Азия ж2не африка елдерінің орта ғасырлар тарихы кіріспе жаңа дәуірде Батыс Еуропа тарихнамасында Еуропа тарихын зерттеу негізінде пайда болған «орта ғасырлар»



Pdf көрінісі
бет77/91
Дата23.01.2023
өлшемі1,06 Mb.
#166143
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   91
Байланысты:
offiwiz file
52f2c08ebdb648f8760745b28d06d0f6
Бекіту сұрақтары: 
1. Бабырдың Үндістанды жаулап алуының алғышарттары мен барысын талдаңыз. 
2. Ұлы Моғол империясының әлеуметтік-экономикалық дамуына талдау жасаңыз. 
3. Акбардың реформаларының мәнін ашыңыз. 
4. Үндістандағы Еуропа отаршыларының әрекеттері және оның салдарларын көрсетіңіз. 
XV ТАРАУ 
КЕЙІНГІ ОРТА ҒАСЫРЛАРДАҒЫ ИРАН. СЕФЕВИЛЕР МЕМЛЕКЕТІ 
Мемлекеттің қалыптасуы. 
Әмір Темір қайтыс болғаннан кейін алып 
держава оның ұлдарының арасында бөліске түсті, алайда олар билікті қолда 
мықтап ұстап тура алмады. Закавказье, Күрдістан мен Иранның бір бөлігінде 
бастапқыда Қарақойлы, ал кейінірек, дәлірек айтқанда 1468 жылы 
Аққойлылар мемлекеті қалыптасқан болатын. Тимуриттердің қолында тек 
Шығыс Иран, яғни Хорасан сұлтанаты ғана қалды.
Аққойлылар мемлекетінің билеушісі Ұзын Хасан (1453–1478) өз 
жерлерін кеңейте отырып, мықты орталықтандырылған мемлекет құру 
бағытында реформалар жасауға қанша тырысқанымен, ол еш нәтиже бермеді. 
Ұзын Хасан қайтыс болғаннан кейін оның мемлекеті әлсірей бастады. Оның 
мұрагерлері тақ үшін күрес жүргізіп, бірін-бірі қырумен болды. Ұзын Хасан 
мұрагерлерінің ішінде бірде-біреуі өз өлімімен өлген жоқ, яғни бір сөзбен 


айтқанда елде саяси дағдарыс орын алды. Алайда Осман империясы ол 
дәуірде әлі де болса Аққойлылар мемлекетінің иеліктерін жұтып қоюға 
шамасы жете қоймаған болатын.
Сефевилер дәл осы қым-қуат дәуірде тарих сахнасына шықты. Бұл, 
XIV ғасырдың басында негізі қаланған Сефевие дәруіштік орденінің басында 
тұрған, мұрагерлікпен билік етуші шейхтер еді. Орденнің негізін қалаушы
шейх Сефи ад-Дин, Иранның Ардебиль ауданынан шыққан ұсақ феодал 
болатын. Ерте сефевилердің этникалық тегін түркіленген ирандықтардың 
қатарына жатқызуға болады. ХҮ ғ. сефевилерге көшпелі түріктердің шамлу, 
румлу, ұсташы, текелі, афшар, зұлқадар тайпалары қосылып әскери күшін 
арттырды. 
Сефевилердің исламның шииттер бағытын қолдауы кейінгі уақытқа 
жатады, бастапқыда олар суниттік бағытты ұстанған болатын. XV ғасырдан 
бастап олар шииттердің имамиттік бағыты қолдайтын он екі имамның 
құрметіне бастарына он екі қызыл жолағы бар сәлде таға бастады, сондықтан 
да қызылбастар деген атауға ие болды. Олар сефевие шейхына рухани 
көсемдері ретінде бағынды, ал өздерін шейхтың муридтері (шәкірттері, 
қызметшілері) санады. Қызылбастардың құрамы шығу тегі бойынша болсын, 
ұйымдасуы бойынша болсын ала-құла болып келді. Қызылбастар ежелгі 
түрік дәстүрлерінен бастау алатын жекелеген тайпалық негізде ұйымдасты, 
бірақ бұл тайпалар таза қандық-туыстық емес, көбіне территориялық 
бірлестіктер болды. ХҮ ғ. екінші жартысынан бастап сефевие ордені бейбіт 
дәруіш бауырластығынан жауынгер рухани-рыцарлық орденге айналды. 
Сефевие шейхтері батыстағы ХІ-ХІІ ғғ. крестшілер сияқты, «дін тазалығы 
үшін күрес» деген желеумен мұсылман емес халықтарға (грузиндер, 
черкестер, гректер) шапқыншылықтар жасап отырды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   91




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет