Б. Б. Мубаракова іс қАҒаздарын қазақ тілінде жүргізу павлодар Алғы сөз Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 7 ақпанындағы №550 «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы»


Пәтерді сату-сатып алу туралы келісімшарт



бет2/3
Дата28.01.2018
өлшемі1,03 Mb.
#34782
1   2   3

Пәтерді сату-сатып алу туралы келісімшарт


Алматы қаласы, Жамбыл көшесі, 91, екі мың төртінші жылы он тоғызыншы қазан ____________________________________________________________________________________________________________________________________________

(келісімшарт жасалған мекенжай және дата сөзбен жазылады)

Б1з, төменде қол қоюшылар, Алматы қаласы, Әуезов көшесі, 12-уй, 16-пәтерде тұратын азамат Сапаров Жандос Балғынбекұлы, Қазақстан Респуликасының ІІМ 2001 жылғы 13 ақпанда берген жеке куәлігінің № 444312119, Алматы қаласы, Абай данғылы, 54-үй, 33-пәтерде тұратын азамат Жақыпов Орал Санжарұлы, Қазақстан Республикасының ІІМ 2000 жылы 10 мамырда берген жеке куәлігінің № 314625101, төмендегілер туралы осы келісімшарт жасадық:



  1. Мен азамат Сапаров Жандос Балғынбекұлы, Алматы қаласы, Әуезов көшесі 12 мекенжайындағы 16-пәтерді саттым, мен азамат Жақыпов Орал Санжарұлы Әуезов көшесі 12 ме­кенжайындағы !6-пәтерді сатып алдым.

  2. Көрсетілген пәтер 1995 жылы 5 наурызда жасалған сату-сатып алу келісімшартының негізінде ТИБ-те тіркелген; жеке меншік құқығы бойынша азамат Сапаров Жандос Балғынбекұлына тиесілі. Келісімшарт № 16 тізбеге тіркеліп, Алматы қаласынын лицензия № 0011 "Әділ" нотариалдық, кеңсесінде куәландырылған:

- пәтер жалпы пайдалы аумағы 65 шаршы метр 2 бөлме
ден тұрады;

- пәтердің инвентарлық ТИБ-тің 1995 жылғы 5 наурыздағы № 17 бланкіде көрсетілген анықтамасы бойынша жүз елу (150 000) мың теңге тұрады;



  1. Мен, азамат Сапаров Жандос Балғынбекұлы, көрсетілген пәтерді азамат Жақыпов Орал Санжарұлына осы келісімшартқа,ол қою кезінде төленетін үш жүз елу мың (350000) теңгеге саттым.

  2. Осы уақытқа дейін көрсетілген пәтер ешкімге сатылған жоқ, қарыз өтеуге берілген жоқ, дау-таласта болған жоқ, тұтқынға алынған жоқ.

  3. Пәтерді пайдалануды Қазақстан Республикасының
    "Тұрғын үй қарым-қатынастарды туралы" заңында белгіленген, тұрғын үйді пайдалану ережелеріне сәйкес азамат Жақыпов Орал Санжарұлы жүргізеді.

  4. Сатылған пәтерді азамат Сапаров Жандос Балғынбекұлыньң 6epyi және оны азамат Жакыпов Орал Санжарұлыньң қабылдап алуы екі тарап қол қоятын беру-алу актінің негізінде жүзеге асырылады.

  5. Қолданылып жүрген заңның № ...- бабының мазмұны түсіндіріледі.

  6. Келісімшартты ресімдеуге байланысты шығынды азамат Сапаров Жандос Балғынбекұлы төлейді.

  7. Келісімшарт үш дана етіп жасалған, 6ip данасы нотариалдық, кеңсенің ісінде, екінші данасы сатушыда, үшінші данасы сатып алушыда сақталады.

Тараптардың қолы сатушы/

сатып алушы/



Осы келісімшартты 2004 жылғы 19 қазанда мен, Тұраров Асан Сағиұлы, Алматы қаласындағы лицензия №3464 "Сенім" нотариалдық кеңсесінің нотариусы куәландырдым.

Осы келісімшартқа менің қатысуымен кезінде Тараптар қол қойды. Тараптардың жеке басы анықталады, құқықтық іс әрекетке қабілеттілігі және сатылатын пәтердің сатушыға тиесілі екендігі тексеріледі.

Келісімшарт техникалық инвентаризация бюросында тіркеледі.

Келісімшарт мәтіні дауыстап оқылды. № 112 тізбеге тіркелді.

Тариф бойынша 500 теңге мемлекетпк салық алынды.

Нотариус

(қолы)
3-жаттығу. Сөз тіркестерін аударыңыз



Келісімшарт жасау, мәміле барысында, пәтерді сату — сатып алу туралы келісімшарт, осы уақытқа дейін, тараптардың, қолы, жүзеге асырылады, төмендегілер туралы, тұрғын үйді пайдалану ережелеріне сәйкес, пәтерді сатып алдым, құқықтық ic-әрекетке қабілеттілігі, келісімшартты ресімдеу, дау-таласта болған жоқ, жекеменшік құқығы бойынша, жалпы пайдалы аумағы.







4-жаттығу. Үлгімен танысыңыз

Автокөлікті сату - сатып алу туралы келісімшарт

Павлодар қаласы, Камзин көшесі, 12-үй, екі мың алтынші жылғы он үшінші мамыр

Біз, төменде қол қоюшыларПавлодвр қаласы, 75-үй, 28-пәтерде тұратын азамат Шушпаев Болат Әнетұлы, Қазақстан Республикасының ІІМ 2001 жылғы 10 ақпанда берген жеке куәлігінің № 465346514, Павлодар қаласы, Абай даңғылы 105-үйде тұратын азамат Сыздыков Серік Қанатұлы, Қазақстан Республикасының ІІМ 1995 жылғы 3 ақпанда берген жеке куәлігінің 100245141 төмендегілер туралы келісімшарт жасадық:

1. Мен, азамат Шушпаев Болат Әнетұлы, "жигули" маркалы жеңіл автокөлігімді сатамын, кузовыньң типі………., шығарылған типі......., шасси нөмірі, двигатель нөмірі........., мемлекетік нөмірі A 582 КОМ, мен, азамат Сыздыков Серик Қанатұлы,көрсетілген автокөлікті сатып аламын.

  1. Көрсетілген автокөлік Мемлекеттік автоинспекция 1998 жылғы 16 сәуірде берген № 254631 техникалық паспорттың негізінде маған, Шушпаев Болат Әнетұлына тиесілі.

  2. Автокөлік жүз жетпіс бес мың (175 000) теңгеге сатылады. Көрсетілген соманы қол қою кезінде азамат Сыздыков Серик Қанатұлы төлейді.

  3. Осы уақытқа дейін көрсетілген автокөлік ешкімге сатылған жоқ, тұтқынға алынған жоқ, қарыз өтеуге берілген жоқ.

  4. Осы келісімшартты ресімдеудің шығынын азамат Сыздыков Серік Қанатұлы төлейді.

  5. Осы келісімшарт үш дана етіп жасалған, 6ip данасы нотариалдық кеңсенің ісінде сақталады, екінші данасы азамат Шушпаев Болат Әнетұлына, үшінші данасы Сыздыков Серик Қанатұлына берілді.


Тараптардың қолы сатушы/

сатып алушы/



2007 жылғы 13 мамырда осы келісімшарты мен, Жазықова Шолпан Ахатқызы, Павлодар қаласындағы лицензия № 365 "Айқын" нотариалдық кеңсенің нотариусы куәландырдым.

Осы келісімшартқа менің қатысуым кезінде Тараптар қол қойды. Тараптардың жеке басы анықталады, құқықтық іс-әрекетке қабілеттілігі және сатылатын автокөліктің сатушыға тиесілі екендігі тіркеледі.

Келісімшарт мәтіні дауыстап оқылады. Тариф бойынша 500 теңге мемлекеттік салық алынды.


Нотариус

(қолы)
5-жаттығу. Келісімшарттағы қажетті сөздерді қойыңыз

1. Қазақстан Республикасың .............2006 жылғы 14 қарашада жеке куәлігінің № 123456579. 2. Аталған пәтер құқығы бойынша азамат Мейрам Нурболатұлына 3. ТИБ-тің ........................... бойынша пәтердің құны 19 485 150 теңге. 4. Келісімшартты ресімдеудің азамат Ербол Маратұлы төлейді. 5. Осы келісімшарт жасалғанға дейін пәтер ешкімге ............ жоқ, қарыз ................. берілген жоқ, алынған жоқ. 6. Тараптардың ................. анықталды, .............................. ................................... ....................................

тексерілді, пәтердің сатушыға ..................... екендігі тексерілді. 7. Тариф бойынша 500 теңге мемлекетік алынды. 8. Келісімшарт мәтіні ............ оқылады.


6-жаттығу. Өзіңізді тексеріңіз: аударыңыз

жеке куәлік, тіркелген мерзім, қол қою кезінде, шаршы метр аталған пәтер, төлем сомасы, үйді пайдалану ережелері


7-жаттығу. Екі қатардан мағыналары жақын сөздерді табыңыз

  1. _____________ мекенжай 1) уакыт

  2. _____________ шығыныудан 2) тайм

  3. ____________ тиесілі 3) қолдану

  4. _____________ мерзімі 4) мүмкіндік

  5. _____________ тізбе 5) жақ

  6. _____________ пайдалану 6) растау

  7. _____________ жұмсау 7) қалдыру

  8. _____________ қабілет 8) салық төлеу

  9. _____________ тарап 9) ықшам аудан

  10. ______ куәландыру 10) меншігінде

  11. _______ сақталу 11) жіберу

  12. _______ салық алу 12) тұратын жер



8-жаттығу. Тиісті мәліметтерді толтырыңыз
Сыйға беру туралы келісімшарт

Павлодар қаласы, 2007 жылғы 21 желтоқсан

Азамат Асылбеков Муратұлы, мекенжайы: Павлодар қаласы, Сатпаев көшесі, 36-үй, 43-пәтер және азамат Жұбанышева Әлия Жолдасқызы, мекенжайы: Павлодар қаласы, Кутузов көшесі, 17-үй, 7-пәтер, өзара төмендегідей келісімшарт жасады.


1. Азамат..................................................................................................

азамат.......................................................................................................

мекенжайы..........................................................................................

(пәтердің жалпы пайдалану ауданы)

пәтерді сыйға тартады.



2. Аталған пәтер ............................................................................................................. .....................................................................................................................тиесілді

3. Мен, азамат................................................................................................... сыйды

толық қабылдаймын.



4. Сыйға берген мүлік................................................................................................

...................................................................................................................тұрған жоқ

1..................................................................................заңның баптары түсіндірілді.

2 шығынын сыйға беруші ............................................................

3 .................бір данасы...................................................сақталады.
9-жаттығу. Мәтінмен танысыңыз

Мен "Әділет" фирмасының өкілімін. Аты-жөнім — Марат Есенұлы. Біздің фирмамыз сізбен сүт өнімдерін өндіру үшін бірлескен өнеркәсіп құру туралы мәселені талқылағысы келеді. Мен сіздердің өнеркәсіп жұмыстарыңызбен танысу үшін, сіздердің талаптарыңызды білу үшін келдім. Сондай-ақ біз шетелден шикізат жеткізіп тұру туралы келісімшарт жасауға дайынбыз. Біз сіздермен ұзақ мерзімді келісімшарт жасамақпыз. Сондай-ақ біздің фирма бартерлік келісімшарт нұсқаларын талқылауға дайын.


10-жаттығу. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіз


  1. "Әділет" фирмасы қандай мәселені талқыламақшы?

  2. "Әділет" фирмасының өкілі кездесуге қандай мақсатпен келді?

  3. Фирма қандай шарт жасауға дайындығын білдірді?

  4. Фирма тарапынан қандай ұсыныс жасалды?

  5. Фирма қандай мәселені талқылауға дайын екендігін білдірді?


11-жаттығу. Саяжайды сату – стаып алу туралы келісімшарт жасаныз.
АНЫҚТАМА
Аныктама — белгілі бір деректі дәлейдейтін, растайтын, сипаттайтын құжат. Ол кей жағдайда жеке адамға байланысты нақты ақпаратты растау үшін беріледі. Мысалы, тегі, туған күні, туған жері, қызмет орны, жалақысы, еңбек өтілі, отбасы жағдайы, оқу орны және тағы басқалар туралы мәліметтер. Берілетін анықтамалар нөмірленді, егер бірнеше дана берілсе, ол да көрсетіледі. Мысалы: 124/2

Анықтама мазмұны қысқа болады. Ең алдымен жолдың ортасынан "Анықтама" деген сөз, сосын азат жолдан анықтама мәтіні жазылады. Онда анықтама кімге, не үшін берілген және қай мекемеге берілгені көрсетіледі. Соңында анықтаманы 6epyші мекеме басшыларының қолы қойылып, мекеме мөрі басылады және жарамдылық мерзімі жазылады.



Анықтамада жиі кездесетін сөз орамдары: жолдасқа/ мырзаға/ берілді; оның отбасы кұрамы; мамандығы бойынша жұмыс істейді; орташа айлық жалақысы; бөліміне /мекемесіне, басқармасына,ұйымына/ тапсыру үшін берілді; үйге /пәтер/ тұратынын / оқу орнында оқитынын; зейнеткер; топтағы мүгедек екендігін; уақытша жұмыс істемейтіндігін/ растайды; жыл ішінде тапқан табысы жөнінде ; есептелген табысының жалпы сомасы; табыс салығының сомасы; зейнеткерлік жарнасының сомасы және тағы тағылар.

1-жаттығу. Сұрақтарға жауап беріңіз


  1. Анықтама не үшін беріледі?

  2. Оның құрылымы қандай болады?


2-жаттығу. Сөз тіркестерін аударыңыз
Деректі растау, жеке адамға байланысты, ақпаратты растау, бірнеше дана, анықтама нөмірленеді, анықтама мазмұны, анықтама мәтіні, кімге берілген, мекеме басшылары, мекеме мөрі, не үшін берілгені, жарамдылық мерзімі.
Грамматикалық минимум


Ырықсыз етіс

жұрнақтары: -ыл, -іл, -л


Мысалы: Анықтама азамат А. Оспановқа берілді

Анықтама оқу бөлімінен алынады.






3-жаттығу. Сөйлемдерді аударыңыз
1. Арман Бақытұлының 3 курста оқитыны расталды. 2. Бүгін 150 анықтама берілді. 3. Келісімшарт нотраиалдық кеңседе куәландырылды. 4. Оның әкімшілікте жұмыс істейтіні анықталды. 5. Қызметкерлердің өтініші қаралды.
4-жаттығу. Анықтама үлгілерімен танысыңыз

Анықтама 74/1
21 қазан 2007 ж.

Осы анықтама Алматы қаласы Абай даңғылындағы 15-үй, 56-пәтердің тұрғыны Бейсебеков Болатқа берілді.

Оның отбасында өзінен басқа үш адам бар:


  1. Жұбайы — Бейсебекова Майра, 1966 жылы туылған.

  2. Ұлы — Бейсебеков Думан, 1990 жылы туылған.

  3. Ұлы — Бейсебеков Айдос, 1994 жылы туылған.

Анықтама әлеуметік қамсыздандыру бөліміне тапсыру үшін берілді.

Анықтама 10 күн өз күшінде


Мөр орны "Асар" турғын үй

ұжымның төрағасы А.Айдаров

____________________________________________________________________________________


Анықтама 18/2

15 ақпан 2007 ж.

Осы анықтама азамат Бейсебеков Болатқа берілді.

Бейсебеков Болат шын мәнінде Қазақ ұлттық аграрлық университетінде Қазақ ұлттық аграрлық университетінде оқытушы болып жұмыс істейді.

Анықтама Әуезов ауданынының салық инспекциясы үшін
берілді.

Анықтама 4 ай өз күшінде.


Мөр орны Кадр бөлімінің бастығы С.Жолдасова

____________________________________________________________________________________


Анықтама 34/1

2 мамыр 2007 ж.

Осы анықтама студент Ахатова Назымға берілді.

Ахатова Назым шын мәнінде Абылайхан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінде, халықаралық қатынастар факультетінің 4 курсында оқиды.

Анықтама ұлттық кітапханаға тапсыру үшін.

Анықтама 10 күн өз күшінде.


Мөр орны Оқу бөлімінің бастығы Ж.Сабырова

5-жаттығу. Сұрақтаргғ жауап беріңіз


  1. Анықтамалар кімге берілген?

  2. Не үшін берілген?

  3. Қайда тапсыру үшін берілген?

4. Анықтама кімнің атынан берілген?
6-жаттығу. Сөз тіркестерін аударыңыз.
Шын мәнінде, салық инспекциясы, әлеуметік қамсыздандыру бөлімі, 15-пәтердің тұрғыны, тапсыру үшін, оқу бөлімі, турғын үй, кадр бөлімі, анықтама әкелу, өз күшінде.
7-жаттығу.Жағдаяттар бойынша анықтама жазыңыз.


  • Анықтама Сапар Жолдасбекұлының мекенжайын растау үшін әскери комиссариатқа керек. Мекенжайы: Семей қ., Пушкин к-ci, 45-үй,12-пәтер.

  • Анықтама ұлттық кітапханаға Бакытова Айнұрдың әл-Фараби атындағы К,азҰУ-дың заң факультетінде (3-курс) оқитынын растау үшін керек.


CEHIMXAT

Сенімхат — сенім білдірген тұлғаға сенім білдруші атынан (кәсіпорын, азамат) қандай да 6ip ic-әрекетті жузеге асыруға құқық, беретін құжат.

Сенімхат екі түрлі болады:

- мекеме атынан беретін ресми сенімхаттар

- жеке тұлға атынан берілетін жеке сенімхаттар.

Ресми сенімхаттар мекеме өкіліне сол мекеме атынан мәміле жасауға, материалдық, құндылықтар мен ақша алуға немесе басқа да іс-әрекеттерді жүзеге асыруға беріледі. Ресми сенімхаттар мекеме бланкісіне ресімделеді.

Жеке сенімхаттар жеке тұлға атынан беріледі. Онда сенім білдіруші сенім білдірген тұлғаға өзінің орнына:

- жалақы, жәрдемақы, зейнетақы, хат-хабар, кұжаттар алуга;

- өтініш жазуға;

- қол қоюға;

- пәтер сатуға және сатып алуға;

- пәтерді жеке адамдарға жалга беруге;

- машина жүргізуге;

- банктегі есептерді пайдалануға;



- барлық мекемелерде ic жургізуге;

- сот мекемелерінде оның өкілі болуға құқық, береді.

Сенімхаттар белгілі бір мерзімге беріледі. Егер оның мерзімі көрсетілмесе, берілген күннен бастап 6ip жылға дейін өз күшін сақтайды. Ал егер берілген күш көрсетілмесе, ол өз күшін жояды.

Сенімхаттар нотариалдық кеңседе куәландырылады. Нотариалдық, кеңседе сенім білдірушінің жеке басы анықталады, құқықтық ic-әрекетке қабілеттілігі тексеріледі. Сосын сенімхат мәтіні дауыстап оқылып, тізбеге тіркеледі, тиісті мемлекеттік салық, алынады және нотариустың қолы қойылып, кеңсенің мөрі басылады.



Сенімхаттың құрылымы:

Ең алдымен жолдын ортасынан "Сенімхат" деген сөз жазылады. Сосын айы, күні, жылы және мекенжайы көрсетіледі. Содан кейін азат жолдан сенімхаттың мәтіні жазылады. Онда сенім білдірушінің және сенім білдірілген тұлғаның аты-жөні, мекенжайы, жеке басы куәлігінің нөмірі мен берілген орны және орындалуға тиісті ic-әрекет жазылып, сенім білдірушінің қолы қойылады. Осыдан кейін сенімхат нотариалдық кеңседе куәландырылады.


1-жаттығу. Сұрақтарға жауап беріңіз


  1. Сенімхат қандай құжат?

  2. Сенімхаттың неше түpi болады?

  3. Ресми сенімхаттың жеке сенімхаттан айырмашылығы неде?

  4. Жеке сенімхат қандай ic-әрекеттepдi орындауға берілді?

  5. Сенімхат қандай мерзімге дейін өз күшін сақтайды?

  6. Қандай жағдайда ол өз күшін жояды?

  7. Сенімхат қайда куәландырылады?

  8. Нотариус сенімхатты қалай куәландырады?

  9. Сенімхаттың құрылымы қандай?


2-жаттығу. Сөз тіркестерін аударыңыз

Нотариалдық кеңсе, мөр басу, құқықтық ic-әрекетке қабілеттілік, сенімхатты куәландыру, сенім білдірілген тұлға, материалдық құндылықтар, белгілі бір мерзім, хат-хабар алу, ic жүргізу, құқық беру, өз күшін сақтау, сенім білдіруші, жеке адам, қол қою, салық алу, жеке басын анықтау, есептерді пайдалану.


3-жаттығу. Сенімхат үлгісімен танысу.
СЕНІМХАТ

2007 жылғы 21 қантар,Павлодар қаласы

Мен, азамат Жубанов Қайрат, мекенжайым: Павлодар қала­сы, Әуезов көшесі, 16-үй, 25-пәтер, Қазақстан Республикасының ІІМ 1995 жылғы 12 наурызда берген жеке куәлігімнің №645782131, Павлодар қаласы, Абай даңғылы 56-үй, 45-пәтерде тұратын азамат Ержанов Асылбектің, Қазақстан Республикасының ІІМ 1998 жылғы 14 қарашада берген жеке куәлігінің №925168111, Павлодар қаласы, Гагарин даңғылы, 34 мекенжайындағы үйімді сату үшін жүргізуге сенім беремін.

Бұл үшін азамат Ержанов Асылбекті менің атымнан мәміле жасауға; анықтамалар мен құжаттар алуға; орныма қол қоюға өкілетті етемін.

Сенімхат 2001 жылдың 20 сәуіріне дейін берілген.
2007 жылғы 21 қаңтар қолы
Осы сенімхатты 2007 жылғы 21 қантарда мен, Бижанова Алмагүл, Павлодар қаласындағы лицензия №001911 "Сенім" нотариалдық кеңсенің нотариусы, куәландырдым. Сенімхатқа менің қатысуым кезінде азамат Жубанов Қайрат қол қойды.

Сенім білдірушінің жеке басы анықталды, құқықтық ic-әрекетке қабілеттілігі тексерілді. Сенімхат мәтіні дауыстап оқылды, №22 тізбеге тіркелді. Мемлекеттік салық алынды: 1300 (бір мын үш жүз) теңге.


Нотариус қолы

мөр орны
4-жаттығу. Мәтін бойынша сұрақ жауаптарын жазыңыз.


  1. Сенімхатта сенім білдіруші кім?

  2. Сенім білдіруші кімге сенім білдірген?

  3. Қандай іс-әрекетке сенім білдірген?

Нотариалдық кеңседе сенімхат қалай куәландырылған?
5-жаттығу. Сенімхат үлгілерімен танысыңыз.


Пәтерді жекешелендіру жөніндегі

CEHIMXAT

2006 жылғы 7 қантар, Семей қаласы

Мен, азамат Өмірбек Нұрқанат, мекенжайым: Семей қаласы, Пушкин көшесі, 22-үй, 14-пәтер, Қазақстан Республикасының ІІМ 1993 жылғы 25 қазанда берген жеке куәлігімнің № 525821322, Семей қаласы, Абай көшесі, 31-үй, 54-пәтерде туратын азамат Сапарбеков Нұржан Омарбекұлына, Қазақстан Республикасының ІІМ 1995 жылғы 21 ақпанда берген жеке куәлігінің № 16235489, Семей қаласы, Пушкин көшесі, 22 мекенжайындағы пәтерімді жекешелендіруге сенім білдіремін.

Бұл үшін азамат Сапарбеков Нұржан Омарбекұлын менің атымнан өтініш жазуға; қажетті қужаттарды алуға; оларды мемлекеттік органдарға тіркеуге; мүлік иесі ретінде мені салық инспекциясына белгілеуге; аталған тапсырмаларды орындауға қатысты барлық құжаттарға менің орныма қол қоюға өкілетті етемін.

Сенімхат 2 айға дейін өз күшінде.


2006 жылғы 7 қаңтар ќолы____________

Осы сенімхатты 2007 жылғы 7 қаңтарда мен, Жолдасов Арман, лицензия № 001445 "Сенім" нотариалдық, кеңсесінің нотариусы куәландырдым. Сенімхатқа менің қатысуым кезінде азамат Өмірбеков Нұрқанат қол қойды.

Сенім білдірушінің жеке басы анықталды, құқықтық ic-әрекетке қабілеттілігі тексерілді. Сенімхат мәтіні дауыстап оқылады, №11 тізбеге тіркелді. Мемлекеттік салық алынды: 1300 (бір мын үш жуз) теңге.


Нотариус қолы ____________________

мөр орны


СEHIMXAT

2007 жылғы 20 cәyip,Павлодар қаласы

Мен, сүт өнімдерін өндіретін "Агропродукт — Асептик" ЖШС-ның президенті, Ербол Алтайұлы аталған кәсіпорынның менеджері Бақыт Сағатұлына (жеке куәлігінің №00144115, мекенжайы — Павлодар қаласы, Достық көшесі, 315-үй, 78-пәтер) Семей қаласындағы "Айналайын" ААЌ-мен мәміле жасауға сенім білдіремін.

Бұл үшін менеджер Бақыт Сағатулына менің орныма қол қоюға; мәміле барысында келісімшарт талаптарына қажетті өзгерістер енгізуге құқұқ беремін.

Осы сенімхат бойынша өкілдікті басқа тұлғаларға беруге болмайды.

Сенімхат 15 күнге берілді.

I 2007 жылғы 20 cєyip қолы

Осы сенімхатты 2007 жылгы 20 сәуірде мен, Досанова Айна, лицензия № 00255 "Айқын" нотариалдык кеңсенің но­тариусы, куәландырдым. Сенімхатка менің катысуым кезінде азамат Ербол Алтайұлы қол қойды.

Сенім білдірушінің жеке басы анықталды, құқықтық ic-єрекетке қабілеттілігі тексерілді. Сенімхат мєтіні дауыстап оқылды, № 21 тізбеге тіркелді. Мемлекетік салыќ алынды: 500 (бес жұз) теңге.

Нотариус қолы

Мөр орны
6-жаттыѓу. Сөз -тіркестерімен сөйлемдер құрастырьңыз

Сенімхат жазу, сенімхатты куәландыру, сенімхатпен танысу, сеіммхаттьң мәтіні, сенімхатқа қол қою, сенімхатта көрсету, сеіммхаттан бас тарту

Сенімхаттағы модельді есте сақтаңыз


Ќ. Досановты менің атымнан өтініш жазуға өкілетті етемін

Ќ. Досановқа менің атымнан өтініш жазуѓа құқұқ беремін




7-жаттығу. Жағдаятар бойынша сенімхат жазығыз

  • Машина жұргізу құқығын беру туралы

  • Тұғын үйді сату құқығын беру туралы

  • Мәміле жасау құқығын беру туралы


,

ҚОЛХАТ

Қолхат — белгілі 6ip құндылықтардың (құжат, мөлік, зат, ақша) алынғанын куәландыратын ресми құжаттың 6ipi. Қолхатта ең алдымен қолхат беруші жєне қолхат алушының аты-жөні, мекенжайы, жеке куәліктерінің нөмірі жєне ќолхат берушінің не алғаны жазылады. Содан кейін қолхат берушінің міндеттемелері керсетіледі. Ќолхат үш дана етіп жасалып, нотариалдық кеңседе куәландырылады. Бip данасы сол кеңседе, екінші данасы қолхат берушіде, ал үшінші данасы қолхат алушыда сақталады.



1-жаттыѓу. Сұрақтарға жауап беріңіз

  1. Қолхат — қандай құжат?

  2. Қолхатта қолхат беруші мен қолхат алушы туралы қандай мәліметтер көрсетілуі тиіс?

  3. Қолхат неше дана етіп жасалады?

  4. Олар кімде сақталады?

2-жаттығу. Қолхат үлгілерін оқыңыз

Қолхат


Павлодар қаласы, 2006 жылғы он төртінші қазан

(қолхат берілген орын мен дата қолмен жазылады)

Мен, азамат, Асқар Жұманұлы, мекенжайым Павлодар қала­сы, Абай көшесі, 36-ұй, 14-пәтер, Қазқстан Республикасының ІІМ 1999 жылѓы 16 ақпанда берген жеке куәлігімнің №88855214, Павлодар қаласыҚұрманғазы көшieci, 56-үй, 21-пєтерде тұратын азамат Оспан Қанатұлынан, Қазақстан Республикасының ІІМ 2001 жылғы 14 тамызда берген жеке куәлігінің ѓ 554498411, бес жүз мың (500 000) теңге алдым.

Мен алынған ақшаны 2007 жылѓы 14 тамызда қайтаруға, қайтармаған жағдайда 25 % көлемінде айып төлеуге;

— мекенжайым өзгерген жағдайда бұл туралы үш күн мерзім ішінде хабарлауға міндеттенемін.

Осы қолхат үш дана етіп жасалған, 6ip данасы № 1 нотариалдық кеңседе тіркелген, екінші данасы азамат Асқар Жұманұлында, үшінші данасы Оспан Канатұлында сақталады.



2007 жылѓы 14 қазан тараптардың қолы

З-жаттығ. Сұктардың жауабын кестеге толтырыңыз


  1. Қолхат 6epyшi кiм?




  1. Қолхат алушы кім?

  2. Қолхат 6epyшi қанша

теңге алѓан?

4. Қолхат беруші не icтeyre

міндеттенед?

5. Қолхат неше дана етіп

жасалған?

Есте сақтаңыз


міндеттенемін — кепілдік беремін


4-жаттыѓу. Сөз тіркестерін аударыңыз

Келісімшартқа сәйкес, үш күн мерзім ішінде, үш дана,
кеңседе тіркелген, мекенжайы өзгерген жағдайда, ақшаны
қайтару, қайтаруға міндеттену, пайыз төлеп түруға, мерзімінде
ќа
йтару, қолхат беру.

Қолхат


Мен, Болысова Гүлмира, С.Торайгыров атындағы ПМУ, жєне қазақ филологиясы кафедрасының аға оқытушысы, университет кітапханасынан сабақ үстінде пайдалануға 10 (он) дана "Қазақ тілі" оқулығын алдым. Оқулықтарды 2006-2007 оқу жылының соңында қайтаруға міндеттенемін.

Қазақстан Республикасының ІІМ 1998 жылғы 23 мамырда берген жеке куәлігімнің № 111344032

Болысова Гүлмира 11.01. 2006ж.

6-жаттығу. Сұрақтардың жауабын кестеге толтырыңыз


  1. Қолхат беруші кім?

  2. Ол қайда жұмыс істейді?

  3. Ол кітапханадан кандай

оқулықтар алған?

7. Оқулықтарды қашан
қайтаруға міндеттенеді?
7-жаттығу. Дұрыс құрастырылған сөйлемді табыңыз

  1. Жасалған, 2006, жылы келісімшартқа, сәйкес төлеп, тұруға пайыз, міндеттенемін.

  2. Міндеттенемін, 2007 жылы, жасалған, сәйкес келісімшартқа, пайыз, төлеп, тұруға.

  3. 2007 жылы, жасалған, келісімшартқа, сәйкес, пайыз, төлеп, тұруга міндеттенемін.

  4. Келісімшартқа, сәйкес, 2007 жылы, жасалған пайыз, төлеп тұруга, міндеттенемін.


8-жаттығу. Жағдаятгар бойынша қолхат жазыңыз

  • Қарызға ақша алу

  • Мекемеден уақытша пайдалануға компьютер алу

  • Мекеме бухгалтериясынан несие алу.


Бұрыштама(Резолюция).

Бұрыштама- келіп түскен іс қағаздарының бұрышына жазатын мекеме басшысының қысқаша ңұсқауы.

Бұрыштама жазу- түскен құжат мазмұнымен сіздің танысқандығыңыздың ғана емес, соымен қатар ол бойынша шешім қабылдағандығыңыздың, ңұсқау бергендігіңіздің белгісі. Сіздің күнделікті танвсып, ңұсқау беретен құжаттардың сан түрлігіне қарай, жазылатын бұрыштама түрі де соншалықты көп болуы мүмкін. Нң бастысы бұрыштама қысқа жазылуы керек. Онда ңұсқауды орындауға тиіс адам мен орындалу мерзімі анық көрсетілуі керек. Не істеу керектігі де нақты көрсетілуі тиіс. Бұрыштамада мағынасы екіұшты сөздер жазылмайды.

Бұрыштама үлгісі:

«Таныстым» (күн, қол, тегі), «Келісемін» (күн,қол, тегі ), «Қарсы емеспін», «Мәселе қаралады», «Бекітемін», «Бекітілсін», «Қабылданбайды».

Бұрыштама құжатын бірінші бетінің жоғары жағына жазылады. Брошюра түріндегі құжаттардың мұқабасына жазылады.

Қаламен, мүмкіндігінше анық, үлкендеу етіп, қысқартуларсыз жазу керек. Ңұсқауды орындау тапсырылатын адамның тегі, аты-жөнінің басқа әріптері, орындау мерзімі анық жазылады, ай мерзімі екі санмен көрсетіледі. Мысалы, наурыз- 03(«3»емес), қаңтар-01(«1» емес). Бұрыштама да ресми стильде жазылады. Басы артық сөздер қолданылмай, істің негізгі мәні ғаны айтылады. Бұрыштама соңына күні жазылып, басшы қолы қойылады немесе тегісі жазылады.

Түйіндеме (Резюме).

Резюме француз тілінен алынған термин. «Айтылған я жазылған мәселенің қысқаша түйіні» деген мағына береді.

Түйіндеме – белгілі бір тұлғаның өмірбаяны, білімі, мамандағы, кәсіптік шеберлігі, біліктілігі, икемділігі, жайы нақты, қысқа мәлімет беретін іс қағазының бір түрі.

Жазылған түіндеме сіз туралы мәлімет беру үшін, онда сіздің біліміңіз, біліктілігіңіз, жеткен жетістігіңіз, жұмыс тәжірибеңіз, не нәрсеге икемділігіңіз бар екені айтылуы керек. Түйіндеме сіздің кең көлемдегі визит карточкаңыз іспеттес. Түіндеме жазуда сіздің мақсатыңыз – өз өмірбаяныңыз бен жұмыс тәжірибеңізді, мамандығыңызды, икемділігіңізді ұтымды қөрсете білу. Осы арқылы ойлаған жұмыс орнына қол жеткізу. Осыыған орай, түйіндеме қалай жазылу керек деген мәселеге де тоқтата кетейк.

Түйіндеме жазуы неден бастау? Алдымен мына құжаттарды даярлап.

1). орта білім туралы аттестат;

2 ) орта дережелі арнайы немесе жоғары оқу орнын бітіргендігіңіз жөніндегі диплом (егер сіз бірнеше оқу орнын бітірсеңіз, оның бәрін алдыңызға дайындап қойыңыз);

3 ) түрлі курстарды (шет тілдері, хатшылық, іс жүргізушілік, қайта дайындау, білім көтеру т. б.) бітіргендігіңіз жөніндегі куәлік, анықтама т. б. құжаттар;

4 ) еңбек кітапшасы немесе оның көшірмесі;

5) штаттан тыс істеген жұмыс орындарыңыз бен ондағы атқарған қызметтеріңіз жөнінде мәлімет;

6) алған марапаттарыңыз жөніндегі құжат;

7) соңғы жұмыс я оқу орындарынан алған мінездемелеріңіз;

8) сіздің көздеген жұмыс орнын алуға септігі тиеді, практикплық мәні болуы мүкін деп тапсаңыз, атқарған қоғамдық жұмыстарыңыз, қатысқан бірлестік, клуб, секцияларыңыз туралы мәліметтерді де дайындау керек.

Егер ғылыми дәрежеңіз болса оны қалыптасқан редакциясымен көрсетесіз. Мысалы, «техника ғылымының кандидаты» «биология магистрі» т.б.

Жасаған еңбектеріңіз, шыққан кітаптарыңыз болса, маңыздыларын атап көрсетесіз.

Қызмет бабымен, турист ретінде жасаған шетелдік сапарларыңыз да көрсетіледі. Шет тілін білу дережеңіз, компютерді қаншалықты игергендігіңіз де көрсетіледі.

Жеңіл автокөлік немесе транспорттың басқа түрін жүргізе алатындығыңызды көрсету де артық болмайды.

Сіздің маман ретіндегі бейнеңізді толлықтыратын, аша түсетін өз мінезіңіздің кейбір жақсы қырларын да атап өтіңіз. Басшылық, жетекшілік, ғылыми жұмыстарға икемділігіңіз болса, ол да назардан тыс қалмасын.

Енді дайындаған құжаттар мен жазбаларды қайталап бір оқып шығып, керекті мәліметтерді ойша реттеп алып түйіндеменің қолжазбасын дайындауға кірісіңіз. Жоғарыда айтылған құжаттар мен мәліметтерде дайындап алғаннан кейін түйіндеме жазып шығу қиын болмайды. Ең бастысы ол мәліметтерді ретімен, қысқа, нақты бере білу. Қашан, қайда оқыдыңыз, қайта, кім болып істедіңіз, қайта, қашан біліміңізді көтердіңіз, тәжірибе жинақтадыңыз? Айтылған негізгі мәселелер осы. Қысқасы, «не, қайда, қашан» екендігі жазылады.

Мәтінге сонымен қатар:

1) жеке басыңыз туралы мағлұмат(аты-жөніңіз, тегініз, туған күніңіз, жылыңыз, туған жеріңіз);

2) кім болап істегіңіз келетіндігі;

3) өз координатыңыз – үй, жұмыс телефоны, сізбен хабарлаусуға болатын уақыт мерзімі де кіреді.

Түйіндемені оқыған кезде сіздің алға қойган мақсатыңыз айқын көрініп тұруы керек, яғни, мекеме басшысы сіздің кім болып істегіңіз келетінін түйіндемені оқығанда бірден ұғатындай болғаны дұрыс.

Жеке басыңыздың қасиеттерін атап көрсеткен кезде, оның сіздің тандап отырған жұмысыңызға орналасуға септігі тиетіндігі басты назарда болуы керек. Мысалы, сіз жарнама агенті болып орналасқалы келсеңіз түйіндемеге адамдармен жақсы қарым- қатынас жасай алатындығыңыз, тапқырлығыңыз, интуицияңыз, адам психологиясын жақсы білетіндігіңіз сияқты қасиеттер жазылуы керек. Егер бастауыш сынып оқытушысы болғыңыз келсе, балаларды жазылуы керек. Жиналған мәліметтерді түйіндемеге берудің 2 жолы бар: хронологиялық және функционалдық.

Хронологиялық тәсілі.

Алдымен қазір істеп жүрген жұмысыңыз көрсетіледі де, ары қарай хронологиялық ретпен жазылады. Яғни, соңғы сіздің бірінші жұмыс орныңыз, я болмас бірінш аяқталған оқу орны жазылады.

Егер сіздің жұмыс стажыңыз көп болса, алдымен кәсіптік жолыңызды көрсеткеніңіз дұрыс. Ал оқу орнын жаңа аяқтаған, қызметті жаңа бастағалы тұрған адам оқыған оқу орны, алған мамандығы жайлы мәселені баста назарда ұстайды.

Функционалдық тәсіл. Бұл тәсіл білімі мен біліктілігі, жұмыс тәжірибесі мол адамға лайықты. Мұнда жұмыс стаже кері хронологиялық ретпен беріледі де, одан кейін білімі жайлы мәліметтер көрсетіледі. Егер бір мекемеде бірнеше жыл қатарында істесеніз, онда жұмысыңыздың жалпы сипаты өзгермеген болса, бәрін тізіп жатпай-ақ, қысқаша жазуға болады. Мысалы, «1991-1999жылдар аралығында Машина жасау заводында экономист, аға экономист, директордың орынбасары қызметтерін атқардым».

Соңғы жұмыс орнына немесе жеке адамның атынан алынған кепілдеме болса, оның бар екенідігі түйіндемеде бір сөзбен айтылуы керек. Қажет деп тапқан жағдайда ол түйіндемемен бірге тапсырылады.

Типтік түйіндеменің құрылымы төмендегідей болады;

1) құжат аты;

2) ізденушінің жеке басы туралы мәлімет (аты-жөні, туған күні, жылы туған жері);

3) ізденушінің мекен-жайы, телефон;

4) түйіндеме авторы үміттеніп отырған ваканция;

5) істеген жұмыс орны мен оқыған оқу орны, атқарған қызметі, мамандығы көрсетілген негізгі мәтін;

6) қоғамдық, кәсіптік т.б. жұмыстары туралы қосымша мәлімет,

7) кейбір қосымша мәліметтер (шет тілдері, шетел сапарлары, автомобиль жүргізе білетіндегі т. б.);

8)ғылыми дережесі, марапаттары туралы мәлімет (бұл жөніндегі жазу міндетті емес);

9) үміттенген ваканцияға қатысты кейбір жеке бас қасиеттері, икемділігі (бұ бөлім де міндетті емес);

10) қосымша ақпарат (ізденуші қалаунша жазылады);

11) кепілдеме;

12) түйіндеменің жазылған күні;

13) ізденуші қолы.

Кей жағдайда «түйіндеме» дген сөз тақырып ретінде жазылмайды. Оның орнына үлкен шрифтімен ізденушінің аты-жөні, тұған жері жазылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет