Мобильді генетикалық элементтер (МГЭ). МГЭ – бір хромосома бойында немесе хромосомалар арасында орын
ауыстыра алатын ДНҚ фрагменттері.
Прокариоттардың мобильді генетикалық элементтері:
IS – элементтер;
Транспозондар: жай және күрделі.
30
IS – элементтер:
1.
Мӛлшері 700 - 1500 ж.н. дейін;
2.
Ұштарында ұзындығы 22-41 ж.н. кері (инвертті) қайталанулар IR
болады;
3.
Геномды транспозициялауға қажетті гендері (транспозаза болады);
4.
IS элемент репликацияланады, содан кейін барып оның кӛшірмесі
жаңа сайтқа енеді.
Күрделі транспозондар:
1.
Мӛлшері 2000 – 10000 ж.н. дейін;
2.
Ұштарында IS – элементтер орналасады;
3.
IS
– элемент аралығында қосымша құрылымдық гендер
(антибиотиктерге, ауыр металдарға тұрақтылық гендері, токсин гендері
т.б).
Жай транспозондар:
1.
Мӛлшері 5000 ж.н. дейін;
2.
Ұштарында кері (инвертті) қайталанулар болады (IR) болады;
3.
Кері (инвертті) қайталанулар арасында транспозицияны қамтамасыз
ететін құрылымдық гендер болады.
Эукариоттардың генетикалық элементтері (басым
бӛлігі
ретротранспозондар):
1.
ДНҚ
транспозондар
(жүгерінің
бақылаушы
элементтер,
дрозофилланың Р элементтері т.б). Екі ұшында кері қайталанулар болады.
«Кесу – қосылу» принципі бойынша орын ауыстырады;
2.
Поллинтондар – 10 –нан аса нәруыздардың коды, соның ішінде
праймер ретінде нәруызды пайдаланатын ДНҚ-полимераза В коды
болатын ұзындығы 15-20 м.ж. ДНҚ фрагменті, екі ұшында кері
қайталанулар болады (бірнеше жүздеген ж.н.). «Кӛшірме жасау – қосылу»
принципі бойынша жүзеге асады;
3.
Хелитрондар – ДНҚ бірізділіктері. Ұштарында кері қайталанулар
болмайды. «Кӛшірме жасау – қосылу» принципі бойынша орын
ауыстырады. Репликациясы «дӛңгелеген сақина» принципі бойынша
жүзеге асады;
4.
Ретротранспозондар - ретровирустарға ұқсас, бірақ жасушаларды
зақымдауға қабілетсіз. Орын ауыстыруы кері транскрипцияға негізделген
екі топқа жіктеледі: LTR бар (ұштарындағы қайталанулар ұзын)
ретротранспозондар; LTR жоқ (LINE, DIRS,
Penelope, ретроинтрондар,
SINE - адамдағы Alu бірізділіктері) ретротранспозондар.
МГЭ маңызы: 1.
Биологиялық мутагендер болып табылады;
2.
Жақын маңдағы гендердің белсенділігін ӛзгерте алады, себебі
энхансер және инсуляторлық бірізділіктері бар;
31
3.
Бірдей МГЭ арасында тең емес кроссинговер жүру нәтижесінде
хромосомалық қайта құрылулар болуы мүмкін;
4.
Дрозофиллдерде ретротранспозондар теломер түзуге қатысады.