1636 ж. Деканда моғол соғыстары қайта жанданды. Нәтижеде Декан
толықтай бағындырылып, Жахан шахтың екінші баласы Аурангзеб
Деканның наместнигі болып тағайындалды. Салық ведомоствосының
басшысы (диуан) Муршид Кули хан шаруаларды бос жатқан жерлерге тарту
мақсатында жаңа салық жүйесін (такави – ақшалай аванс беру) енгізді.
Алайда феодалдар негізгі жер салығынан бөлек 14-ке жуық басқа алым-
салық алып отырды. Дегенмен, Муршид Кули ханның салық жүйесі Деканда
шаруа шаруашылығын қалпына келтіруге жол ашты.
1629–1650 жж. Моғолдар билігіне қарсы қозғалыстар жалғасын тапты.
Бұл жағдай қазынаға түсетін салықтың азаюына әкелді. Голкондада байлық
жинаған парсы көпесі Мухаммед Саид Ардистани ірі әскер ұстады. Осында
қаржылық ведомоствоны (мир джумла) басқарды. Осы қызметіне сәйкес
оның есімі тарихта қалды. Мир Джумла Аурангзебпен құпия келіссөздер
жүргізіп, ол моғолдарға қызмет етуге көшті. Голконда шахы Мир
Джумланың баласын зынданған жапқан кезде, Аурангзеб сылтаумен
Голконда астанасы – Бхагнагарға басып кірді. Екі айға созылған қоршаудан
кейін Голконданың бір бөлігі моғолдарға өтіп, келісім-шарт бойынша
жеңілген жағы ауыр контрибуция төлеуге міндеттелді. Осы кезден
Голконданың экономикалық құлдырауы басталды.
Қарастырылып отырған кезеңде Ұлы Моғол мемлекетінің барлық
салаларын қамтыған дағдарысы орын алды. Моғолдар державасының
құлдырауы Ұлы елді отарға айналдырып, оның 150 миллиондық халқын
тонау үшін барлық мүмкіндіктерді пайдалануға тырысқан еуропалықтардың
Үндістанға енуінің күшеюімен тұспа-тұс келді.
Достарыңызбен бөлісу: