Б а л а ш т ү с І п қ а л и е в дерматовенерология ОҚулық



Pdf көрінісі
бет166/386
Дата14.11.2022
өлшемі7,25 Mb.
#158059
түріОқулық
1   ...   162   163   164   165   166   167   168   169   ...   386
Байланысты:
Дерматовенерология

Жіктелісі.
Әруақытта ажырату мүмкін болмаса да, 
склеродермияны шектелген және жайылған түрлерге бөледі. 
Көптеген ғұлама оқымыстылар (Н.С. Смелов, Е.М. Тареев, А.И. 
Струков, Ю.К. Скрипкин, Н.Г. Гусева, S. Jablonska, N. Sonnichsen 
және басқалар) бұл түрлерін бір процесстің білінуі деп 
қарастырады. Н.Г. Гусева терінің зақымдалуының бір типтес 
болуына байланысты жүйелі және ошақты склеродермияның 
және 
осы 
клиникалық 
түрлеріндегі 
басқа 
жалпы 
патофизиологиялық ығысулардың негізінде бір немесе өте ұқсас 
патологиялық 
процесс 
жатыр 
деп 
есептейді. 
Ошақты 
склеродермияда ол терідегі жекелеген ошақтармен шектелген, ал 
жүйелі склеродермияда ол жайылған (генерализацияланған). 
Осы екі негізгі түрлерін өз кезегінде клиникалық нұсқаларға 
бөледі. Шектелген склеродермияны – қатпарлық, сызықтық, 
дақтық (ақ дақ ауруы), атрофодермиялық және Ромберг бет 
атрофиясы байқалатын идиопатиялық склеродермияға; жүйелі 
склеродермияны акросклеротикалық және диффуздық деп бөледі.
Клиникалық көрінісі
.
Терілік түрлерінде дақтық, қатпарлық, 
сызықтық, беткей және терең түрлерін ажыратады.
Дақтық 
түрі
үлкен 
бірең-сараң 
немесе 
көптеген, 
тығыздалусыз, бозқараған реңді дақатармен сипатталады. 
Жазылып кеткенде пигментация қалдырады 
(85, а-сурет).
Қатпар тәрізді склеродермия
(morphea Wilson, morphea 
placata)
– жиірек кездесетін ауру. Әйелдер ер адамдар қарағанда


3 есе жиі ауырады. Кеуде мен аяқ-қолда дөңгелек және овал 
тәрізді ісінген көгілдір түсті дақтар байқалады. Дақтың мөлшері
1-2-ден 20-ға дейін болады да, ашық қызыл түсі шетіне қарай 
ақшыл көк-қызғылт түсті жиек ретінде сақталды, ортасында 
тығыздалады 
(85, б-сурет)
. Біртіндеп тығыздығы арытып,
зақымдалған ошақ піл сүйегі тәрізді түске еніп, тері суреті 
жойылады. Тығыздалу тек терімен ғана шектелмейді, онымен 
қоса тері асты қабаты мен бұлшықетті де қамтып, шеміршек 
тінінің тығыздығымен теңеледі. Ақшыл-көк сақина (процесстің 
активтілігінің көрінісі) біртіндеп жойылып, телеангиэктазалар 
және пигментация пайда болады. 
Склеродермияның сызықты түрі
(85, в-сурет)
сары-
қоңыртүсті беті тегіс, құрсауы жоқ қатты жіпше немесе сызықтық 
жолақ. Жиі бет терісінде, маңдайда, бастың шашты бөлігінен 
мұрын қырына дейін жетіп (қылыштың ізі) орналасады. Аяқ-қол 
бойымен, қабырғаралық нервтер жолымен орналасуыда мүмкін.
Беткей склеродермиямен
(склеротрофикалық лихен) жиі, 
әсіресе климактериялық кезеңде, әйелдер ауырады. Орналасатын 
жерлері: жыныс мүшелері, кеуде, арқасы. Фарфор реңді, 
көптеген, ұсақ (диаметрі 2-ден 10 мм-ге дейін), дөңгелек, 
сиректеу полигональды формалы, сипағанда аздап қаттылау ақ 
дақтар пайда болады. Шетінде күлгін-қызғылт құрсау болуы 
мүмкін. Дақтар көптеген айлар бойына сақталуы мүмкін, жеңіл 
атрофия (ақ дақтар ауруы) қалдырады 
(85 г-сурет).
Атрофия
сатысында
тығыздаулы біртіндеп сорылып, тері 
жұқарады, оны қыртыс ретінде қолға ұстауға болады.
Астындағы тіндердің атрофиясы нәтижесінде терінің басылуы 
байқалып (төмендеуі), оның түсі өзгереді. Мерзімінде емдей 
бастаса қатпарлық склеродермия ізсіз жойылып кетуі мүмкін. 
Склеродермияның 
ошақтарының 
гиперпигментациясы 
жақсарудың көрінісінің бірі болып келеді. Сиректеу жергілікті 
кальцийдің тұнуы байқалады.
Пазини-Пьерини 
атрофодермиясы 
табақша 
тәрізді 
склеродермияның ең жеңіл түріне жатады.


Бұл 
түрі, 
біріншілік 
атрофиядан 
гөрі 
қатпарлық 
склеродермияға 
жақындау 
тұратын, 
склероатрофиялық 
процесстің бір түрі. 
Көбіне 10-20 жас аралығында әйел адамдарда кездеседі, 
негізінен арқасында және денесінің басқа бөліктерінде 
орналасады. Ошақтар саны 1-ден онға дейін, мөлшері 2-3 см-ден 
10 см-ге және оданда үлкен болады. Веналар сәулеленіп көрініп 
тұратын, азды көпті төмен басылып тұратын, көк-күлгін түсті, 
жиегі айқын білінетін немесе клиникалық өзгерістері жоқ 
қоршаған теріге ауысатын қатпарлар пайда болады. Қатпарлар 
негізінде тығыздалу болмайды. Кейбір жағдайларда қатпарлар 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   162   163   164   165   166   167   168   169   ...   386




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет