Б. Б. Белғара Қазақ тілін оқыту әдістемесінен хрестоматия астана 2007 Қазақстан Республикасы



бет27/107
Дата07.02.2022
өлшемі1,43 Mb.
#95052
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   107
Байланысты:
Хрестоматия Б.Белғара

1) Ды, 2) Дз-Ды, 3) Ды-Дз, 4) Дз-Ды-Дз - қазақ тілі буындарының
негізгі түрлері болып саналады. Ең көп ұшырайтыны да осылар. Бұл төрт түрлі буынды бір қосып жеңіл буындар деп атаймыз, өйткені бұлар құрылыстары жағынан ең ретті, айтылыстары жағынан ең жеңіл құрылған буындар.
Сөздің айтылыс жағынан жеңіл болуы ішіндегі дауыссыз, дауысты дыбыстардың белгілі тәртіппен тізілуіне байланысты. Өңшең дауыссыз дыбыстар қатар тізіліп кетсе, сөздің айтылуы қиындайды, естілуі кемиді. Сөзді естімді қылатын дауысты дыбыстар. Сондықтан, сөз ішінде дауыссыз дыбыстар дауысты дыбыстардың төңірегінде үймелеп, әр дауысты дыбыс өзінің айналасындағы дауыссыздарымен бірігіп, бір үйір болып, өзге үйірлерден бөлініп тұрады. Осындай әрбір үйірді бір буын дейміз. Әр буында, біздің тілімізде,бір дауысты дыыбстан бір, екі ең көп болғанда үш дауыссыз дыбыстан болады. Қазақ тілінде бір буында бірден артық дауысты, үштен артық дауыссыз дыбыс болмайды. Буын ішінде дауыссыз дыбыс біреу болса, дауыстының не алдына, не артына тұрады (қара: Ды-Дз және Дз-Ды түрлерін), дауыссыз екеу болса, жеңіл буындарда дауыстының екі жағында тұрады (Дз-Ды-Дз түрін қара).
Бір буында екі дауыссыз қатар келсе, айтылуы ауырлайды, естілуі кемиді. Қатар келмей, аралығына дауысты кірістірсе, айтылуы да естілуі де жеңілдейді. Жоғарғы көрсетілген төрт түрлі буынның төртеуіне де жеңіл буындар дейтін себебіміз осы; мұның қайсысында да екі дауыссыз катар келмеген.
Төмендегі екі түрлі буынды ауыр буындар дейміз, өйткені оларда екі дауыссыз қатар келіп, айту мен естілуді ауырлатады. Олар мыналар:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   107




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет