Б. М. Демеуова әлем халықтарының тамақтану дәСТҮрлері мен мәдениеті



Pdf көрінісі
бет1/45
Дата23.10.2023
өлшемі0,87 Mb.
#187686
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45
Байланысты:
Демеуова-Б.М.-Әлем-халықтарының-тамақтану-дәстүрлері-мен-мәдениеті



«ТҰРАН» УНИВЕРСИТЕТІ 
Б.М. ДЕМЕУОВА 
ӘЛЕМ ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ ТАМАҚТАНУ 
ДӘСТҮРЛЕРІ МЕН МӘДЕНИЕТІ
 
Оқу-əдістемелік құрал 
Алматы 
2020


ӘОЖ 725.71 
КБЖ 65.431.14 
Д30 
Баспаға «Тұран» университетінің Ғылыми кеңесі ұсынған 
(09.04.2020 ж. № 11 хаттама) 
Демеуова Б.М. 
Д30 Әлем халықтарының тамақтану дәстүрлері мен мәдениеті: Оқу-әдістемелік 
құрал/ Б.М. Демеуова – Алматы: «Тұран» Университеті, 2020. – 59 б. 
© Демеуова Б.М., 2020 
© «Тұран» Университеті, 2020
 



Кіріспе 
 
Ас әзірлеу және тамақтану дәстүрі ұлттық мәдениеттің ажырамас бөлігі болып 
табылады. Әр ұлттың тағамдары өзіне ғана тән дәмімен, ал тамақтану дәстүрі көптеген 
ғұрыптарымен ерекшеленеді. Ежелден бері ұйғыр халқы ас әзірлеуге және оның дәміне 
ерекше көңіл бөлген. Олардың арасында еттен және дәнді дақылдардын дайындалатын 
тағамдардың орны ерекше болған. Сонымен қатар, ұйғыр халқының тамаша қасиеттерінің 
ішінде қонақжайлылықты ерекше атауға болады. Үйге келген қонақтар өзімен бірге құт-
береке әкеледі деп саналады. Сол себепті, қандай жағдай болса да қонақтарды ерекше 
ықыласпен қарсы алу дәстүрге айналған.
 
Ұлттық тағамдар
— нақты бір ұлтпен байланыстылатын аспаздық тағам. Ұлттық 
тағамдардың ерекшеліктері: 

ұлттық тағам ерекше жолмен дайындауға болатын, жергілікті қолжетімді азық-түлік 
пайдаланатын тағамдар; 

сол аймақта өсірілетін немесе өндірілген «экзотикалық» ингредиенті бар тағам; 

сол ұлттың салтына, дініне, дәстүрлерінің бір бөлігі ретінде немесе мерекелік 
аспаздық дәстүр ретінде берілетін тағам. 
Елдер бойынша кейбір ұлттық тағамдар: 
Хорватия: Паг ірімшігі - бұл әйгілі ірімшікті Паг аралында саулық сүтінен дайныдайды. 
Италия: пицца - классикалық пицца өте жұқа қамырдан әзірленеді. Оның ішіне қызанақ, 
моцарелла және түрлі ет тағамын салады. 
Қытай: сяо лонг бао - сорпада қалқып жүретін тұшпаралар. Оның пішіні хинкалиді еске 
түсіреді. Алайда оны әртүрлі сұрыптағы етпен бамбук себетіне дайындайды. 
Үндістан: тандури тауығы - йогурт пен дәмдеуіште маринадталған тауық еттерінің 
бөлігінен тұрады. Тандури тауығын көбіне үлкен саз балшықтан жасалған пеште 
дайындайды. 
Канада: путин - калорияға өте бай тағам. Оның құрамында фри картоптары, ірімшік және 
арнайы әзірленген соус бар. 
Аргентина: асадо - тағамды шоққа пісіріп, оған нан, салат, чимичурри соусы және қызыл 
шарап қосып ішеді. 
Аустралия: бәліш-қалтқы - еттен жасалған бәліш. Қалтқы деп аталу себебі қалың асбұршақ 
сорпасы бар тәрелкеде қалқып тұрады. 
Грузия: хачапури - ішінде ірімшігі немесе жұмыртқасы болатын бұл шелпекті бәріңіз 
білетін шығарсыздар. 
Голландия: майшабақ - Голландиялықтар майшабақты бөлкемен және уақтап туралған 
жуамен жегенді жақсы көреді. 
Жапония: кацудон - жұмыртқа қосылған жаншылған шошқа еті. Оның үстіне күріш салады. 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет