Б. Б. Ерниязова



Pdf көрінісі
бет13/27
Дата08.02.2023
өлшемі1,31 Mb.
#167986
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   27
Байланысты:
ГЕНДІК ИНЖЕНЕРИЯ

 
СӚЖ тапсырмалары
1. Әртүрлі типтегі рестриктазалардың қасиеттері. 
2. Ішек таяшасының ДНҚ-полимеразасы. 
3. Ферменттердің жіктелу принциптері.
 
 
5 Клон алу үшін қажетті векторлар
 
Дәріс жоспары: 
5.1 Векторлардың жалпы сипаттамасы 
5.2 Векторлардың жіктелуі 
5.3 Векторлардың негізгі қасиеттері 
5.4 Плазмидалық векторлар 
5.1 Векторлардың жалпы сипаттамасы 
Вектор деп гендік инженерияда реципиент жасушаға тасымалданып, 
сонда тұрақтай алатын, құрамында бӛтен ДНҚ-ры бар, ӛздігінен 
репликациялануға қабілетті ДНҚ молекулаларын айтады. Векторларды in 
vitro жағдайында рекомбинациялық ДНҚ жасау үшін және оларды ары 
қарай жасушаларға енгізу үшін қолданады. Бастапқы рекомбинациялық 
ДНҚ қоспасынан жекелеген молекулаларды жеке-жеке клондарға 


43 
ажыратады және соның құрамында бӛгде гендерді кӛбейтеді, яғни 
клондайды. Бұл мағынада алғанда кез келген вектор клондаушы болып 
табылады. Векторлар жасушадан клонданған ДНҚ бӛліп алуды 
жеңілдетеді. Тасымалданатын генетикалық материал вектордың құрамына 
әртүрлі ферменттің әсерімен енгізіледі. Алғашқы векторлар ішек 
таяқшасымен жұмыс жасау кезінде жасалған. Векторлардың репликациясы 
жасушадағы нәруыздарға байланысты болады. Сондықтан реципиент 
жасушаларының әрқайсысы үшін ӛз векторларын құрастыру қажет. Вектор 
ретінде мӛлшері кішірек табиғи репликондар қолайлы. Олар 
плазмидалардың немесе вирустардың ДНҚ-сы, бірақ тікелей күйінде сирек 
қолданады. Кӛбінесе оларды алдын ала модификациялап, белгілі бір 
талаптарға сай болуы үшін комбинирлейді. E.coli жасушаларының ең кӛп 
таралған плазмидалық векторлары – pBR322 плазмидасы және оның 
арнайы жасалған туындылары. 
Осы E.coli жасушалары үшін жіпшелі фагтар мен Х фагының ДНҚ-сы 
негізіндегі фаг векторлары құрастырылған. Космида – кӛбеюді қамтамасыз 
ететін гендерді қалдырып, бӛгде ДНҚ-мен алмастыру үшін кӛп бӛлігі алып 
тасталынған плазмида. Осы плазмида кӛмегімен Х фагының бас бӛлігіне 
рекомбинациялық ДНҚ жинақтауға болады. Ӛнеркәсіптік маңызы бар 
бактериялар Bacillus, Pseudomonas, Streptomyces т.б. және тӛменгі 
сатыдағы саңырауқұлақтар Saccharomyces, Aspergillus, Neurospora, т.б. 
үшін векторлар құрастырылған. Бұдан ӛзге ӛсімдіктер мен жануар 
жасушаларына гендерді тасымалдайтын жаңа векторлар құрастыру 
жұмыстары қарқынды жүруде. 
Плазмидалық векторлар реципиент жасушаларға кальцийлік әдіс 
немесе электропорация арқылы, ал фагтар жұқтыру немесе трансфекция 
арқылы енгізіледі. Реципиент ретінде кӛбіне E.coli К-12 штаммдары 
қолданылады, олардың сипатты ерекшелігі, клонданатын фрагменттерді 
ЕсоК рестриктазасының әсерінен қорғайтын hsdR немесе hsdS 
мутациялары болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   27




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет