Б. Мағзұмов МӘтін лингвистикасы


Мәтіннің құрылымдық тұтастығы



бет12/44
Дата22.12.2023
өлшемі0,51 Mb.
#198705
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   44
Байланысты:
Á. Ìà?ç?ìîâ Ì?ò³í ëèíãâèñòèêàñû

Мәтіннің құрылымдық тұтастығы

Күрделі фразалық тұтастық пен тұтас мәтіннің құрамына кіретін сөйлемдер тек тақырыптың ортақтығымен және коммуникативтік прогрессия қатынастарымен ғана емес, олардың бір бүтіннің бөлшектері екенін, өз жиынтығында құрылымдық бірлік құрайтынын көрсететін әр алуан сыртқы сигналдармен де байланысты.


Мәтіннің құрылымдық тұтастығы оның мағыналық (тақырыптық) және тұтастығының сыртқы көрінісі. Сондықтан күрделі фразалық тұтастық ішіндегі, тұтас мәтін ішіндегі тақырыптық, коммуникативтік және құрылымдық тұтастықты сипаттағанда әр қырынан көрінетін сол бір құбылысты ұшыратамыз. Оқшауланған сөйлемдерді қарастырғанда бұл құбылыстарға жеткілікті түсініктеме табыла қоймайды, олардың функциясы тек күрделі фразалық тұтастық пен тұтас мәтін шеңберінде ашылады, алайда олар күрделі фразалық тұтастықты, сондай-ақ тұтас мәтінді құрайтын сөйлемдер арасындағы сол жақты және оң жақты байланыстарды анықтауға белсене қатысып, мәтін түзуші функциясын атқарады.
Сондай-ақ сөйлемдер арасындағы және сөйлем ішіндегі бөліктері арасындағы анафоралық және катафоралық байланыстар байланыс құралдары болып табылады.
Анафоралық байланыстар (бір айтылымның мағынасы алдындағысына сілтеме болып келетін айтылымдар арасындағы қатынастар) күрделі фразалық тұтастық пен мәтінде ортаңғы және соңғы позициядағы сөйлемдердің мағыналық және құрылымдық дербессіздігін көрсетеді, яғни сол жақты байланыс қызметін атқарады. Мысалы:
Сіз оқулық сұрадыңыз ба? Менде ол жоқ.
Катафоралық қатынас (анафоралыққа керісінше) оң жақты, келесі байланыстың сигналы ретінде катафора мәтінде ортаңғы және алғашқы позициядағы сөйлемдердің құрылымдық және мағыналық дербессіздігін көрсетеді. Мысалы:
Анық бір нәрсе – менің кетуім керек
Сөйлемдер арасында И. Р. Гальперин, О. И. Москальская, Л. М. Лосева және басқа ғалымдар бөлген а) дәстүрлі грамматикалық және ә) логикалық байланыс құралдары құрылымдық байланыс сигналдары болып табылады.
Дәстүрлі-грамматикалық байланыс құралдарына: осыған байланысты, сондықтан, алайда, сол себепті, сияқты жалғаулықтар мен жалғаулық сөздер, барлық дейктикалық құралдар, көсемшелік және есімшелік орамдар, шақтарды қолдану және басқалары жатады. Бұл құралдар өзара жекелеген сөйлемдерді ғана емес, мәтіннің ірі үзінділері – күрделі фразалық тұтастық, абзацтарды, тіпті тарауларды байланыстырып, бұл тұрғыда когезия құралдарының мәртебесіне ие болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   44




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет