4. Дз-Ды-Дз (дауыссыз-дауысты-дауыссыз)- жеңіл бітеу буын.
Бұл - үш дыбысты буын: алдыңғысы дауыссыз (Дз) ортаңғысы дауысты (Ды), соңғысы дауыссыз (Дз); қысқартқанда Дз-Ды-Дз болады. Дауысты дыбыс ортада қалып, екі басы бірдей бітеу, дауыссыз болғандықтан бітеу буын дейміз (жеңіл деу себебін төменнен қара).
Қар, жел, сот, жен, түр, сыз, сіз, мән - бәріңце бітеу буырдар. Жаң-быр, сын-дыр, құн-дыз, күл-гір, сол-ғыш, көз-гіл сөздеріндегі буындар да бітеу буындар.
Бұл буын жеке өзі бір сөз болып та, сөздің бөлшегі болып та келе береді. Сөз ішінде баста да, ортада да, аяқта да келеді. Бірак сөздің соңғы буыны болып, оған жалғас келетін сөз дауысты дыбыстан басталса екі ортасында тыныс болмаса, ол бұл буынның соңғыдыбысы айрылып, келесі буынға қосылып кетеді де, өзі ашық болып қалады. Бұл мінез мұның алдындағы 3-сандағы буын түрінде де (Ды-Дз) бар.
Міне, осы айтылған төрт түр: