25
Ол үшін ДНҚ молекуласының белгілі бір аймағында, матрица ретінде
ядрода РНҚ синтезделеді, цитоплазмаға шығып, нәруыздың синтезі, яғни
нуклеотидтердің бірізділігі амин қышқылдық бірізділікке ауыстырылады.
Осы аталған маңызды үрдістердің барлығы белсенді немесе белсенді емес
күйде болатын гендердің бақылауымен реттеледі. Бұл қағида
прокариоттарға да, эукариоттарға да тән.
Репликация деп ДНҚ-ң ӛздігінен екі еселенуін айтады. Жаңадан
түзілген ДНҚ молекуласының бір тізбегі аналық ДНҚ тізбегінің бірі болып
табылады. Сондықтан ДНҚ-ның осындай жолмен синтезделуін жартылай
консервативті жол деп атайды. E.coli хромосомасының репликациясы.
ДНҚ репликациясына қатысатын ферменттер: ДНҚ-хеликаза, ДНҚ-
топоизомеразалар, ДНҚ полимеразалар, ДНҚ-лигаза, SSB-нәруыздар.
ДНҚ- на тәуелді ДНҚ- полимеразасы (І, ІІ, ІІІ)
Эукариоттардағы
репликацияның
прокариоттардағыдан
айырмашылығы инициация нүктелері бірнеше жерден болады. Оны ori деп
атайды. Нәтижесінде бірнеше репликон түзіледі. Ал прокариоттарда 1 ғана
репликон түзіледі.
Эукариоттарға тән ДНҚ полимеразалардың 6-ға жуық түрі бар: α, β, δ,
ε, γ, δ. Осылардың 4-і α, β, δ, ε хромосомалық ДНҚ-ның репликациясына
тікелей қатысады. ДНҚ полимераза α эукариоттардан табылған ең
алғашқы полимераза.
Эукариоттардың хромосомасының теломер бӛліктері бар, ол жерде
ешқандай ақпаратты сақтамайтын 6 нуктеотидтен тұратын бірнеше
қайталану тізбегі болады. Эукариоттарда теломераза ферменті болады.
Қызметі - матрицалық тізбекті ұзартып, хромосомалардың қысқаруын
болдырмайды.
Достарыңызбен бөлісу: