Б. Б. Ерниязова



Pdf көрінісі
бет14/27
Дата08.02.2023
өлшемі1,31 Mb.
#167986
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   27
Байланысты:
ГЕНДІК ИНЖЕНЕРИЯ

 
5.2 Векторлардың жіктелуі 
Жасалуы бойынша: плазмидалық, фазмидалық, аденоассоцирлі 
вирустар, аденовирустар ретровирустар, герпес вирустар, вирус SV 40 
негізінде жасалған векторлар болады. 
Плазмидалық вектор ДНҚ молекулалары түрінде жасуша ішінде 
болады, фагтық векторлар ДНҚ молекулалары түрінде және вириондар 
түрінде болады. Гибридті-космида, плазмиданың да, фагтардың да 
жекелеген қасиеттерін үйлестіреді (18-сурет).
Қолданылу мақсатына қарай векторлар клондауға арналған, гендерді 
қосуға арналған вектор, экспрессияланушы вектор, бинарлы вектор болып 


44 
жіктеледі. Қолданылуын басқаша алғанда: геномдық гендерді, кДНҚ, кез 
келен ДНҚ фрагменттерін клондауға арналған жалпы мақсаттағы 
векторлар; мРНҚ мен нәруыздардың синтезін жүргізетін, басқаша 
айтқанда клонданған гендердің экспрессиясы үшін қажетті векторлар; 
гендерді секвендеу, мутациялау, клонданған гендердің реттелу 
ерекшеліктерін зерттеу, клонданатын ДНҚ-дағы промоторлар мен басқа да 
реттеуші сайттарды идентификациялану үшін қолданылатын маманданған 
векторлар болады.
19-сурет - Екі сos-сайты бар 
с2RB
космидасының кӛмегімен гендерді 
клондау сызбасы. Рестрикция сайттары: Е-
Eco
RI, В-
Bam
HI, С-
Cla
I,
Н-
Hind 
III. сos -cайттың бағыты қара нұсқауышпен кӛрсетілген 
ДНҚ құрылымы бойынша: сақиналы векторлар, жазық тізбекті 
векторлар. 
Жасушада тұрақтап қалу тәсілі бойынша: ӛздігінен репликацияланатын 
автономды 
вектор 
және 
жасуша 
хромосомасының 
құрамында 
репликацияланатын
интегративті вектор болады. 
Жасушадағы молекула саны бойынша: аз кӛшірмелі, мульти кӛшірмелі 
(ондап саналатын) векторларды ажыратады. 


45 
Векторлық геномындағы репликаторлар саны бойынша: бирепликонды 
болып жіктеледі. Егерде ол әр түрге жататын ағзалар жасушаларында 
репликацияланса, онда шаттл-векторлар деп аталады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   27




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет