Азия ж2не африка елдерінің орта ғасырлар тарихы кіріспе жаңа дәуірде Батыс Еуропа тарихнамасында Еуропа тарихын зерттеу негізінде пайда болған «орта ғасырлар»


Мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық жағдайы



Pdf көрінісі
бет80/91
Дата23.01.2023
өлшемі1,06 Mb.
#166143
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   91
Байланысты:
offiwiz file
52f2c08ebdb648f8760745b28d06d0f6
Мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық жағдайы. 
Сефевилерге
дейін жер ұстаудың негізгі формасы – сойырғал, яғни мемлекеттік салықтан 
босатылған мұрагерлік жер меншігі болған болса, (Аққойлылар 
мемлекетінде кеңінен қолданылған) алғашқы Сефевилер тұсында жерді 
тийулға беру енгізілді. Бұл әскери міндеті үшін берілетін шартты жер 
меншігі болды, бұл жерді ұстағаны үшін белгілі бір көлемде салық төленді. 
Алайда көпшілік феодалдарға муафи құқығы берілді, яғни мемлекеттік 
міндеткерліктердің бір бөлігінен немесе бәрінен бірдей азат етілу құқығы. 
XVI–XVII ғғ. басы Иран экономикасының өркендеген кезеңі болды. 
Иран Португалиямен, Ресеймен, Голландиямен, Англиямен, Қытаймен
Үндістанмен сауданы кеңінен жүргізді. Аббас ішкі сауданың дамуына да көп 
көңіл бөлді. Сауда керуендеріне арналып мейманханалар, шайханалар, жаңа 
жолдар салынды, керуен жолдарын қорғау қолға алынды. Шах 
шеберханалары – қарханалар көптеп салынып, мемлекеттің қарауында 
болды. Қала халқы өсті, мысалы, Исфахан халқының саны 500 мыңға жетті.
Сефевилер мемлекетінде парсы халқы жетекші жағдайда болмады. 
Мемлекеттің құрамына таза ирандық жерлермен қатар Әзірбайжан, Шығыс 
Армения, Оңтүстік Туркмения, Батыс Ауғанстан кірді. Сефевилер 
мемлекетінде жетекші рольді көшпелі әзірбайжан, яғни қызылбас 
феодалдары атқарды. Әскербасылар, жергілікті басшылық, және сарайдағы 
маңызды қызметтер солардың қолында болды. Мемлекеттік дін ретінде 
шиизмнің жариялануының басты мақсаты жергілікті ирандықтардың 
әлеуметтік қолдауына ие болу мүддесінен туындады. Сонымен бірге сыртқы 
саяси қарсыластары сунниттік Түркия мен өзбектерге қарсы идеялогиялық 
ұстаным рөлін де қатар атқарды. Мемлекеттің шетіндегі армяндар мен 
грузиндердің дініне, яғни христиан дініне қатысты төзімділік саясат басым 
болды. 
Қырық құраудан тұратын Иран тек әскери күшпен ғана біріктіріліп 
тұрды. Ішкі қайшылықтардың шиеленісуі шет аймақтарға көңіл бөлуге кейде 
мүмкіндік бермеді. Оның үстіне Иранның сыртқы жағдайы да қиындай түсті. 
Түркия Закавказье мен Месопатамиядағы иеліктерді қайтарып алу үшін күш 
салды. І Сефи шахтың (1629–1642) тұсында Иран біраз жерінен айырылды. 
1639 ж. Иран Месопатамияның Түркия қарамағына көшкенін мойындады. 
Түркия, сондай-ақ Түріктік деп аталатын Батыс Арменияны да алды. 
Шығыста Иранға қарсы өзбек хандығы соғысты жалғастырды. 
Ауғанстандағы Сефевилер билігі жойылды. 
ХҮІІ ғасырдың екінші жартысында Иранның сыртқы саудасы 
қысқарды. Ішкі қайшылықтар шиеленісті. Сарай маңындағы билеуші топтар 
арасында өзара талас-тартыстар басталып, қыза түсті. 1615 ж. Грузияда 
патша Теймураз бастаған көтеріліс басталды. Көтеріліс күшпен басылып, 100 
мың грузин Иранға көшірілді. 1623 ж. Картлиде Саакадзе басқарған көтеріліс 
орын алды. 1624 жылғы маусымда Марабад деревнясынның маңында болған 


шайқаста көтерілісшілер талқандалды. 1624-1625 жж. Карабахта армян және 
әзербайжан шаруаларының көтерілісі болды. Оны Мехлу-баба (немесе 
Мехлу-вардапед) басқарды. Өз сөзінде ол дін басыларының байлыққа бой 
ұрғандығын сынады, халықты арам, әрі бұзылған дін қызметкерлеріне 
ештеңе бермеуге шақырды. Ол адамдардың бәрі тең болған кезді дәріптеді. 
Мехлу-баба Армениядан қуылды. Осындай көтерілістер, басқа да жоғарыда 
көрсетілген Иран қоғамына тән қайшылықты үрдістермен ұштаса келе 
Сефевилер мемлекетін әлсіретті. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   91




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет