клиникалық және серологиялық қайталануының патогенезінде
маңызды роль атқарады.
Кейбір науқастарда мерездің
клиникалық белгілері мен серологиялық белгілерінің теріс нәтиже
көрсеткенінен соң бірнеше айдан кейін серология оң нәтиже
береді, ал кейбіреулерінде аурудың клиникалық белгілері
дамиды. Қосымша арнайы (антибиотиктер) және арнайы емес
(пирогенал, витаминдер) терапия әрқашан
қажетті нәтижеге қол
жетуге мүмкіндік бермейді. Тек бірнеше айдан соң өздігінен және
қосымша емсіз серологиялық реакциялардың титрі түсуі мүмкін.
Оң серологиялық тесттер қалай болғанда да арнайы ем жүргізуді
қажет етеді.
Иммунды жүйе бозғылт трепонема антигенұсынушы
клеткалармен (моноцитарлы қатар жасушалары мен Лангерганс
клеткаларымен) жанасқанда белсенеді. Антигенді ұстап ересек
кезеңге ауысады,
өсінділерін жоғалтып, лимфа түйіндері мен
талаққа қарай ауысады, онда олар Т және В лимфоциттердің
субпопуляциясына
әсер
етеді,
CD4
антигендерінің,
кератоциттердің және қабыну инфильтратының жасушаларының
презентациясын күшейтеді.
Мұнымен қатар иммунитеттің
жасушалық нұсқасының супрессиясы болады.
Достарыңызбен бөлісу: