байланысты қатты шанкрге ұқсайды. Шанкр тәрізді пиодермия 2-
3 айға созылуы мүмкін және тыртық түзумен жазылады.
Кейбір
авторлар шанкр тәрізді пиодермияны бөлек ауру ретінде емес,
тұрпайы эктиманың жыныс безінде орналасқан түрі деп
қарастырады.
Қатты шанкрден ажыратуда сарысуда боз трепанеманың
болмауы оны жоққа шығармайтын
болғандықтан айтарлықтай
қиындақ тудыруы мүмкін. Диагностикаға анамнез бен
серологиялық реакциялардың нәтижесі көмектеседі. Сонымен
қатар, қатты инфильтрат қатты
шанкрде эрозия мен жараның
шекарасынан аспаса, шанкр тәрізді пиодермияда жара түбіндегі
инфильтрат оның шекарасынан асып орналасатын естен
шығармау қажет.
Кейде қорытынды диагнозды тек ұзақ уақытқа созылған
науқасты бақылау және серологиялық
зерттеулерден кейін ғана
қоюға болады. Осы мақсатпен бірнеше мәрте жарадан алынған
бөліністі боз трепонемаға тексеріп,
қанның серологиялық
зерттеулерін (РПГА, РИФ) алып отырады.
Достарыңызбен бөлісу: