Б. О. Джолдошева из Института автоматики и информационных технологий нан кр, г. Бишкек; «Cинтез кибернетических автоматических систем с использованием эталонной модели»



бет215/320
Дата06.02.2022
өлшемі28,25 Mb.
#34664
түріСборник
1   ...   211   212   213   214   215   216   217   218   ...   320
ЭЛЕКТРОНДЫҚ ТІЛАШАРЛАР – ЕРТЕҢГІ
ЭЛЕКТРОНДЫҚ ҮКІМЕТ НЕГІЗІ


Мұхтарбай Өтелбаев*, Дәуренбек Әзенұлы Әубәкір, Күнсұлу Ерғалиева

*ҚР ҰҒА академигі, физика-математика ғылымдарының докторы,


Л.Н.Гумилев ат-ғы ЕҰУ һәм М.В.Ломоносов ат-ғы ММУ профессоры,
ҚР Мемлекеттік және «Алтын адам» сыйлықтарының иегері.


Кіріспе. Бүгіндері адам өміріне электроника, информатика (математикамен аралас-құралас) өте күрделі өзгерістер енгізді. Алдымыздағы жылдары информациология – ақпараттандыру дами түседі. Мысалға, «электрондық тәржімалағыш» адам баласы бір-бірімен сөйлесуге шексіз мүмкіндік жасайды. Әркім бір ғана – ана тілін білсе жеткілікті болады. Бұл жаһандану үрдісіндегі кедергілердің біразын алып тастайды. Көп елдердің жаһандануға қарсы болуына – ана тілімізден ажырап, ұмытып кетеміз деген қорқыныш себеп болып отыр. «Электрондық тәржімалағыштарға» ұлы халықтар кедергі жасауы мүмкін. Мысалы испан тілінде сөйлесетіндер (олар 300 млн-нан астам) кечуа тілінен кез келген тілге аудара алатын аударғыш пайда болуына немқұрайлы қарайды. Себебі, олар кечуалар испан тілін қабылдап, өз тілін және мәдениетін ұмытып кеткенін қалайды. Қытай немесе ТМД елдер территориясында одан да тұрпайы мысалдар бар. Осындай жағдайға қарамастан, тәржімалағыштар сөз жоқ пайда болады, бес-он жыл ішінде бізге де жетеді. Алдымыздағы жылдары бізді роботизация дәуірі күтіп тұр. Ол да электроника, математика, жасанды зерде ілімі және кибернетиканың дамуына тікелей байланысты.
Адам өркениеті дами береді, өрісі, меңгерген техникасы кеңейе береді, кеңейе береді, сөйтіп жаңғырмалы – инновациялық тәсіл-айла, технологиялардың небір ғажайыптары арқасында ғарыш кеңістігінің тұңғиықтарына шейін өз-өзінен қалпына келіп отыратын қуат көздеріне негізделген ноосфералық білім мен тәсіл-айлаларға – технологияларға сүйене отырып, игеріп алады. Яғни, қол-созымдағы ертеңгінің ғылыми тірегі ноосферология болмақ [1-3]. Ал оның қарастырылып отырған мәселеге байланысты бір бағыты һәм салдары жасанды зерде, табиғи зерде ұғымдарының математикалық лингвистиканың метатеориясы арқылы бір-бірімен қабысып, үйлесім табуы болмақ.
Елімізде «электрондық үкімет – e-үкімет» (ЭҮ) жүйесі қалыптастырыла бастады. Осы үрдіске байланысты көкейде жүрген біраз ойларымызды ортаға салып, қалайда төл тіліміздің жоғары мәртебесін сақтап қалу амалын қауымдасып зерделесек деген үмітпен төменде өз ұсыныстарымызды мамандар талқысына жолдамақпыз ([4-5] әдебиет көздерін қосымша қараңыз!).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   211   212   213   214   215   216   217   218   ...   320




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет