Болжамы уақытында ауруханаға жатқызып, жағдайына ем
алуына байланысты.
2.5.4. К ӨПФОРМАЛЫ ЭКССУДАТИВТІ ЭРИТЕМА Көпформалы
экссудативті эритема
(erythema exudativum multiforme) тері мен кілегей қабаттардағы жедел пайда болатын
полиморфты бөрітпелермен дамиды. Бұл аурудың ағымы циклдік
болып келеді және негізінен күз бен көктемде қайталауға бейім
болады.
Аурудың классикалық түрлерінен басқа, «көпформалы
экссудативті эритема» деген термин онымен клиникалық көрінісі
ұқсас қандайда болмасын бір дәріні көтере алмаушылық белгісі,
сонымен қатар кейбір инфекциялық ауруларда байқалатын
аллергидтер типтес бөртпелер ретінде де білінуі мүмкін. Осыған
орай көпформалы экссудативті эритеманың инфекциялық-
аллергиялық (идиопатиялық) және токсикалық-аллергиялық
(симптоматикалық) түрлерін ажыратады. Тек қана теріні
зақымдайтын жеңіл және кілегей қабаттарды зақымдайтын, ауыр
жалпы белгілермен білінетін және Лайелл синдромына ауысуы
мүмкін ауыр түрлерге бөледі.
Көпформалы экссудативті эритема негізінен жас және орта
жастағы екі жыныстың өкілдерінде де кездеседі.