Азия ж2не африка елдерінің орта ғасырлар тарихы кіріспе жаңа дәуірде Батыс Еуропа тарихнамасында Еуропа тарихын зерттеу негізінде пайда болған «орта ғасырлар»



Pdf көрінісі
бет79/91
Дата23.01.2023
өлшемі1,06 Mb.
#166143
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   91
Байланысты:
offiwiz file
52f2c08ebdb648f8760745b28d06d0f6
І Аббас реформалары.
1581 жылы Хорасанның әмірі болып 
тағайындалған он жасар Аббас, он жеті жасында Сефеви мемлекетінің 
тағына отырған болатын. Дәл осы билеуші Сефеви мемлекетін жойылудан 
сақтап қалады. Шешесі жағынан ирандық болған Аббас шах билігін шектеуге 
тырысқан қызылбастарды кішкентайынан ұнатпаушы еді. Алайда ол өз 
реформаларында ирандық ұлттық идеяны басшылыққа алды деуге болмайды. 
Оның басты мақсаты Сефеви мемлекетінің бұрынғы қуатын қалпына келтіру 
үшін қолдан келгеннің бәрін жасау болды. Ол мықты билеушінің айналасына 
топтасу арқылы қуатты орталықтанған мемлекетті қолдаушы әмірлерге 
сүйене отырып өз реформаларын бастады. І Аббастың (1587–1629) ең 
алғашқы қадамы қызылбастардың тайпалық жасақтарының орнына тұрақты 
армия құруы болды. Шахтың қызылбас әмірлерімен күресі барысында 
олардың көпшілігі өлтірілді, жерлерінен айрылды, тайпа хандарының 
жағдайы әлсіретілді. ХҮІ ғ. ортасында қызылбас әмірлерінің саны 114 болған 
болса, Аббас тұсында олардың отыздан сәл астамы ғана қалды. І Аббас 
әмірлерді ирандық тайпалардың және шах гулямдарының (негізінен 


армяндар мен грузиндер) арасынан тағайындап отырды. Алайда Аббас 
қызылбастардың рөлін тек шектеп қана қойды, оларды мүлде жойып, немесе 
биліктен біржолата аластатты деуге болмайды. Қызылбас шонжарларының 
бірқатары мемлекеттегі маңызды қызметтерін сақтап қалды. Мысалы, 
қаджарлар тайпасынан шыққан Амиргуне хан Аббасқа ең жақын адам болды. 
Аббас өзіне адал қызмет еткен қызылбастарға ерекше жағдайлар жасап 
отырды.
Қызылбас жасақтары мемлекеттік қазынадан қаражат талап етпей-ақ
бейбіт уақытта өздерінің малдары мен жерлерінен түскен табыспен байып, ал 
соғыс кезінде тонаушылықтың арқасында күнелткен болса, тұрақты армияны 
асырау үлкен материалдық ресуртарды талап етті. Бұл мәселені І Аббас шах 
доменін (хассе) тайпалардың пайдалануына берілген дивани жерлерінің 
есебінен кеңейту арқылы шешкісі келді. 1592 жылы Гиляндағы көтерілісті 
тұншықтырған шах осы аса бай ауданды (жібек өндірісімен айналысатын) 
шах доменіне айналдырды. 1596 жылы Мазендаран ауданы хассеге 
айналдырылды. Бұдан кейін де бірқатар жерлер, ал Аббастың мұрагері І 
Сефи тұсында елдің оңтүстігіндегі түбегейлі Иран жері – Фарс хассеге 
айналдырылды. 
Хассе жерлерін арнайы шах шенеуніктері басқарды, одан түскен 
барлық табыс шахтың жеке қазынасына жіберіліп отырылды. Алғашқы 
кезеңде бұл шаралар шынында да мемлекеттің баюына және күшеюіне ықпал 
етті. Алайда, кейінірек, Аббастың мұрагерлері тұсында жағдай өзгере 
бастады. Шах тағайындаған шенеуніктер қызметтерін пайдаланып, барлық 
жолдармен хассе жерлері арқылы баюды өздерінің басты мақсатына 
айналдырып алды. Нәтижеде хассе жерлерінен шах қазынасына түсетін 
табыс барынша қысқарып кетті.
Алайда жоғарыда айтып кеткеніміздей, бастапқыда, Аббастың 
реформалары айтарлықтай оң нәтижелер берді. Хассе жерлерінен түсіп 
жатқан орасан зор табысқа, үкімет қолындағы жібек сату монополиясының 
табыстары қосылып, мемлекеттің әскери қуатын арттыруға көмектесті. 
Жалпы, Сефевилер мемлекеті І Аббас шахтың тұсында өз дамуының 
шарықтау шегіне жетті. Бытыраңқылық жойылып, бір орталықтан 
басқарылатын билік күшейтілді. Аббас 1597 ж. Астананы Казвиннен 
Исфаханға көшірді. Шах бар назарын өзбек хандарымен Хорасан үшін 
күреске бөлді. 1597 жылғы жеңістен кейін Хорасан мен Герат қайтадан 
Иранның қол астына өтті. 
Бұдан кейін Аббас Түркиямен соғысқа дайындала бастады. Ол 12 
мыңдық атқыштар корпусын, 10 мыңдық гулямдардың атты әскерін құрды. 
Ағылшын нұсқаушыларының көмегімен Аббас соғыс ісіне оқ-дәрімен 
атылатын қаруларды, артилерияны енгізді. Жалпы Аббастың қол астында 120 
мыңдық жақсы қаруланған армия болды. Осы армиямен 1602 жылы Иран 
Түркияға қарсы соғыс ашты. Бұл соғыс 10 жылға созылды. 1612 жылғы бітім 
шарты бойынша Иран 1590 жылы Түркияға өткен жерлерін қайтарып алды. 
Бұдан кейін Аббас Ауғанстанның едәуір бөлігін басып алды. 1622 жылы ол 
португалдықтарды Ормуз портынан қуып шықты. Иранға ағылшындар 


көмектесті. Алайда, ағылшын көмегі тегін болмады. Аббас ағылшынның 
«Ост-Индия» компаниясына өз елінде салықсыз сауда жүргізуге рұхсат берді. 
Исфаханда т.б. қалаларда ағылшын кеңселері мен сауда үйлері ашылды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   91




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет