Б а л а ш т ү с І п қ а л и е в дерматовенерология ОҚулық



Pdf көрінісі
бет152/570
Дата11.05.2022
өлшемі7,25 Mb.
#142152
түріОқулық
1   ...   148   149   150   151   152   153   154   155   ...   570
Байланысты:
Дерматовенерология

Клиникасы және ағымы.
Терінің зақымдалған аймақтарында 
шаш фолликулаларының сағаларынан басталатын және біртіндеп 
мөлшерінің ұлғаюымен қабынбаған сарғыш-қоңыр-қызғылт 
бөртпелер түзіледі. Олар бір бірімен қосылып, терінің белгілі бір 
аймағын алады. Бөртпелердің микрофестальды жиектері бар. 
Біртіндеп бөртпелердің түсі күңгірт, кей жағдайда “сүтті кофе” 
түстес болады. Осы түстердің ауысуы аурудың атының негізіне 
(“түрлі түсті теміреткі”) алынған. 
Бөртпе тері деігейінен шықпайды, әдетте мазаламайды (кей 
жағдайда 
азғана 
қышу 
болуы 
мүмкін), 
ұн 
тәрізді 
қабыршақтанумен бірге жүреді (осыдан кебекті теміреткі деп 
аталады), қырғанда жеңіл алынады. 
Түрлі-түсті теміреткі бөртпелері әдетте симметриясыз 
орналасады. Жиі – арқа мен кеуде терісінде, сирек элементтері – 
мойын, іште, дененің бүйір беткейінде, иықтың сыртқы 
беткейінде орналасады. Соңғы кезде ауру диагностикасында 
ртутты кварцты лампаны (Вуд лампасын) қолданғанда, түрлі-
түсті теміреткі бөртпелерін және шашты зақымдамай бастың 


шашты бөлігіндегі теріде жиі анықтала бастады. Терапияның 
нәтижелігіне қарамастан, бұл ауру рецидивінің жиі себептерінің 
бірі болуы мүмкін. 
Мектепке дейінгі және жасөспірім балаларда жыныстық 
жетілу кезеңінде түрлі-түсті теміреткі мойнында, кеудесінде
қолтық астында, іште, арқасында, аяқтарында және қолдарында, 
бастың шашты бөлігінің терісінде орналасады. 
Ауру ағымы ұзақ (айлап мен жылдап) өтеді. Клиникалық 
жазылғаннан кейін жиі рецидивтер байқалады. Күн сәулесі тез 
жазылуға алып келеді: түрлі-түсті теміреткі терісінде бұрынғы 
бөртпелердің орны күнге күймейді және ақ дақтар пайда болады 
(псевдолейкодерма). 
Диагностикасы

Диагностикасы қиындық тудырмайды. 
Қиындық тудырған жағдайда қосымша әдістерге жүгінеді. Иодты 
Бальцер сынамасын қолданады: теріні иодтың 5% спиртті 
ерітіндісімен 
зақымдалған 
аймақ 
және 
болбыр 
мүйізгекті қабаты бояғанда, 
сау 
теріге 
қарағанда 
интенсивті 
сары 
немесе 
қоңыр түске жақсы боялады 
(43-сурет).
Кей жағдайда 
иодтың 
орнына 
1-2% 
анилинді бояу ерітінділері 
қолданады, 
“жоңқалар” 
феноменін қолдануға болады 
(Бинье симптомы): дақтарды 
айнамен 
қырған 
кезде 
болбыр 
мүйізгекті 
қабатының жоғарғы қабаты қабыршақтанып түлейді.
Клиникалық жасырын зақымдалған ошақтарды анықтау үшін, 
ртутты-кварцты лампа қолданылады, оның сәулелері айна арқылы 
өтіп, никель тұздарымен импренерленеді (Вуд сүзгісі-фильтрі). 
Зерттеу қараңғы бөлмеде жүргізіледі: кебекті теміреткінің 
дақтары 
жарыққа 
қою-қоңыр 
немесе 
қызғылт-сарыға 
флюоресценцияланады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   148   149   150   151   152   153   154   155   ...   570




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет