Әдістемелік нұсқаулар: Семинарға дайындықты ұсынылатын әдебиеттерден бастау керек. Ең алдымен мына түсініктерге анықтама беріңіз: нарықтық механизм, сұраныс пен ұсыныстың өзгеруі, сұраныс пен ұсыныс икемділігі, нарықтық тепе-тең баға, салықтар және сұраныс пен ұсыныс икемділігі, тұтынушы мен сатушыға салық уақытын бөлу.
ТАҚЫРЫП 3. ТҰТЫНУШЫ ТӘРТІБІНІҢ ТЕОРИЯСЫ
СӨЖ ТАПСЫРМАЛАРЫ
1.Тақырып сұрақтарын ауызша талқылауға дайындалу
2.Өзін - өзі бақылау сұрақтарына жауап беру
3.Тест сұрақтарына жауап беру
4.Тақырыпқа қатысты есептерді шығару
5. «Тұтынушы тәртібі теориясының негізі» атты тақырыпқа топтық жоба дайындау
6.Тақырып бойынша қосымша глоссарий құру.
ӨЗІН-ӨЗІ БАҚЫЛАУ ҮШІН СҰРАҚТАР:
Ұтымдылық шегі деген не?
Жалпы және шектелген ұтымдылық арасындағы қатынас қалай көрсетіледі?
Тұтынушының тепе-теңдік жағдайы деген не?
Талғамсыздық қисығы немен белгіленеді?
Тепе-теңдік жағдайы қандай?
Бюджет сызығының иілуі қандай қатынаспен белгіленеді?
ТАПСЫРМАЛАР:
Келесі пайымдаулар дұрыс па?
А. Әр түрлі тауарлар пайдалы екендігін салыстыру үшін сандық өлшемдерді қолдануға болмайды.
В. Х игілікті У игілікпен алмастыру нормасының шегін, Х игіліктің ұтымдылығы шегі У ұтымдылық шегіне қатысты ретінде қарауға болмайды.
С. Ұтымды тұтынушы таңдаған кезде барлық пайдаланатын тауарлардың шекті ұтымдылығын теңестіреді.
Д. Талғамсыздық қисығының сызығы координата басына қарай ойыс болады.
Е. Ұтымдылық теориясы, талғамсыздықтың ең жоғары қисығында болғанда, нарық себеті ең жоғары деңгейде болады деп дәлелдейді.
Ж. Табыстың өзгеруі, бюджет сызығының алғашқы жағдайына қарай қатарласа ығысуына әкеледі.
ТЕСТІЛЕР:
1.Тұтынушы талғамы теориясы былай тұжырымдалады:
а) тұтынушының талғамы қалыптасқан жағдайда заттың пайдалылығын
бағалау іс-әрекеттері болады;
ә) тұтынушының бюджеті шектеулі екендігі ескеріледі;
б) ең жоғары пайдалылыққа қол жеткізетін тауарлар құрамын анықтайды;
в) жоғарыда айтылғандардың бәрі дұрыс.
Достарыңызбен бөлісу: |