Қосар ойымыз бен нақты іс-қимылымыз:
«Шайтан арбаны қайта-қайта жасауға талпынғанша», дұние жүзіне ширек ғасырдың ары-берісінде тарап үлгерген, содан таралуы жағынан «әлемдік тіл» деген дәрежеге жеткен ағылшын тілінің “тәжірибесін” неге пайдаланбасқа. Математика, жаратылыстану және техникалық, технологиялық ғылым-білім салалары үшін «Английский для математиков», «Английский для физиков», «Английский для химиков», «Английский для естественников» «Технический английский» – дегендейіндер ағылшын тілін сондай мәртебеге жеткізді емес пе?! БҒМ тарапынан ұсыныс түссе, біздің Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті де осыларға ұқсас «Математиканың қазақшасы», «Физиканың қазақшасы», «Химияның қазақшасы», «Техниканың қазақшасы», «Технологияның қазақшасы», «Кибернетиканың қазақшасы» т. б. кәсіби ортаға бейімделген бірер оқулық құралдар жасақтауға қатысады – деп те жұртшылықты сендіре аламыз.
Жарияланып отырған ұсыныстарымызды жүзеге асыруға келтірмейтіндей кедергі бүгінгі күні жоқ деуге әбден болады. Компьютерлендіру үрдісінің бүгінгі және жақын болашақтағы даму қарқыны біздің қолға алатын ісіміздің оң шешілетініне жеткілікті кепілдік бола алады. Егер тек мәтіндік деңгейде қарасақ, онда мәселенің шешімі бүгіндері-ақ көрініп тұр десек, қателеспейміз. Бұған бір нәрсе ғана кішігірім кедергі – ол тілімізде осы күнге дейін қазақ-латын транслитерациялық жүйесінің стандартталмауы. Бұл мәселе көп ұзамай 2-3 жылда шешімін табатындығына сенімдіміз және де сол іске де үлес қосамыз.
Дыбыстауды қажет ететін фонемдік деңгейді алатын болсақ, қазақ-латын транслитерациялық жүйесін стандарттау кезінде төл тіліміздің фонетикасын һәм орфоэпиясын халықаралық стандартқа сай етіп, жөндеп алуды да қолға алмақпыз.
Осы жұмыстардың бәріне ғылыми-технологиялық негіз болатын математикалық лингвистиканың метатеориясын жасақтау да біздің құзырда болмақ.
Достарыңызбен бөлісу: |