50
Бұған керегі – 4-5 баклажан, 4-5 кәді, 2 стакан пияз тұздығы, 1 стакан
өсімдік майы, 4-5 помидор, 10-15 картоп,
сарымсақ пен аскөк , петрушка,
бұрыш пен тұз қалағаныңызша.
Молдованның сүт пен күріш қосқан асқабағы
Күрішті жуып, өте аз суда пісіресіз де қайнап жатқан сүтке салып тағы
да 10-15 минут пісіресіз. Біраздан соң төртбұрыштап туралған асқабақ салып,
дайын болғанша пісіресіз. Дайын болар кезде қант қосасыз.
Бұған керегі – 400 г асқабақ, 1 стакан күріш, 1 л сүт, қант қалауыңызша.
Молдованның қаймақ тұздығындағы картоп пен кәдісі
Осының алдындағы тағамдай етіп дайындалған
картоп пен кәділерді
қаймақ тұздығын қосып 5-8 минуттай қайнатасыз да отын бәсеңдетіп,
татымына қарай тұз, ьұрыш қосасыз. Дайын болғанда қызыл помидор турап
қосып дастарқанға әкелесіз.
Бұған керегі – 2 кәді, 10-15 картоп, 1
стакан қаймақ тұздығы, жарты
стакан өсімдік майы, 4 помидор, көктер, бұрыш пен тұз қалауңызша.
Достарыңызбен бөлісу: