«Даму мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған № 1 арнайы (түзету) мектеп интернаты» коммуналдық мекемесі
АШЫҚ САБАҚ
Тақырыбы:
«Ұқсас және әр түрлі нысандар».
4 «а» сынып
Информатика мұғалімі: Димбаева Ж.Қ.
Пәні: Информатика
Күні: 24.01.2015
Сыныбы: 4 «А»
Сабақтың тақырыбы: Ұқсас және әр түрлі нысандар.
Нысанмен жұмыс жасау (практикалық жұмыс)
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:
«Ұқсас және әр түрлі нысандар» туралы ұғымды қалыптастыру;
«Нысанның» белгілері және олармен жұмыс жасау әрекеттерін қайталау;
Дамытушылық:
Есте сақтау,ойлау қабілеті мен танымдық қызығушылығын дамыту;
Тәрбиелік:
Оқушыларды ұқыптылыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу;
Сабақтың типі: Практикалық сабақ
Сабақтың түрі: Саяхат сабақ
Сабақтың көрнекілігі: компьютер, слайд, таратпа қағаздар
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі:
а) Амандасу;
ә) Оқушыларды түгелдеу;
б) Психологиялық тренинг;
- Көңіл күйлерің қалай?
- Керемет! (Қолдарын көтереді)
- Сабаққа дайындықтарың қалай?
- Тамаша (Алақандарын соғады)
- Ынталарың ше?
- Ғажап! (Қолдарын көтереді)
- Ендеше сабағымызды бастайық!
- О-О-О ! (Бас бармақтарын көрсетеді)
Бүгінгі сабағымыз ерекшке, өйткені саяхатқа шығамыз. «Нысан» жағалауына, айлақтардағы тапсырмаларды орындау арқылы жетуіміз керек.
Ұранымыз: Мақсатымыз – білім алу, Міндетіміз – еңбектену
II. «Кім жүйрік?» атты тренинг. Есте сақтау қабілеттерін байқау
мақсатында тақтаға төмендегідей 10 сөз жазылады. Бір минуттан кейін есте неше сөз қалғанын дәптерге жазу тапсырылады.
Ақпарат, Файл, Нысан, Монитор, Пернетақта, Принтер, Тышқан, Диск, Сканер, Жүйелік блок.
III. «Сиқырлы балықтар» әлемі.
1)
Достарыңызбен бөлісу: |