49
майға қуырған соң майда туралған петрушка мен помидор қосып сорпаға
саласыз. Сорпа дайын болардан 5 минут бұрын алдын ала қайнатылған квас
құясыз, қызыл бұрыш қосасыз. Отын сөндіріп 15-20 минуттай қоя тұрасыз.
Дастарқанға әкелерде сорпаны тарелкаларға құйып, әрқайсысына лимон
кесіндісін салып, тұралған аскөк себелейсіз.
Сорпаға – 2,5 литрдей ет сорпасы, 20 түйір жас үрмебұршақ қыншалары
, 2 помидор, 250 г капуста, 2 картоп, 0,5-0,8 литрдей квас, пияз, сәбіз,
петрушка, аскөк пен қызыл бұрыш, тұз қалағаңызша.
Молдован борщы
Қой етінен сорпа пісіріледі. Қайнап жатқан осы сорпаға капуста
салынады, туралған картоп, алдын ала қуырып бұқтырған сәбіз, петрушка,
балдыркөк пен пияз салып, 10 минуттай пісіресіз. Біраздан соң томат пен сірке
суын қосып бұқтырылған қызылша қосасыз да біраз пісіріп, қайнатылған квас,
үгітілген сарымсақ, бұрыш, тұз, лавр жапырағын салып тағы бір қайнатып,
отын сөндіріп қоясыз. Борщка қаймақ қосып, майдаланған тәтті және ащы
қызыл бұрыш, аскөк, петрушка турап салып араластырып, 20 минуттай қоя
тұрасыз.
Тарелкаларға құйып , үстіне үгітілген сарымсақ пен туралған көктер
салып дастарқанға әкелесіз.
Сорпаға – 400 г қой еті, 300-500 г капуста, 5-6 түйір картоп, 1 түйірден
сәбіз бен петрушка, 1 ас қасық томат-пюре, 2 ас қасық сірке су, 1 түйір
қызылшаның жартысы, 4 ас қасық май, 4 ас қасық қаймақ, бір-бір түйір ащы
және тәтті қызыл бұрыш, жарты стакан квас, тұз бен көктер қалағаныңызша.
Достарыңызбен бөлісу: