Б. Б. Белғара Қазақ тілін оқыту әдістемесінен хрестоматия астана 2007 Қазақстан Республикасы


З.Буын жігі қайткенде оңай табылады?



бет29/107
Дата07.02.2022
өлшемі1,43 Mb.
#95052
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   107
Байланысты:
Хрестоматия Б.Белғара

З.Буын жігі қайткенде оңай табылады?
Жоғарыда айтқандардан мынадай қорытынды шығады:
Дауысты дыбыссыз буын болмайды.
Бір буында бірден артық дауысты дыбыс болмайды.
З. Дауысты дыбыс жалғыз өзі де буын бола алады.
4. Бір буында үштен артық дауыссыз дыбыс болмайды.
5. Екі дауыссыз бір буында қатар келетін болса, дауыстының
соңынан ғана келеді. Еш уақытта алдында екі дауыссыз
қатар келмейді.
6. Сөз ішінде дауыстыдан басталатын буын болмайды. Әр уақытта ортадағы, аяқтағы буын дауыссыздан басталады.


Осы қорытындыға сүйене отырып, буын жігін оңай, механик түрде табуға болады. Оның үшін жазылған әрбір сөздің дыбыстарын аяқ жағынан бастап шоламыз. Дауысты дыбыстан соң келген дауыссызды елемей өте шығып (өйткені дауыстының соңында дауыссыз болмай да қалады, біреу де, екеу де бола береді), әрбір дауыстының алдыңғы жағына бір дауыссыз тастап бөле береміз (өйткені сөз ортасында дауыстыдан буын басталмаушы еді ғой). Сонда неше бөлік шықса, сонша буын болады.
Мысал үшін «оқытушы» деген сөзді буындап көрелік. Аяғынан бастасақ аяққы дыбысы ы - дауысты мұның алдында бір дауыссыз тастап бөлсек, «оқы//ту//шы» болады. Бұған жалғас тұрған дауысты ы-ның алдына бір дауыссыз тастап бөлсек, «о//қы//ту//шы» болады. Сонда «оқытушы» сөзі төрт буынды болып, буын жігі «о-қы-ту-шы» тәрізінде ашылып шығады.
«Сауаттандырылсын» деген ұзын сөзді алсақ та бәрі бір, соңғы жағынан бастап дауыстысын табамыз, ол - ы; бұған алдыңғы жағынан жалғас тұрған бір дауыссызды (с) қосшы етіп беріп, бөлеміз: «сауаттанды//рыл//сын» болады. Үшінші ы-ға оның алдындағы дауыссыз д-ны беріп, бір кетеміз: «сауаттан//ды//рыл//сын» болады. н-ды аттап өтіп, дауысты а-ға алдындағы бір т-ны басып өтіп а-ға оның алдындағы дауыссыз у-ды беріп бөліп тастаймыз: «са//уат//тан//ды//рыл//сын» болады.
Сөйтіп, «са-уат-тан-ды-рыл-сын» түрінде буын жіктері келіп шығады.
Міне, буын жігін осылай оңай ашуға болады. Бұлай ашу үшін буын жүйесімен таныс болмай-ақ, механик түрде осылай бөліп-бөліп тастау да мүмкін. Бірақ, сырына қанбайынша, олай бөле білгеннен буын жігін тапқан болмайды. Соның үшін олай механик түрде балаға бөлдіру жарамайды. Есеп сабағында 15-16 есебін бірінің астына бірін жаздырып, бірден түрінде шығару қиын емес. Бірақ бірліктер мен ондықтардың қасиеттерін аңғартпай, неліктен қалған бір ондықты бұлай қарай тасымалдау керектігін түсіндірмей, бас салып «осылай жаз!» - деп баса шөгу кемді күн нәтиже берген сияқты болғанмен өрісі ұзамайтын білімсіз дағды ғана бермек. Мұнда да осылай, неліктен осылай бөліп тастауға болатынын бала ұғынса ғана, көрсетуге болады. Оны ұғыну IV-жылдарда ғана мүмкін.
Мұндағының қай-қайсысын да біз бала үшін емес, мұғалім үшін жазып отырмыз. Мұғалім өзі жақсы ұғынса, балаға ұғындырудың есебін таба жатар деп сенеміз. Мұнан көргенін түгелімен балаға көрсетсе, бала бір нәрсе де ұқпайды. Буынды жіктеу, оның формулаларын беру - бастауыш мектепке ауыр келетін жұмыс. Буынды жүйелі түрде топтастырып айыру V жылда ғана мүмкін. Соның үшін әзіргі мұғалімнің міндеті - программадағы мөлшерден озбай, буын жайын қате ұқтырмай, дұрыс түсіндіре, барды бақылата отырып, бірте-бірте жүйелі түрде әкеліп салу болу керек.
Қазақ тілінің буын жүйесі қиын нәрсе емес. Сонда да оның сырына ауыл мұғалімдері түгел қанып жүрген жоқ. Келесі номерлерде емле методикасы жайынан мақала беріліп отыратын болғандықтан, буын жүйесін жақсы аңғармай тұрып емле методикасын миға қондыруға болмайтындықтан, жұрттың көбіне таныс мәселе болса да, буынға біраз кідіріп өтуге тура келеді..
(Мақала Қ.Жұбанов. «Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер» кітабынан алынды, 330-340 б.)




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   107




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет