жерінде қыстап шықса, әр 300 қойдың біреуін 
беретін болды. Салық бал ұяларына да, диірмендер мен алма ағаштарына, 
жүзім, мақта егістеріне де салынатын. Қалыңдық үшін де салық салынатын. 
Күйеуге тиетін қыздардың әкесі 60 ақша, жесір әйелдің әкесі (туысы) 30 ақша 
төледі. Бұл ақшаның жартысы ірі жер иесіне, жартысы қазынаға кететін. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   91




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет