Б. Мағзұмов МӘтін лингвистикасы


Мәтіннің ақпараттылығы мен модальділігі



бет15/44
Дата22.12.2023
өлшемі0,51 Mb.
#198705
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   44
Байланысты:
Á. Ìà?ç?ìîâ Ì?ò³í ëèíãâèñòèêàñû

2.3 Мәтіннің ақпараттылығы мен модальділігі
2.3.1 Мазмұндық-фактуалды ақпарат
Мазмұндық-фактуалды ақпарат – фактілер, өзімізді қоршаған әлемде болған, болып жатқан, болатын оқиғалар, үдерістер туралы хабарлайды. Ол номиналды тізбек деп аталатын сөйлеу тақырыбының тікелей атауы, аса маңызды тақырыптық топтарда өз көрінісін табады.
Негізгі номиналдық тізбек бүкіл мәтіннің бойымен өтіп, тұтас мәтіннің тақырыбының өкілі болып, басты ақпаратты (тақырыптық тізбені) қосымшасынан айыруға көмектеседі.
Мазмұндық-фактуалды ақпарат өз табиғатында эксплицитті, вербалды айтылады. Ол барлық мәтіндерде (сөйлеу шығармаларында) бар. Автордың ойы мазмұндық-концептуалды және мазмұндық-астарлы мәтінді ақпаратта да, мәтін модальділігінде де көрініс тауып, ең алдымен көркем және публицистикалық мәтіндерде (жекелеген жанрларында) байқалады; ғылыми және іскерлік жанрларда байқалмайды, байқалмайды деуге болады.


Мазмұндық-концептуалды ақпарат


Мазмұндық-концептуалды ақпарат оқырманға мазмұндық-фактуалды ақпарат құралдарында сипатталған құбылыстар арасындағы қатынастарды, олардың себеп-салдар байланыстарын, индивидуумдар арасындағы қатынасты, қоса алғанда халықтың әлеуметтік, экономикалық, саяси, мәдени өміріндегі, оларды автордың өзінің қалай түсінгенін хабарлайды.
Мұндай ақпарат бүкіл шығармадан алынып, қоғамда болып жатқан және жазушы жасаған немесе оның қиялындағы әлемде болып жатқан қатынастарды, фактілерді, оқиғаларды, үдерістерді шығармашылықпен пайымдауды білдіреді. Мазмұндық-концептуалды ақпарат кейде жеткілікті айқын айтылмайды, сондықтан түрліше ұғындыруға мүмкіндік береді.
Мазұндық-концептуалды ақпаратты ашуда мазмұндық-фактуалды ақпарат зор роль атқарады. Мазұндық-концептуалды ақпаратты барша оқырман барабар қабылдамағандықтан, көркем шығарма тек фактуалды ақпаратқа саятын, ал концептуалды оқырманға түсініксіз болатын жағдайлары жиі кездеседі. Бұл тіл материалының құралын пайдалана білмеудің салдарынан немесе оқырманның жалпы тезаурусының жетімсіздігінің, яғни оның сауаттылығының жетімсіздігінің, өнер туындысын бағалауға тиісінше тәжірибесінің болмауының салдарынан болады. Өнер шығармасының идеясын түсіндіруде мол тәжірибе жинаған оқырман концептуалды, яғни негізгі, бірақ жасырылған ақпаратты түрліше түсінуі мүмкін (идеяны түрліше түсіндіру ықтималдылығында кез-келген өнер шығармасының мәні жатыр). Концептуалды ақпаратты тұтас мәтін көлемінде ғана сезінуге (түсінуге) болады.
Мазмұндық-концептуалды ақпараттың толық болмаса да эпиграф пен эпилогта ашылуы жиі ұшырасады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   44




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет