болашақтың ұтқыр тауары, ол тәсіл-айлалық тұрғыдан мынадай сипаттарға ие болуы тиіс:
- бүгінгі технологиялар дамуының белгілі бір кезеңінің жемісі болатындай сипат, яки осы күнгі технологиялардың кемелдену жолында жасалына алатын, содан оны жасаған күнде технологиялық көшбасшылыққа бастай алатындығы;
- ол Жер шарының кез келген тұтынушысына ұғынықты, қажет һәм қолжетімді болуы талап етіледі;
- Қазақстанның бүгінгі даму қарқыны, ресурстары және де сол тауарды өндіріп шығаруға инфрақұрылымдық әлеуеті жеткілікті болуы шарт.
Енді осы тауарлар өндірілуінің, қармалануының стратегиясына тоқталатын болсақ, онда оған негіз болатын «әсіреқуаттылық», «әсіреқуатты» ұғымдарының сырын ашып, анықтама беріп алған дұрыс болар. Біз осы арада ертеректе баспа бетін көрген аналитикалық шолуымызға жүгінгенді жөн көріп отырмыз [5], себебі ол жарияланымға екі жыл толды, яки бұл – көзқарасымыз тұрақтанатындай уақыт. Ол еңбекте бұл сөздердің орнына «әлімжеттік» сөзі қолданылған еді, ал сол сөзді теріс мағынада («дедовщина») қолдану Терминкомның шешімімен тағайындықталған екен. Дегенмен де, біз «әлжетімді», «әлжетімділік» сөздерін оң мағынада жоғарыдағы «әсіреқуатты», «әсіреқуаттылық» деген сөздерімен тиісінше синоним ретінде қолданылғанын қалаймыз.
Достарыңызбен бөлісу: |